Үздіктер шеруі 2024-2025оқу жылы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Головацкий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үздіктер шеруі 2024-2025оқу жылы
21
май
2025

Үздіктер шеруі 2024-2025оқу жылы



















































Мектеп директоры Қ.Қ.Аскарбек үздік оқушыларды құттықтады. Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қадірлі біздің мектептің үздік оқушылары. Бүгін. білім мен еңбектің мерекесі. Озаттық пен табандылықтың жеңісі. Сіздерді «Үздіктер шеруіне» қатысуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл сіздердің жыл бойғы тынымсыз ізденістеріңіздің, білімге деген құштарлықтарыңыздың және жеңіске деген жігерлі қадамдарыңыздың нәтижесі. Сіздер мектебіміздің мақтанышы, ел болашағының жарөқын жұлдызысыздар.  Сіздерге таудай талап, сарқылмас білім, зор денсаулық тілей отырып,  білімнің кенін қазудан шаршамаңыздар демекшімін. Осы білімнің шыңына жетуге аянбай еңбек еткен ұстаздарымыз аман болсын. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріне мол табыс тілеймін.
 Биылғы жылы мектебімізде 162 үздік оқушы марапатталғалы отыр Осы үздік оқушыларымыздың ішінде жалпы орта мектепті  3 «Алтын белгі», 2 «Қызыл атестат» және негізгі орта мектепті 5 «Үздік аттестат» иегерлері бітіргелі отыр. Сонымен қатар үздік оқушыларымыздың ішінде 9в сынып оқушысы  Ербосынқызы Аружан Жаркент жоғары педагогикалық колледжіне 100 % грантиегері атанып отыр. Ол біз үшін және мектебіміз үшін  үлкен жетістіктердің бірі деп айта аламын. . Алдағы уақытта да талмай еңбектеніп, білімнің биік шыңдарынан көріне берулеріңізге тілектеспіз. Жетістіктеріңіз көп болсын, армандарыңыз асқақ болсын.