СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ оқушыларға түсіндірілді » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ оқушыларға түсіндірілді
01
июнь
2023

СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ оқушыларға түсіндірілді

СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз!Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.
Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
1. Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.
2. Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
3. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
4. Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
5. Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз.
6. Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
7. Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Панфилов ауданы ТЖБ












Все реакции:3Гүлайым Рахметуллаева, Askar Akshalov и ещё 1