Ата-аналар жиналысы хаттамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналар жиналысы хаттамасы
07
октябрь
2022

Ата-аналар жиналысы хаттамасы

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген жалпы

ата-аналар жиналысының

Хаттамасы

07.10.2022ж                                                                            Головацкий ауылы

Қатысқандар:Панфилов ауданы прокуратурасының прокуроры 3-сыныпты заңгер Ахметов Айбол Болатұлы,Панфилов АПБ ЖПҚБ-ң ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты  Сағатов  Айбын Айдарбекұлы, Ауылдық амбулаториядан Махпал Сламғазы,ДТІЖО   К.Абулкасынова,М.Аркенова,мектеп психологы К.Қасқарауова,Ж.Курмангалиева,әлеуметтік педагог А.Алдибекова

1-11 сынып ата-аналары-201


Күн тәртібінде:


1.Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың ролі,құқық бұзушылықтың,қылмыстың алдын алу.\К.Абулкасынова\

2.Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау.\М.Аркенова\

3.Бүгінгі күннің өзекті мәселелері:Прокуратура,дәрігер,жасөспірімдер инспекторы пікір алмасуы.

4.Өткен оқу жылындағы оқу тәрбие жоспарының орындалуы қорытынды нәтежие.\Н.Тезекбаева\


        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Абулкасынова сөз алып жалпы ата-аналар жиналысына келген ата-аналарды жиналыстың күн тәртібімен таныстырып,мектеп психологы ата-аналарға «Қолшатыр»әдісімен сергіту сәтін жасады.Күн тәртібіндегі отбасындағы ата-ана ролін айқындау мақсатында ата-аналарға баланы назардан тыс қалдыру мен шектен тыс көңіл бөлу және бала тәрбиесіне ата-анаға қажет видеороликтер көрсетілді. Видеоролик желісі негізінде ата-аналардан өздері үшін қажет деп тапқан ақпараттарды түртіп алу үсынылды. К.Абулкасынова қазіргі уақыттағы қоғамдағы отбасы түрлерімен таныстырып әр отбасы түріне сипаттама беріп кетті.Жиында Абайдың  «Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам...?» -деген қара сөзінің мәні мен мағынасына көңіл бөлу ұсынылып қазіргі қоғамда неге жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қатыгездік,сенімсіздік белең алып барады болашақта үйдегі сіздің мектептегі біздің балаларымыз қателікке ұрылмас үшін не істеуіміз қажет?-деген сұраққа бірлесе жауап табуға шақырды. Балаларға қатыгездiкnен қарау;зайыбына немесе серіктес адамына қарсы бағытталған зорлық- зомбылық түрлерінің көп екендігін,отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін тағы бір санат – балалар, олар өздеріне қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасайтын адамдарға құқықтық жағынан тәуелді болатынынын,оларды қинаушылар, әдетте, заң бойынша олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті ата-аналары болып табылатынын айтып,Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, «әр6ір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар, мемлекет баланың жеке басына ешкǐмнщ тиǐспеуǐн қамтамасыз етедǐ, оны тәнін және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр- қасиетш қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсǐтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекǐтǐлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлершен қорғауды жүзеге асырады» , - делінген.

