« Головацкий атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылындағы « Жалындай бер, жас маман ! » тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Головацкий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » « Головацкий атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылындағы « Жалындай бер, жас маман ! » тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі
20
январь
2025

« Головацкий атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылындағы « Жалындай бер, жас маман ! » тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі

2025 жылдың  20 – 30 қаңтар аралығында « Жалындай бер, жас маман !»тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында жас мамандар өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырып , бекітілген жоспарға сәйкес ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс шараларын өткізді. 

  Жоспар бойынша бастауыш сынып мұғалімі Сатбай Мерует 2 «В» сыныбымен « Тісіңді күте біл» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Жумабаева Ботагөз  7 «А» сыныбымен «XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым- қатынасы» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бектнұр Айдана  3 «Ә» сыныбымен « My toys and sports » тақырыбында, физика  пәнінің мұғалімі Досабаева Майнур  7 «А» сыныбымен  « Қатты денелердегі қысым » тақырыбында,   бастауыш сынып мұғалімі Махаметова Камила 1 «Б» сыныбымен  «Изучение космоса»  тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Мұрат Ақбота 3 «Г» сыныбымен  « Негізгі және туынды зат есім » тақырыбында, информатика пәнінің мұғалімі Мұхаметжар Ақпейіл   3 «В» сыныбымен  « Жобаға идея » тақырыбында, орыс тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Ибрагимова Дилярам  7 «Б» сыныбымен  « Волк и ягненок » тақырыбында, орыс тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Нәби Айдана 4 «А» сыныбымен  « Какие бывают дожди » тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батырғали Гүлзат  3 «Ә» сыныбымен « What can I do ? » тақырыбында, орыс тілі пәнінің мұғалімі Исламова Эльвира  6 «Ә» сыныбымен « Загадочная и величественная  цивилизация » тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Аманова Айнұр  8 «Б» сыныбымен « Коллективизация в Казахстане » тақырыбында, жаратылыстану пәнінің мұғалімі Әсет Сапаркуль 5 «Ә» сыныбымен « Тірі табиғаттағы үдерістер » тақырыбында,  жаратылыстану пәнінің мұғалімі Зұлбұхар Гүлден  6 «А» сыныбымен « Толыққанды тамақтану рационын құрастыру » тақырыбында, бейнелеу   пәнінің мұғалімі   Нұрахмет Саят  3 «А» сыныбымен « Натюрморт жанры  » тақырыбында ашық сабақтарын өткізді.

    Қаңтар айының  20- сы  күні   бірінші ауысымда  2-сабақта  бастауыш сынып мұғалімі Сатбай Меруерт 2 «В» сыныбымен « Тісіңді күте біл» тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: 2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу,рөлге бөліп және мәнерлеп оқу.

« Табан іздері» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатып, жұмбақтар жасыру арқылы өткен тақырыпты бекітті.Оқулықпен жұмыс жасалып, оқылым және айтылым тапсырмаларын орындатты. «Рафт» әдісі арқылы оқушылар сахыналқ қойылымдар қойып, талдады.» Музыкалық қойылым» арқылы оқушыларды билетіп, сергіту сәтін жасатты.»Бинго» әдісі арқылы сұрақтар қойып, сабақты бекітті.   «Көңілді тіс» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алып,үй тапсырмаларын берді және бағалады. Өткізілген сабаққа жақсы деген баға берілді.

Қаңтар айының  22- сі  күні   екінші ауысымда  2 - сабақта  бастауыш сынып мұғалімі Мұрат Ақбота 3 «Г» сыныбымен  « Негізгі және туынды зат есім » тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: 3.1.3.1 негізгі және туынды зат есім / сын есім / етістікті  анықтау

  Сабақты «Қал қалай?» ойыны арқылы психологиялық ахуал қалыптастырудан бастады.   Оқушыларды топқа бөліп, «Күн шуағы » әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасап, үй тапсырмасын сұрады. « Адасқан сөздер» арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, оқушылар сабақ мақсатын анықтады. Оқушыларды тақырыпппен және ережемен таныстырды. « Филлипитти» платформасы арқылы тапсырмалар орындатып, оқулықпен жұмыс жасатып,жазылым тапсырмасын орындатты. « Ерке сылқым» күйіне сергіту сәтін жасатты. « Балықшы» әдісі арқылы оқушыларға тапсырмалар берді. «Worldwoll» платформасы арқылы бекіту тапсырмаларын берді. Бағдаршам әдісі арқылы оқушыларға кері байланыс жасатып, Зымыран бағалау парағымен оқушыларды бағалады. Оқушыларға үй тапсырмасын берді. 

