09
январь
2023
Мектеп дефектологының лауазымдық міндеттері
Педагог – дефектологтың лауазымдық міндеттері
- Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттілігі бар оқушылардың дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асыру;
- Анықталған дамуында ерекше қажеттілігі бар оқушылардың жас ерекшелігін және диагнозын ескере отырып топқа немесе жеке – дара жұмыс жасау тобына жинақтау;
- Оқушының психофизиологиялық ерекшелігін назарға ала отырып, жүргізілетін топтық және жеке - дара, түзете - дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу, жүргізу;
- Дамуында ерекшелігі бар оқушылардың жалпы тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, динамикасын зерттеу;
- Ерекше қажеттілігі бар балалардың даму динамикасын анықтау мақсатында сабақ барысында бақылауға;
- Оқуда ерекше қажеттілігі бар балаларды дұрыс оқыту мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасауға;
- Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың ата аналарымен, оларды алмастырушылармен байланыс орнатып, кеңес беруге;
- Өз кәсіби біліктілігімізді үнемі жетілдіріп отыруға;
- Жұмыс уақытысының кестесін сақтауға міндетті. Ертеңгі 7:30 – 18:00 дейін.
Педагог – дефектолог: Салденова Гульзия Болатбековна