Лауазымдық міндет » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Лауазымдық міндет

«Головацкий   атындағы орта  мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


№   141 - ө бұйрықтан  көшірме

01.09.2021 жыл                                                                                                 Головацкий    ауылы

Лауазымдық міндеттерді

бекіту туралы


             Қазақстан Республикасы Білім және   ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, 28.06.03ж №141 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы және мемлекеттік мекемелердегі, қазыналық  кәсіпорындардағы жеке тұлғалар лауазымдарының 30.05.03ж. №119-п үлгілік біліктілік   сипаттамаларына , білім беру мекемелерінің Жарғысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Мектептің педагог- психологтары: К.Каскарауоваға, С. Курмангалиева лауазымдық міндеттері бекітілсін:

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы    6 сәуірдегі 

      № 130 бұйрығын басшылыққа  алу.

8.1.Тәрбиесі мен оқыту процесінде оқушылардың психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтау бағытындағы кәсіби қызметін жүзеге асыру;

8.2.Бала құқықтары конвенциясына сәйкес баланың жеке құқықтарының  - балалардың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және оларға әртүрлі психологиялық көмек көрсету (психокоррекциялық,сауықтыру және консультациялық)

-балаларға ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), педагогикалық ұйымға нақты проблемаларды шешуге көмектесу;

8.3.Әр түрлі бейін, бағыттарда психологиялық диагностика жүргізу;

8.4.Зерттеу материалдары бойынша оқушылардың,жеке тұлғалық және әлеуметтік дамуы проблемаларын шешу ісінде педагогика ұжымына, сондай-ақ ата-аналарға (заңды өкілдерге)Бағдар  беру мақсатымен психологиялық-педагогикалық қорытындылар әзірлеу;

8.5.Белгіленген форма бойынша құжаттама жүргізу және оны тиісті мақсатта қолдану;

8.6.Оқушылардың, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметі бойынша дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға, әзірлеуге қатысу,олардың әртүрлі жағдайларда өз өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешуге дайын болу қабілетін дамытуға жәрдем ету;

8.7.Творчестволық тұрғыдан дарынды оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;

8.8.Оқушылардың дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарды (ақыл-ой, физикалық, эмпоционалдық) анықтап, оларды психолгиялық-педагогикалық түзету бағытында шаралар қолдану;

8.9.Оқушылардың педагогика қызметкерлерінің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін қалыптастыру;

8.10.Мұғалімдердің,оқушылардың ата-аналардың (заңды өкілдердің) әлеуметтік-психологиялық құзіретін арттыру бағытында психолгияны практикада қолдану мәселелері жөнінен кеңес беру;

8.11.Мектепте медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның жұмысына басшылық ету.

8.12.Ата-аналар кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысу;

8.13.ҰБТ-ге қатысатын оқушылармен жұмыс жүргізу.

8.14. 9,11 сыныптармен жұмыс жүргізу: 5-11 сыныптармен жұмыс жүргізу;

8.15. 1,5,10  сыныптармен бейімделу, қалыптасу  жұмыстарын жүргізу;

8.16.  Тәрбиесінде  қиындық тудыратын оқушылармен жұмыс жүргізу;

8.17.Жас мамандармен жұмыс жүргізу; Үйден оқитын оқушылармен жұмыс.

8.18. Мектептен тыс жерде мектепке  қатысты мектептің ішкі жағдайы туралы мәліметтерді жарияламауға ҚР «ЕТЗ» -26 ст п12 б.

8.19.ҚР өкіметінің   cаяси идеологиясын  халыққа дұрыс насихаттауға;

8.20. Мемлекеттік қызметкерлердің  тәртібімен әдептерін /этикасын/ сақтауға ;

8.21. Қатаң   түрде  ҚР «Еңбек туралы заңын»  сақтауға  міндетті;

8.22. Мектепте   қызметкерлермен жұмыс барысында әкімшіліктің  әдептілігін сақтауға;

8.23. Мектеп директорының бұйрығын және тапсырмасын  уақытынды біліктілікпен дұрыс  орындауға, оған жауапкершілікпен қарауға  міндетті. 

8.24. Мектеп әкімшілігі арасында ауызбірлікті сақтауға, ойын сыйлауға және  онымен санасуға  міндетті.

8.25.Рұқсатсыз мектеп әкімшілігінің  өзіне тән   емес  міндеттерін  орындауға басқалардың жұмысына  кедергі жасауға қатаң  түрде тиым салынады.

8.26. Аудандық   білім бөлімінің  бұйрықтарымен нұсқауларын мүлтіксіз орындауға міндетті.

8.27.Әр аптаның дүйсенбі күні аптада істеген жұмыстың қорытындысын анықтама түрінде жазбаша түрде   мектеп  директорына өткізіп отыруға міндетті.

8.28. Жұмыс   уақытысының кестесін сақтауға   міндетті; Ертеңгі 7.30-18.00 дейін.







Мектеп директоры:                      М.М.Туғанбаев


 Таныстым:                                 К.М..Каскарауова

                                                   С.Курмангалиева