Қыркүйек айының айлық жоспары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Головацкий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қыркүйек айының айлық жоспары
16
март
2022

Қыркүйек айының айлық жоспары

Анықтама

2021 – 2022 оқу жылы

   Мектеп кітапханасы жалпы оқырмандар мен педагогтар, кеңес мүшелерімен бірлесе отырып егемен еліміздің саяси және мәдени рухани өміріндегі айрықша оқиғалар тақырыбында, мерекелік кештерде бірлесе отырып жұмыс істейді.

   Биылғы оқу жылында    оқушылар түгел оқулықпен қамтамасыз етілді.1 қазақ сыныбыны – 59,1 орыс сыныбына – 20,  3,7,8 қазақ, орыс сыныптарына  информатика оқулығы жаңадан  және 2 орыс сыныбына 7,8,қазақ, орыс сыныптарына қосымша оқулықтар келді, сонымен қатар 1 қазақ, орыс сыныптарының мұғалімдеріне  әдістемелік оқулықтар, 

13 Даналық әліппесі  атты көркем әдебиет келді. Кейбір жетпейтін оқулықтарды Абай, Жамбыл, Б. Момышұлы , Сыпатаев, Шоқан,Нуркент, Кішішыған,Көбіков  мектептерінен әкелініп, толықтырылды.

Биылғы оқу жылында келген  дана оқулық, бағасы  тенге, 

Есептен шығарылған – 1034 дана оқулық, бағасы 801289 теңге.

Жалпы кітап қоры 16874 дана, 

оның ішінде 11538 оқулықтар,

 5336 көркем әдебиет пен методикалар , 20086521,50 бағасы.

 Биылғы оқу жылында мектеп кітапханашылар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің  ұлы күші» кітап көрмесі, Тіл мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»«Оқуға құштар мектеп» 

Оқу қорындағы кітаптарды оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты 1 сыныптың оқулықтарын, 3,7,8 сыныптың информатика,   мектеп директорының  № 126 бұйрығы негізінде  есептен шығарылып, акт жасалынып есепшіге өткізілді.


                        Кітапханашылар: Ш. Түгельбаева, А.Қасенова


Анықтама

2021 -2022 оқу жылының басында қыркүйек айында жаңа келген әрбір оқырманмен және қайта тіркеуден өткен оқырман кітапханашы кітапхананы пайдалану тәртібімен және  ережелерімен  ауызша таныстырып отырды. 

  1. Кітапхананы пайдалану тәртібі
    1.     Кітапхана оқырмандарға абонементте қызмет көрсетеді.
    2. Оқырмандарға қызметіне кітапхана қорларын салалық құрамы әмбебап, дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштығы (CD – ROM,мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми – көпшілік, ғылыми – педагогикалық және әдістеме әдебиетінің қоры ұсынылады.
    3. Оқырмандарды кітапханаға жазу абонементте жүргізіледі:
  • Оқушылар – жекелген ретпен сыныптар (топтар) тізімі бойынша;
  • Педагогтар, мектеп қызметкерлері мен ата- аналар – жеке куәлігі бойынша;
    1. Әрбір оқырманға кітапхананы пайдалануға құқық беретін белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.  
  1. Кітапхана ережесі
    1. Кітап оқығанда орындыққа түзу отыр
    2. Кітапты ешқашан тамақ ішіп отырғанда, бөлменің жарығы нашар болғанда және жатып алып оқуға болмайды.
    3. Кітап бетін бүктеме, далаға тастама.
    4. Алған кітабыңның сыртын қашанда таза ұста.
    5. Кітапты жай, асықпай ой жүгіртіп оқысаң жақсы түсінесің.
    6. Кітапты арасынан теріп оқымай, соңына дейін оқы.
    7. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі жасайсың.
    8. Кітапты уақтысында қайтару керек.
    9. Ең жақсы сыйлық кітап деп түсін.
    10. Кітап сенің тілсіз ұстазың, оны ұмытпа.
    11. Кітапты жоғалтып алма. 

Кітапханашылар:Ш.Түгелбаева,А.Қасенова



Анықтама

2021 жыл 1қыркүйек Білім күні   мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Тәуелсіздікке қол жеткізген  Қазақстан туралы балаларға әңгімелету.

Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды.

1.Тұғыры биік Тәуелсіздік

2.Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

3. Президент ұсыныған 30 кітап

4.Тәуелсіз елім – Қазақстан

5. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап 

Дәйексөз:

1. Тәуелсіздіктің  тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз (Н.Назарбаев)

2.Біздің ең басты құныдылығымыз- Тәуелсіздігіміз (Н.Назарбаев)

3.Тәуелсіздіктің қайта оралғаны –біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан иенің жасаған әділдігі. Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорған қалғанының арқасы (Н.Назарбаев)

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Қасенова

 

Анықтама

   Қыркүйек айы 2021 жылы мектеп кітапханасында  Тіл мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»   атты  кітап көрмесін жалпы оқырман назарына ұсынды.

Мақсаты: 

1. Оқушылардың ойын дамытып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын  және тіл байлығын молайту;

2. Өздігінен ізденген балаға тілін одан әрі өрбітіп, ой мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру;

3. оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім- білік дағдысын қалыптастыру;

4. ой өрісін кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

5. оқушылардың еңбеккеқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, іздемпаздыққа тәрбиелеу;

6. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрды.

1. Тіл достықтың алтын көпірі

2.Жаса, жайна мәңгілік, ана тілім

3. Ана тілім – дана тілім

4. Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы

Дәйексөз: 

1. Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек. (А.Байтұрсынов)

2. Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін, барлық күш жігеріміді жұмсауға тиіспіз! (Н.Назарбаев)

3. Ана тіліміз біздің – ғасырдан – ғасырға, аман  жеткізген бірден – бір арымыз да, нарымыз да. (Н.Назарбаев)   

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі жалпы оқырманға арналды. 

(Ұйымдастырылған кітап көрмесі фейзбук парақшасында жарияланды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Қасенова




Анықтама

   2021 жыл қыркүйек айында мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап көрмесі және стенд қойылды. 

Мақсаты:                                 

  1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
  2. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  3. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыр. Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қоланады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.

  1. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
  2. Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
  3. Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби – классик жазушылардың шығармаларын оқуғу тарту, оқыған кітабын жарнамалауға, насихаттауға дағдыландыру.

«Оқуға құштар мектеп» атты кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

  1. 2021 жыл «Балалар әдебиеті жыл»
  2. Балалар әдебиеті – рухани қазына
  3. Кітап- сарқылмас рухани әлем
  4. «Бір ел – бір кітап»

Кітап көрмесі оқушыларға жыл бойы қызмет етеді. Ұйымдастырылған кітап көрмесі фейзбук парақшасында жарияланды

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Қасенова

 


Анықтама

  17 қыркүйек  2021 жылы   4 «А» сыныбында мектеп кітапханашылары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сынып сағатын өткізді.  

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
 2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Оқушылар тіл туралы өлеңдерді жатқа айтты және мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жалғастырды.

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Өткізілген сынып сағаты фейзбук парақшасында жарияланды.

                                                                                             

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Қасенова 







 


«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні:   17.09.2021ж

Сынып: 4 «А»

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім»  

Қатысқандар:                                    Қатыспағандар:

Кітапханашылар: Түгелбаева Ш., Қасенова А.

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
 2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларды ана тілінде жақсы сөйлеуге үйретіп, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Кітапханашының іс- әркеті

Оқушының іс - әркеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Біз әдепті баламыз,
 Біз ерекше боламыз,
 Қонақтарды көргенде,
 Сәлеметсіздер ме! – деп
 Сәлемдесіп аламыз.

Амандасады



Кері байланыс жасаймын.




5 қыркүйек Тіл мерекесіне арналған бейне көрніс

Сабақтың ортасы

Кітапханашы: Құрметті  оқушылар! Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған  тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазанындағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні- Қазақстан халқы тілдері күні болып бектілді.
  Балалар құтты болсын тілің бүгін
 Ашатын жан сарайын білімдерінің
 Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
 Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
 Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Ендеше   бастамас бұрын мен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын.

-Біздің ұлтымыз кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біздің елімізді кім басқарады?

