Мектеп логопедінің 2023-2024 оқу жылына атқарылған жұмысы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Головацкий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп логопедінің 2023-2024 оқу жылына атқарылған жұмысы
23
май
2024

Мектеп логопедінің 2023-2024 оқу жылына атқарылған жұмысы

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









2023-2024 оқу жылындағы

жүргізілген жұмысы

туралы есебі



























2023-2024 ж.


Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым. 

«Логопедия» - logos (сөз) және paideia (тәрбиелеймін, үйретемін) деген грек сөзінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі. 

Логопедия-сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады. 19 ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым болып бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды. Логопедия ғылымы психологиямен, медицинамен, педагогикамен тығыз байланысты.

Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Логопедияның   ғылым ретінде қалыптасуы  Рау Федор Андреевич, Михаил Ефимович Хватцев, Ольга Владимировна Правдина, Роза Евгеньевна Левинаның есімдерімен тығыз байланысты.


        Мақсаты: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін – өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөзде дұрыс, анық, таза айтуға үйрету.  Дыбысты сөзде машықтандыру арқылы, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Зейінін, елестетуін, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық, сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Ұсақ қол моторикасын жақсарту.

Міндеті: Әртүрлі тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл бұзылыстарын зерттеу. Логопедиялық  тексеру нәтижелері бойынша ата-аналарына және педагогтерге жеткізу. Анықталған сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету, жою.  

          Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей  мақсат- міндеттері:         

          - сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;

          - енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;

          - белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;

          - байланыстырып  сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;

          - артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;

          - сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;

- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық  құрылымын дұрыс қалыптастыру;

- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау жүргізу;

          Логопедтік жұмыстың ұзақтығы екі–үш айдан бір жарым-екі жылға дейін балаларда 

сөйлеу бұзылуының сипаты мен байқалу дәрежесіне, олардың дербес-жеке басының 

ерекшеліктері мен отбасындағы тәрбиесіне байланысты болады.

Сөйлеу тілі бұзылған балаларды шығару, оларда сөйлеу дамуындағы кемістіктері  жойылуына қарай оқу жылының кез келген мерзімінде жүзеге асырылады.  

Ата-аналарының келісімімен балалардың психофизикалық жағдайын нақтылау қажет болғанда, логопед оларды маман дәрігерлерге ПМПК кеңес алуға жіберілуі мүмкін.                    

     Қыркүйек айының 4-інен мектепішілік білім алатын оқушылармен 1 және 3 сыныптар аралығында диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Диагностика қортындысы бойынша  жәй дислалия және күрделі дислалиясы бар оқушылар анықталды. ПМПК қорытындысы бар оқушылармен  жылдық жұмыс жоспары бекітіліп,  жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіліп отыр.  

Барлық сөйлеу компоненттерін тереңдетіп логопедиялық тексеру нәтижелері негізінде логопедтік сабақтарға 14 оқушы қабылданды. Оның ішінде: 

4 оқушы  - ОПМПК қорытындысымен келген оқушылар.

Оқушының аты – жөні 

Сыныбы

        Диагнозы 

1

Ауған Қасымхан 

2 «А»

  Дыбыс айту бұзылысы

2

Серік Айсұлтан

2 «Ә»

  Оқу және жазу бұзылыстары

3

Маратжанов Шахмурат

2 «Б»

  Орташа деңгейдегі тоникалық тұтықпа

4

Айбек Томирис

2 «В»

  Оқу және жазу бұзылыстары

5

Кибиров Самир

3 «В»

       Оқу және жазу бұзылыстары   

6

Қыдырәлі Нұрәлі  

4 «А»

         Дыбыс айту бұзылысы

7

Егинчиев Имран

4 «А»

         Дыбыс айту бұзылысы

8

Сережа Айкөркем

1«А»

      Дислалия «Р» «Ш»

  9

 Ыдырыс Жанжігіт

1«Ә»

      Дислалия «Р»

10

Серікбай Сұлтан 

1«В»

      Дислалия «Р» «Ш»

11

Рүстем Асылтас

 1 «В»

      Дислалия «Р»

12

Жомартқызы Алтын 

 5 «Ә»

Спастикалық-паралитикалық дизартрия, ЖСТД ІІ-ІІІ деңгей

13

Имиров Халмурат 

 3 «В»

Зият дамуының бұзылуы салдарынан пайда болған  ЖСТД ІІ-деңгей 

14

Акимжанов Муслим 

 1 «В»

Органикалық генезді ПДТ, псевдобульбарлы

 дизартрия


    Барлық түзете-дамыту сабақтары, дыбыстарды қою және машықтандыру, фонематикалық естуді дамыту, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық құрылымын және т.б. қалыптастыру бойынша оқушылармен жеке жұмыс, логопед – мұғалімнің жұмыс жоспарына сәйкес жеке дамыту бағдарламасы бойынша өтіледі. Жеке түзете-дамыту сабағы бекітілген сабақ кестесі бойынша әр оқушымен 45 минуттан аптасына 2 рет жүргізіледі. 