Отбасы ішіндегі қатыгез қарым-қатынасты көбінесе 6-7 жастағы балалар бастан кешіретінін өз ата-аналары, өгей әкелері (шешелері), анасымен (әкесімен) бірге тұратын адамдары үнемі ұрып-соғатын мұндай балалардың дамуы тоқтайтынын көптеген дене және психоэмоциялық науқастарға шалдығатынын айтып отбасындағы қарым-қатынас бала тәрбиесіне тікелей әсер ететінін айтып.Қыз бала мен ұл бала тәрбиесіндегі ерекшеліктерге аса мән беріп баланы тек дамытып,қызығушылығын зерттеп мектеп пен ата-ана болып дұрыс бағыт бағдар бергенде ғана жақсы нәтежие көрсететінін айтып,бала қауіпсіздігіне аса мән беруге шақырды.Ата-аналарға балалардың ұялы тел номерлерін родителский контрольге қойыпбала не көреді,қандай сайтқа кіреді толық ата-ана тарапынан бақылауды қажет ететінін айтты. Соңғы жылдары телефон арқылы оқушылардың жалған ақпарат айту деректерінің де бар екенін айтып,ондай дерек беру соңы баланың бүкіл өміріне қара сызық болып қалатынын ескертті.Сонымен қатар мектептің оқу тәрбие жоспарына сәйкес алдағы аптады күзгі балдың өтілетінін ,күзгі бал балалардың жас ерекшелігіне сәйкес өткізілетінін,мектепте жыл басынан ешқандай ата-анадан ақша жинамау туралы бұйрықтың бар екенін,күзгі бал деп киім тіктіреміз деп ақша жинап жүрмеу керектігін,күзгі балға үйде бар затпен баланың шығармашылық ой-өрісін дамыту мақсатында сынып жетекшілерімен бірлесіп дайындалатынын ескертті.Сынып жетекші тарапынан ата-анадан ақша жинау,киім тіктіру деректері болған жағдайда бірден хабар беру керектігін сұрады. Сонымен қатар мектепте кез-келген іс-шара баланы тәрбиелеу мақсатында өткізілетінін,кез-келген өткізілетін іс-шара қаражатты талап етпейтінін,мектепте оқушылардың әлеуметтік жағдайының басты назарда екендігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ДТІЖО М.Аркенова сөз алып жаңа оқу жылынан ата-аналар комитетін сайлауды  ұсынды.Ата-аналар дауысқа салып көпшілік таңдауымен төмендегі құрамда ата-аналар комитеті сайланды. Темірбекова Айнұр, Сатова Айгерім, Бахтиярова Бегайым, Толыбаева Элмира, Мухаев Азамат, Жұманова Гулмира, Бегімбекова Гүлбаршын сайланып ата-аналар комитеті төрайымы  болып Темірбекова Айнұр сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша жасөспірімдер инспекторы Айбын Айдарбекұлы сөз алып бүгінгі жиналыстың басты себебі жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі екенін айтты.Ата-аналардан басты талап етілетінін ол баланың түнгі уақытта көшеде  жүрмеуі екенін айтты.Түнгі уақытта көшеде жүрген баланың ата-анасын баптың 2бөлімі бойынша 1 рет ескерту берілсе 2 рет 7 айлық есеп көрсеткіші ретінде айыппұл салынатынын ескертті.Бала ауыр,аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда 14 жастан бастап қылмыстық жазаға тартылатын,ішкі істер бөліміне есепке алынатынын есепке алынған баланың болашағына,оқуға түсуіне есепте тұруы зиянын келтіретінін айтты.Қазіргі таңдағы вейптердің зияны туралы айтылып үлдар мен қоса қыздардың да вейптерді қолдануы жиілегендігін айтып вейптің бала ағзасына қаншалықты зиянды екенін ата-ананың үйде де түсіндіріп отыруы керектігін айтты.Ата-аналарға 435-бап түсіндіріліп әкімшілік құқық бұзған жағдайда бала 16 жастан бастап жазаға тартылатынын түсіндіріп алдағы уақытта баланың тәртібі мен өмір қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

Аудандық прокуратурадан  Айбол Болатұлы сөз алып кәмілеттік жасқа толмағандар арасындағы  қылмыстың алдын алу әдетте үш салада-отбасында,мектепте жіне тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылатынын айтып осы үштік жүйелі жұмыс атқарған сәтте ғана дұрыс нәтежие болатынын жеткізді.Нарықтық экономика кезеңінде ата-аналардың балаларға жеткілікті көңіл бөлмеу нәтежиесінде кәмілетке толмағандар арасындағы қылмысытың 90 пайыз қадағалаудың жоқтығынан болатынын айтты.Жасөспірімдер  мен кәмілеттік жасқа толмағандар арасында орын алып жатқан қылмыстардың тағы бір себебі алкагольдік ішімдіктерді мен есірткі заттарын қолдану болып табылатынын бұл зиянды заттарды біреуі қызығушылық үшін болса,енді біреулері жан рахаты мен депрессиядан шығу құралы ретінде қолданатынын жеткізді.Жасөспірімнің қылмыс жасауына әсер ететін факторларды атап айтты.

