28
март
2026
«Жер сағаты-2026»
Жетісу облысы Панфилов ауданы «Головацкий атындағы орта мектеп»КММ «Бүгін бүкіл әлем назары — «Жер сағаты-2026» жаһандық акциясында. Жетісу облысының мектеп парламенттері бұл бастаманы бір ауыздан қолдайды! 
Біз үшін бұл жай ғана жарықты сөндіру емес, бұл — туған өлкеміздің табиғатын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген нық қадамымыз. Аймағымыздың жүздеген мектебі мен мыңдаған оқушысы осы игі іске атсалысуда.
* Сағат 20:30-да электр жарығын өшіріп, табиғатқа үлес қосу;
* Экологиялық фракциялардың бастамасымен «Үнемділік — ертеңгі күннің кепілі» атты челленджді қолдау;
* Күнделікті өмірде жауапты тұтыну қағидасын ұстану.
Жетісу — біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау — біздің парызымыз! Ортақ іске сен де қосыл, замандас! 


