Мектеп дефектологының 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары
«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылындағы
мектеп дефектологының жүргізілген жұмысы
туралы есебі

2023-2024 жыл
2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың
жылдық рефлексиялық есебі
Мектептегі дефектологиялық қызметтің негізгі мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру.
Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізу.
Ұйымдастырушылық жұмыс
Арнайы маманның жылдық жұмыс жоспары, жеке-түзету дамыту жоспары, ата-аналармен жұмыс жоспарлары, мұғалімдермен жұмыс жоспары құрылды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық
қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау
Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 5 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары, ата-ана өтініші бойынша (7-форма) 19 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы тізімге алынды.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.
Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
Педагог-дефектологтың 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 1-15 аралығында диагностикалық бағытта жұмыстар жүргізілді. ОПМПК тұжырымдамасы бар және ата-аналардың сұраныстарына сәйкес педагог – дефектолог көмегін қажет ететін оқушылар анықталып жалпы 19 оқушы тізімге алынды.
№ | Оқушының аты – жөні | Сыныбы | Диагнозы |
1 | Арманұлы Арслан | 1 «А» | Оқу және жазу бұзылыстары |
2 | Нышан Жантөре | 1 «Ә» | Оқу және жазу бұзылыстары |
3 | Алтай Умай | 1 «Б» | Оқу және жазу бұзылыстары |
4 | Кенжехан Бекнұр | 1 «В» | Оқу және жазу бұзылыстары |
5 | Имирова Зухра | 1 «В» | Оқу және жазу бұзылыстары |
6 | Бейбіт Алтынай | 2 «А» | Оқу және жазу бұзылыстары |
7 | Серік Айсұлтан | 2 «Ә» | Оқу және жазу бұзылыстары |
8 | Мақан Ақнұр | 2 «Ә» | Оқу және жазу бұзылыстары |
9 | Турсунов Шадияр | 2 «Г» | Оқу және жазу бұзылыстары |
10 | Бекен Амир | 2 «Г» | Оқу және жазу бұзылыстары |
11 | Айбек Томирис | 2 «В» | Оқу және жазу бұзылыстары |
12 | Үсен Алдияр | 3 «Ә» | Оқу және жазу бұзылыстары |
13 | Дүйсебеков Нұрлы | 3 «Ә» | Оқу және жазу бұзылыстары |
14 | Кибиров Самир | 3 «В» | Оқу және жазу бұзылыстары |
15 | Таңатарова Таңнұр | 3 «Г» | Оқу және жазу бұзылыстары |
16 | Кибиров Амир | 4 «А» | Оқу және жазу бұзылыстары |
17 | Нұрақын Естай | 4 «А» | Оқу және жазу бұзылыстары |
18 | Маратов Самир | 2 «Б» | ПДТ, қызметтің ерікті түрде бұзылуымен, сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық дамымауы |
19 | Қожахмет Нұрасыл | МАД «Ә» | Әлеуметтік әрекет пен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар |
Психологиялық-педагогикалық тексеруде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері, ауызша сөйлеу тілі, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі, ұсақ қол моторикасы мен негізгі пәндер бойынша (математика, оқуы мен жазуы) тексерілді. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын тексеру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып диктант, көшіріп жазу және мәтінде оқу сияқты тапырмалар берілді.

Осы аталған балалар ата-аналарының өтініштерімен және сынып жетекшілерінің сұранысы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қорытындысы бойынша қабылданды. Балалардың жас ерекшеліктеріне және оқу үлгеріміне қарай әр баламен жекелей және топтық жұмыстар жүргізіліп отыр. Оқу үлгерімі төмен оқушылармен мәтіндік жұмыстар, жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен көркем жазу, көшіріп жазу жұмыстары, математика пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылармен қарапайым есептерден мысалдар шығару жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде төмендегі балалар дефектолог тізімінен шығарылды.
№ | Оқушының аты – жөні | Сыныбы |
1 | Мақан Ақнұр | 2 «Ә» |
2 | Турсунов Шадияр | 2 «Г» |
3 | Бекен Амир | 2 «Г» |
4 | Үсен Алдияр | 3 «Ә» |
5 | Дүйсебеков Нұрлы | 3 «Ә» |
6 | Таңатарова Таңнұр | 3 «Г» |
7 | Кибиров Амир | 4 «А» |

ОПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 5 оқушыға жеке оқу бағдарламалары, әзірленді.
ОПМПК қорытындысы бар балалармен қойылған диагнозы бойынша сабақ кестесі құрылып, жеке сабақтар жүргізілді.
Үйден оқитын оқушылар тізімі
№ | Оқушының аты – жөні | Туған жылы, айы, күні | Сыныбы | Диагнозы |
1 | Жомартқызы Алтын | 26.08.2010 | 4 сынып | ЦП, двойная гемиплегия ЗПР |
2 | Акимжанов Муслим | 27.03.2013 | 1 сынып | Органикалық генезді ПДТ, псевдобульбарлы дизартрия |
3 | Байкеева Айшабуби | 22.02.2009 | 7 сынып | Интеллект ниже нормы ОНР III уровня, обусловленное нарушением познавательной деятельности |
4 | Имиров Халмурат | 06.10.2015 | 2 сынып | ОНР I – II уровня, обусловленное нарушением интеллектуального развития |
5 | Жеңіс Дидар | 17.09.2010 | 6 сынып | Интеллект ниже нормы ФФН речи |


Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды.
2023-2024 оқу жылы сәуір айының 8-12 аралығында оқу – тәрбие жоспарының №59 бұйрығына сәйкес «Жантану әлемі» тақырыбындағы педагог-психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік-педагог, педагог-асистент мамандарымен бірлескен апталығы өткізілді.
Апталықты өткізу барысында жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспар бойынша апталықтың ашылуы ұйымдастырылды. Лездемеде жоспарланған апталықтың жоспарымен таныстырылып, жоспар бойынша білім алушылардың психикалық процестерін, ұсақ және ірі қол моторикаларын дамытатын көптеген түзету-дамыту жаттығу жұмыстары жүргізіліп, көрнекі құралдармен қамтамасыз етілді.

Апталық жоспарына сәйкес «Жыл мезгілі. Көктем» тақырыбында табиғат аясында саяхат сабақ өткізілді.
Мақсаты: Көктем мезілімен танысу. Көктем мезілінде болатын табиғи өзгерістер.

Есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында балалармен түрлі жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Кеңестік-әдістемелік қызмет
2023-2024 оқу жылында 12 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 19 ата-анаға (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқшыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында презентация көрсетілді.
Мектепте өткізілген ата-аналар жиналысында «Арнайы маманның ата -аналарға кеңесі» тақырыбында баяндама жасалды.
Сонымен қатар, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдары», «Ойын арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды.
Өзін-өзі дамыту
01.02.-08.02.2023ж аралығында Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Дефектологтың кәсіби қызметі. Ауыр және күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту» тақырыбында 80 академиялы сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.
28.12.2023ж Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдері мен арнайы мамандардың өзара бірлескен іс әрекеті» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім.
15.01.2024ж Республикалық Daryn. Online білім беру платформасы ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарын инклюзивті оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өттім.

Дефектологиялық жұмыс жүйесін қорытынды талдау барысында анықталған проблемалар
SWOT талдауы
S- күшті жағы | W- әлсіз жағы |
- Оқушылардың түзету сабағына қызығушылығы жоғары болды - Мектеп дефектологы мен оқушы арасында ынтымақтастық қалыптасты - Оқушылар тақырыпқа байланысты берілген жаттығуларды қызыға орындап, тез қабылдады - Оқушылардың деңгейіне байланысты мәтіндік жұмыстар, жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен көркем жазу, көшіріп жазу жұмыстары, математика пәні бойынша қарапайым есептерден мысалдар шығару арқылы нәтиже шығарылды. Оқытуда қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің педагогикалық процесі мен әдістемелерінің жаңа тәжірибе мен білім ала алды. | - Ата-ана, сынып жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылмауы - Кейбір ата-аналар балаға дұрыс көңіл бөлмеуі - Оқушылардың сабаққа уақытылы келмеуі. - Берілген тапсырмаларды уақытылы орындамауы - Балалардың ата-аналарымен араласуға уақыт тапшылығы; |
O-мүмкіндіктері | T-қауіптер |
- Мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысуы - Үйден оқитын оқушының аудандық іс-шараға белсене араластыру. - Оқушылардың ата-аналарымен, сынып жетенкшімен үштік байланыс үзбеу балаларға дейгейлік тапсырмалар орындату арқылы оң нәтижеге жету. - Әр сыныпқа вацап желісі арқылы чат ашып ата-анамен жиі байлыныста болу, тапсырмаларды жіберу. - Қиындықтары бар балаларға бейімделген оқытудың жаңа әдістерін дамыту және қолдану. | - Баланың медициналық диагнозына байланысты өтілген сабақтарды есте сақтай алмауы - Ата-аналардың үй жағдайында берілген тапсырмаларды баламен орындамауы - Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша бұрмалап сөйлеуінің қиынға түсуі - Кей кезде үйге берілген тапсырмалар ата-ананың қадағалауынсыз орындамай келуі. - Қоғам мен ата-аналардың балалардың оқудағы қиындықтары туралы хабардар болмауы. |
Мектеп дефектологы Г.Б. Салденова