-Отбасындағы қолайсыз жағдай

-сабаққа бармау

-оқу орнындағы тәрбие жұмысының аз жүргізілуі

-экономикалық жағдай

-өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуі екенін түсіндірді.14 жастан бастап 99 бап \адам өлтіру\,106 бап\денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру\,107-бап денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру\,120 бап\зорлау\,121 бап\сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері\,125 бап \адамды ұрлау\,188 бап \ұрлық 2 және 3 бөлігі\.191 бап \тонау\,194 бап\қорқытып алу\,202-бап \бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру,255-бап \терроризм актісі\,261 бап-\адамды кепілге алу\,273 бап-терроризм туралы көрнеу жалған хабар беру\350 –бап\көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта Панфилов АІІБ-нің профилактикалық есебінде 15 кәмілетке толмаған жасөспірім тіркеу есебінде тұрғанын,2021 жылы аудан көлемінде 7 қылмыс жасалғанын,оның ішінде 10 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын,егер жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпаса оны арнайы мектеп интернатқа жіберу заңмен қарастырылғанын айтты.Әрбір 5-ші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдің немесе нашаның әсерімен жасалатынын соңғы кездері қыздар арасында құқық бұзушылық деректерінің жиі тіркелетінін жеткізді. Ата-аналар тағы бір мән беретін жайты соңғы уақытта жастар арасында қорқытып алушылық \вымогательство\ деректерінің көбеюі екенін ҚР-нің 194 бабына сәйкес ,қорқытып алушылық яғни күш қолдану немесе бөтеннің мүлкін жою бүлдіру қатерін төндіру  кінәлі тұлға 4 жыл уақытқа бас бостандығынан айырылуына алып келетінін айтты.ҚР ҚК-нің 122-бабына сәйкес он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу өзге де сексуалдық әрекеттерге барған тұлға бес жылға дейінгі бостандығынан айырылу жазасына кесілетінін жеткізді.ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру бес жылға дейінгі адамның бас бостандығынан айырылуына жеткізетінін айтты.21.12.2006 ж.т Ж.Ә.Ұзақ қасақана түрде 3-97-63 үй телефонымен 3-96-51 номеріне қоңырау шалып «Байбатшаев атындағы орта мектеп» жарылып кетеді деп көрінеу жалған хабар бергенін нәтежиесінде ақпарат расталмай мектеп оқушысы 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын айтты.Қорыта келгенде Ел мен ұлттың болашағы өсіп келе жатқан өскелең жастардың қолында екенін айтып,жастардың өмір жолында ата-аналарды дұрыс тәрбие беруге шақырды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша ДӘІЖО Н.Тезекбаева өткен оқу жылындағы оқу тәрбие жоспарының орындалуы қорытынды нәтежисімен ата-аналарды таныстырды.

Ауылдық амбулатория акушері Махпал Сламжан қазіргі қоғам проблемасы қыздардың ерте есеюі екенін айтып жылда мектеп пен амбулаториямен бірігіп ата-ана келісімімен қыздарды жылына екі мәрте жылда тексеру жүргізілетінін айтып биылғы оқу жылында да сондай тексеру жүргізілетінін айтып ,ата-аналардың түсіністікпен қарауын сұрады.

Сөйледі:Темірбкова Айнұр сөз алып жоғарыда айтылған баяндамамен келісетіндерін,ата-ана ,мектеп,құқық қорғау органдары үштік болып бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін айтты.

Ата-ана Мухаев Азама өзінің ұсынысы ретінде дүкендерге вейптерді сатуға заң жүзінде тиым салынса дұрыс боларын жеткізді.


Шешім:

1.Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың ролі,құқық бұзушылықтың,қылмыстың алдын алу  мәселелері ата-аналар назарына алынсын.

2.Төмендегі ата-аналар  құрамы бекітілсін.

р\с

Ата-ананың аты-жөні

қызметі

тел номері

1

Темірбекова Айнұр

кеңес төрайымы

87089499552

2

Сатова Айгерім

кеңес мүшесі

87768224722

3

Бахтиярова Бегайым

кеңес мүшесі

87757023318

4

Толыбаева Элмира

кеңес мүшесі

87076080819

5

Мухаев Азамат

кеңес мүшесі

87011694410

6

Жұманова Гулмира

кеңес мүшесі

87473264701

7

Бегімбекова Гүлбаршын

кеңес мүшесі

87472363252

3.Бүгінгі күннің өзекті мәселелері:Прокуратура,дәрігер,жасөспірімдер инспекторы берген ақпараттар ата-аналар назарына алынсын.

4.Өткен оқу жылындағы оқу тәрбие жоспарының орындалуы қорытынды нәтежие ата-аналар назарына алынсын.


                           Мектеп директоры  м а             Р.Онгарбаева

                                                      Хатшы              М.Аркенова