"Ұлы жеңіс ұрпақ есінде"
Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай 8а сынып оқушылары "Ұлы жеңіс ұрпақ есінде" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Ешпаева Л.Б. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.