Өткізілген сабаққа бастауыш сынып мұғалімдері, жас мамандар, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері сонымен қатар директордың орынбасарлары қатысты. Сабақты талдау барысында ең алдымен жақсы жақтары әдіс тәсілдердің тиімділігі, оқушылармен байланысы, уақытты ұтымды пайдалана білуі жайлы айтылып, кемшіл тұстары жайлы ұсыныстар берілді.

      Қаңтар айының  22- сі  күні   екінші ауысымда  3 - сабақта  информатика пәнінің мұғалімі Мұхаметжар Ақпейіл  3 «В» сыныбымен  « Жобаға идея » тақырыбында  цифрлық сауаттылық пәнінен ашық сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау

 Сабақты «Worldwoll» платформасы арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраудан бастады. Жасанды интеллект арқылы жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсатын ашты.Жаңа тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетті. «Ноутбук» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма беріп,мәтіндерді тергізді. Оқушыларға сергіту жаттығуын жасатты. « Микрофон» әдісі арқылы сабақты бекітіп, «Қоржын» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алып, сабақты аяқтады.

Өткізілген сабаққа информатика пәнінің мұғалімдері, жас мамандар, сынып жетекшісі сонымен қатар директордың орынбасарлары қатысты. Ашық сабақтың жоғары деңгейде өте жақсы деңгейде өткізілгені жайлы, әдіс тәсілдердің тиімділігі , мұғалімнің оқушылармен байланысы, қызығушылықтарын оята алуы жайлы айтылып, кемшіл тұстары жайлы ұстаздар тарапынан ұсыныстар берілді.

    Сыныптан тыс іс-шаралар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Сатбай Мерует, Мұрат Ақбота, Ұлдақан Гұлнұр  орта буынды және жас ұстаздармен « Екі заман додасы » тақырыбында сайыс өткізді. Жалпы сайыстың мақсаты орта буын мен жастардың арасындағы байланысты нығайту, өзара тәжірибе алмасу болды. Сайыс 5 кезеңді құрады. Қатысушылар әр замандағы әуендерді, әртүрлі жанрдағы фильмдерді, тұрмыстық заттарды, тұлғаларды тауып, сайысқа түсті. Әр замандағы өздеріне таныс емес болған деректермен танысты. Жалпы сайыс нәтижесі бойынша орта буынды ұстаздар жеңіске жетіп, арнайы орынмен марапатталды.

Тарих пәнінің мұғалімдері А манова Айнур, Жумабаева Ботагөз және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батырғали Гүлзат жас мамандармен   жаңа технологияларға сай, заманауи үлгіде «Кальмар ойынын» ұйымдастырды. Жас мамандар толығымен қатыстырылып, квест ойындары жоғары деңгейде өткізілді. Кальмар фильмінің негізінде  ойын барысында әр кезең сайын қатысушылар саны тапсырманы орындау жылдамдығына байланысты қысқарып отырды.Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап,жұппен жұмыс жасады.Ойын нәтижесінде өзінің шапшаңдығы, тапқырлығының арқасында бастауыш сынып мұғалімі Сатбай Мерует жеңіске жетті.

Сонымен қатар оқушылар арасында жас ерекшеліктеріне байланысты көңілді қоңыраулар өткізілді. Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындап, сыйлықтар иеленді.

Онкүндік қорытындысы бойынша жас мамандар арасында « Жалындай бер жас маман ! » тақырыбында  оқу жылының үздік жас маманын анықтау мақсатында сайыс өткізілді. Әр бірлестік бойынша барлық жас мамандар толығымен қатысты. Сайыс жалпы  таныстыру, сабақ жоспарын құру, сұрақ- жауап, өз өнерін көрсету бойынша 4 кезеңді құрады. Әділ қазылар әр кезең сайын қатысушыларды бағалап отырды. Сайыс барысында жас ұстаздар өздерінің жан жақтылықтарын, шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін, кәсіби білімдерін барынша ортаға салып, сайысты. Сайыс нәтижесі бойынша  «Үздік жас маман 2025 » атана отырып, бас жүлдені педагог – ұйымдастырушы Нұрахмет Саят иеленді. 1 – орынмен бастауыш сынып мұғалімі Мұрат Ақбота, 2- орынмен жаратылыстану пәнінің мұғалімі Әсет Сапаргүл, 3- орынмен биология пәнінің мұғалімі Зұлбұхар Гүлден марапатталды. 

Онкүндіктің  қорытындысы   айтылып,  ұстаздар тарапынан әртүрлі қосымша ұсыныстар айтылды.


Похожие публикации: