Ата аналарға кеңес » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2022

Ата аналарға кеңес

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС


Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау– балаңыздың ЕНТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы.Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ЕНТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ЕНТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.