Оқушылардың барлығына сөйлеу картасы толтырылған. Ата-аналардан өтініш және анамнез толтырылып алынды. Балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.

Балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Аталған әрекет түрі сөйлеуі бұзылған балаларды егжей-тегжейлі зерттеп алғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл кезде логопед есебіне алынған оқушылар арнайы күнделікті сабаққа қатысулары туралы қатаң түрде қадағаланып отырады. 



2023-2024 оқу жылы сәуір айының 8-12 аралығында оқу – тәрбие жоспарының №59 бұйрығына сәйкес «Жантану әлемі» тақырыбындағы  педагог-психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік-педагог, педагог-асистент мамандарымен  бірлескен апталығы өткізілді. 

Апталықты  өткізу барысында жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспар бойынша  апталықтың   ашылуы  ұйымдастырылды. Лездемеде  жоспарланған апталықтың жоспарымен таныстырылып,  жоспар бойынша  білім алушылардың психикалық процестерін, ұсақ және ірі қол моторикаларын   дамытатын көптеген  түзету-дамыту жаттығу  жұмыстары  жүргізіліп, көрнекі құралдармен қамтамасыз етілді.




Жылдық бойынша қортынды: Жалпы логопед сабағына қабылданған оқушы саны: 14 оқушы.

 Логопед сабағын меңгеріп шыққандар саны: 4 оқушы

ПМПК қорытындысы бар оқушылар саны: 5 оқушы 


Орын алған кемшіліктер:

Оқушылардың  сабақтан қалулары. 

Үйде ата-анасымен бірге сабаққа дайындалмауы.

Ата-ана баласының   тіл бұзылысын ерте  анықтап, ерте әрекет  етпеуі.   

Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша, ағылшынша   бұрмалап сөйлеуі.


Алда тұрған міндеттер:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тіл кемшіліктерін кешенді түзетуге, даму ерекшеліктерін қалыптастыруға ары қарай жақсы нәтижеге қол жеткізуіне жағдай жасау.


Ұсыныстар:

«Оқушы-ата-ана-сынып жетекші» үштік байланыс үзбеу арқылы тіл дамыту жаттығуларын қайталау дағдысының бірізділігін қалыптастыру;

Оқушылардың сабаққа уақытылы, қалмай қатысуын қадағалау.

Тіл бұзылысы бар балаларға тіліне және бұлшықет тонусына байланысты логомассаж  жасау. Тыныс алу жаттығуларын жиі жасау.



























Логопедиялық жұмыс жүйесін қорытынды талдау барысында анықталған          проблемалар

                                                                SWOT  талдауы

                                                                                                   


S- күшті жағы



W- әлсіз жағы



- Оқушылардың логопед сабағына қызығушылығы  жоғары болды 

- Мектеп логопеді  мен оқушы арасында ынтымақтастық  қалыптасты     

- Оқушылар  артикуляциялық  жаттығуларды  қызыға     орындап,  тез қабылдады   

- Оқушылардың тіл кемістігіне байланысты (артикуляциялық жаттығулар, ұсақ қол моторикасын дамыту, бет әлпетіне түрлі массаждар жасай отырып) нәтиже шығарылды. 


- Ата-ана,  сынып жетекшілерімен    тығыз байланыс  орнатылмауы                                                        

-  Кейбір  ата-аналар балаға дұрыс көңіл бөлмеуі 

- Оқушылардың сабаққа уақытылы келмеуі.

-  Оқушылардың диагнозына байланысты арнайы инклюзив сыныбының  құрылмауы 

 - Материялдық –техникалық құрал жабдықтардың     (кушедка, зонд, кварц т.б) болмауы  



O-мүмкіндіктері 



T-қауіптер



- Мектептің     қоғамдық жұмыстарына қатысуы 

- Үйден оқитын оқушының аудандық іс-шараға белсене араластыру. 

Диагностикалық және дидактикалық материалдардың картотекасы;



- Баланың медициналық диагнозына байланысты өтілген сабақтарды есте сақтай алмауы

- Ата-ана баласының   тіл кемістігін ерте  анықтап, ерте әрекет   етпеуі     

Ата-аналардың үй жағдайында берілген тапсырмаларды баламен орындамауы

- Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша бұрмалап сөйлеуінің қиынға түсуі 


                                                                       Педагог-логопед: Лекерова К.Қ.