ҚазақстанРеспубликасының бас қаласы қай қала?

Мерекеге байланысты тақпақ білесіңдер ме?

Жарайсыңдар, балалар, енді кешімізді одан әрі жалғастырайық.Осы тіл туралы кім тақпақ біледі?

1.Тіліңді үйрен күнде сен,
 Ол іс емес жай ғана.
 Өз тіліңді білмесең,
 Білгішпін деп ойлама.
 2.Ана тілің, арың бұл.
 Ұяттың боп тұр бетте.
 Өзге тілдің, бәрін біл.
 Өз тіліңді құрметте.
 3. Жанымнан да қымбат,
 Ана тілім маған.
 Ана сөзін тыңдап,
 Үлгі, өнеге алам.
 4. Ана тілің біліп қой,
 Еркіндігің, теңдігің.
 Ана тілің біліп қой,
 Мақтанышың елдігің.
 5. Ана тілім-ардағым,
 Білмегенің арға мін.
 Құстардағы салады,
 Өз тілінде таңғы әнін.
 6.Тілің-қымбат қайда да,
 Сүйсін тілін әр бала.
 Ана тілі жеткізер,
 Көк аспанға,ойға да.
 
7. Туған елім – тірлігімнің айғағы,
 Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
 Өссе тілім, менде бірге өсемін,
 Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

8. Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
 Қасиетті тілімнің мәнін біл
 Ана тілді құрметтеңдер адамдар
 Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
 9.Тілім барда мақтанам
 Тілім менің аппақ ән.
 Бірлігімді бүгінгі
 Ана тілім сақтаған.
 Ақыл-ойын дананың
 Ана тілден аламын.
 Ана тілі ардақты,
 Ақ сүтіндей ананың.
 9.Қазақ тілім туын биік ұстаған
 Қазақ тілім кең далама ұқсаған
 Қазақ тілім мәртебелі еңселі
 Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.
 10.Ана тілім – анам,
 Аппақ қардай арым
 Мұра еткен бабам
 Жарқыраған жаным.
 11.Ана тілім –елдігім
 Ана тілім - ерлігім.
 Тілді биік құрметтеп
 Тойлап жатыр ел бүгін
 12.Сенің әрбір тынысыңмен күш кешем,
 Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
 Ел бетіне қалай түзу қараймын,
 Ана тілім, егер сені білмесем.
 13. Ана тілім - тірегім
 Ана тілім – жүрегім.
 Қасиетті елімнің
 Тек өзің деп білемін.
 14. Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
 Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
 Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
 Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
 15. Тілсіз келген білімнің,
 Түбі нағыз қиғылық.
 Көсегесін тілімнің
 Көтеремін ту қылып.

16. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
 Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
 Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
 17. Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
 Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
 Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
 Болашағым, бақытым дара тілім.
 18.Ана тілің біліп қой,
 Еркіндігің, теңдігің.
 Ана тілің біліп қой,
 Мақтанышы елімнің.
 19. Ана тілің арың бұл
 Ұятың боп тұр бетте
 Өзге тілдің бәрін біл,
 Өз тіліңді құрметте.
 20.Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
 Самғаудан еш уақыт жалықпасын
 Өз алдында өмірден теңдік алған
 Ана тілім көгімде қалықтасын.

21.Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

22.Тілім барда мақтанам,

Тілім менің апппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

23.Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
 1. 
Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
 2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
 3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
 4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
 5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
 6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
 7. Тіл қылыштан... (өткір)
 8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
 10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
 11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
 12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
 13. Көп сөз - ... (бос сөз)
 14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
 15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
 16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
 17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
 
Кітапханашы:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
 Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
 Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, өз ойларын білдіреді.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді,






























Тіл туралы өлеңдер оқиды





































































































Мақал – мәтелге жауап береді






















Балаларға мадақтау сөздері айтылып отырады.


















«Мемлекеттік тіл – менің тілім» кітап көрмесімен таныстырады 














Сабақтың соңы

- Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.Осымен құрметті оқушылар  «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты сыныптан тыс сағатымыз  аяқтаймыз.


Оқушылар сынып сағатынан

түсінгендерін қорытып айтады. 


Кері байланыс «Смайл» әдісі арқылы

жүргізіледі