Ата-аналар жиналысы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2022

Ата-аналар жиналысы

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі.


11.11.2022 ж                                                       Головацкий ауылы 


2022-2023 оқу жылындағы 1-11 сынып ата-аналар жиналысының                 № 2 отырысының


ХАТТАМАСЫ


Қатысқандар:Мектеп директоры Қ.Аскарбек

ДТІЖО,Мектеп психологтары:К.Қасқарауова,Ж.Курмангалиевна

ДОӘІЖО:Р.Онгарбаева,Н.Тезекбаева,А.Қажытаева

Әлеуметтік педагог:А.Алдибекова

ДТІЖО:К.Абулкасынова,М.Аркенова

1-4 сынып ата-аналары


Күн тәртібінде:

1.Ата-аналармен тренингтік жаттығу \мектеп психологы\ К.Қасқарауова

2. Баланың өмір қауіпсіздігі  \ДТІЖО\ К.Абулкасынова 

3.Оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру бойынша нормативті құжаттармен,мектепішілік бұйрықтармен таныстыру \ДТІЖО\ К.Абулкасынова

4.Әр түрлі мәселелер \мектеп директоры\Қ.Аскарбек 

Жиналыс модераторы мектеп директоры өзін ата-аналарға таныстырып жиналыс күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп психологы К.Қасқарауова ата-аналарға сергіту сәті тренингтік жаттығуын жасатты.

Тыңдалды: 2-Мәселе бойынша ДТІЖО К.Абулкасынова сөз алып күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-аналарға баланың өмір қауңпсңздңгң үнемі басты орында екенін айтып мектепте 10.11.2022 жылғы орын алған мәселе бойынша атап айтқанда 3 сыныптың 2-оқушысын сабақтан қайтқан уақытта көлік қағып 1 оқушының жарақат алып ауруханада жатуына байланысты оқушылармен мектепте жолда жүру ережелерін сақтау бойынша лездемеде түсінік жұмыстарының жүргізіліп,сынып сағаттары мен жол-көлік инспекторымен түсіндірме жұмыстарының үнемі жүргізілетінін,алай да үйде де балаларға ата-аналар тарапынан ескертудің қажет екенін айтып,мектептен қайтқанда ата-аналардың балаларды күтіп алуын сұрады.Сонымен қатар 10-20қараша аралығында мектепте «Бала құқығы адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында зорлық-зомбылық пен құқықтық онкүндіктің басталғанын айтты.Түнгі уақытта мектеп әкімшілігі мен еріктілер тобы біріккен түнгі рейдтер жүргізілетінін жеткізді.Сонымен қатар баланы жан-жақты орын алуы мүмкін оқыс оқиғалардан ата-ана мен мектеп бірлесіп екі жақты жұмыс жүргізгенде алдын алуға болатынын түсіндірді.Ауыл балалары болғандықтан балалардың атқа міну әуестіктерінің бар екенін айтып атқа міну жағдайының да бала өміріне тигізер қауіп-қатерінің де бар екенін айтты. Балаларды ұл,қыз демей туысқанның таныстардың үйіне қонуға рұқсат берудің қажеті жоқ екенін жеткізді.Қазір күннің суытуына байланысты балаларды жылы киіндіруге шақырды.Мектепте балалардың әлеуметті жағдайы үнемі мектеп директоры мен мектеп әкімшілігінің назарында екенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ДТІЖО К.Абулкасынова мектепте оқу-тәрбие жоспарын жүзеге асыру үшін негізге алынантын төмендегі нормативті құжаттармен таныстырды.

1.Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңы

2.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы

3.Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" заңы

4.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңы

5.Қазақстан Респубилкасының "Ғылым туралы" заңы

6.Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

7.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

8.Қазақстан Республикасының Конституциясы

9.Қазақстан Республикасының "Тiл туралы" Заңы

10.«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

11.Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы

12.Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңы

13."Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" ҚР БҒМ 8.04.2015 №179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. 12.04.2018ж.

көшіріп алу

14.Білім беру стандарты

15.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңы

Осы нормативті құжаттар бойынша жұмыс жүргізіліп білім алушыларды тәрбиелеу мен  білім беру сапасы басты назарда екенін жеткізді. Сонымен қатар ата-аналарды білім алушылардың заңды өкілінсіз мешіттерге  жұма намазға барып құлшылық жасау туралы,сабақ уақытында смартфон телефонды оқушыларға ұстатпау мен мектепте ақша жинамау туралы бұйрықтармен толық таныстырды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп директоры Асқарбек Қазыбек Қызайбекұлы сөз алып мектептегі ата-аналар чатына 100 пайыз қосылғандығын қандай да бір мәселе болса 24 сағат байланыста екенін,ата-аналардың кез –келген уақытта хабарласа алатынын жеткізді.Оқушылар қауіпсіздігі бойынша баланың мектептегі қауіпсіздігіне мектеп жауап беретінін алайда сабақ біткеннен соң баланы мектеп қақпасының алдынан күтіп алу ата-аналарға жүктелетінін айтты.Екінші ауылда көшеде  иттердің көп екендігін айтып бірақ сол иттер осы ауылда тұратын сіз бен біздікі деп тоқталып иттерді көшеге бос жібермеуді сұрады.Мектепте білім алушыларға білім беру стандартқа сүйене отырып берілетінін және әр тоқсан басында білім алушылардың білім сапасы мектеп әкімшілігі тарапынан мониторингтелетінін жеткізді.Ата-аналардан балалрды сабақтан себепсіз қалдырмауды және баланың кешкі уақытта үйде екендігі туралы күнделікті дұрыс ақпарат беруді сұрады.Ата-аналардан оқушыларды өте кеш қалтырмай қайтаруға бола ма деген ұсыныс айтылып жатқанын алайда мектепте оқу кестесі арнайы типтік бағдарламаға сүйене отырып мектеп базасының мүмкіндігіне қарай,санитарлық нормаларғак сүйене отырып өткізілетінін айтты. Сонымен қатар ата-аналарды оқушылардың сабақтарына кесте құра отырып кезекпен болса да қатысуға шақырды.Балалардың сабақтағы үлгерімін күнделік кз көре отырып үйде де балаға ата-ана тарапынан бақылау қажет екендігін,баланың басым көпшілігі қазіргі таңда трент деп сөздерді қысқаша айтып ,жазып жүргендіктері баланы сауатсыздыққа алып келетінін сол себептен баланы жан-жақты оқуға баулу шақырды.Келесі өзекті мәселенің мектептегі тамақ бағасына келетін болсақ қазіргі таңда асхана бағасы базар бағасымен салыстырылуда.Мектеп асханасында хот дог,қуырылған тағамдар мен чипсый,тәттілердің  сатылмайтынын айтты.15-қазаннан бастап мектепте от жағу маусымының басталғанын,мектеп ескі болғандықтан сыныптар терезесі толық жылыланғанын мектеп температурасының тікелей өзінің бақылауында екенін айтты.

Сөйледі: 4 сынып ата-анасы Нұрланқызы Ақерке мектепте домбыра үйірмесі бола ма деген сауал қойды?-мектеп директоры оған мектепте домбыраның жоқ екендігін айтып алдағы уақытта осы мәселе бойынша жұмыс жүргізетінін жеткізді.

3 сынып ата-анасы Сүлеймен Айнұр сөз алып оқушыларға смартфон телефон сабақ уақытында ұстауға болмайтынына қосылатындығын айтып,мектепте қосымша сабақтар көбірек жүргізілсе деген ұсыныс білдірді.Мектеп директоры қосымша сабақ әр пән бойынша аптасына бір рет міндетті жүргізіліп тұратынын жеткізді.

1 сынып ата-анасы Мәулетова Майра сөз алып мектеп директорының жұмысына сәттілік тілеп әр бастамасын ата-ана ретінде қолдайтынын жеткізіп  сынып оқушыларының сабақтарын 8-45 немесе 8-30 ға қоюға бола ма деген сауал жолдады.Ол сауалға мектеп директоры аудандық білім бөліміне ұсыныс тастайтынын жауабын алдағы апта жеткізетінін айтты.


Қаулы:

2. Баланың өмір қауіпсіздігі сабақтан тыс уақытта ата-аналардан сұралсын 

3.Оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру бойынша нормативті құжаттармен,мектепішілік бұйрықтар ата-аналар назарына алынсын.



Жиналыс төрағасы:                Қ.Аскарбек

                       Хатшы:                М.Аркенова