"Отбасы -бақыт бесігі" » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2023

"Отбасы -бақыт бесігі"

«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен болатын. 
– Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр.
– Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттің қатарында білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу және дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту, отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру қарастырылады. Бұл орталықтың жұмысына барлық ұстаздар қауымы мен ата-аналар белсенді қатысады. Мектебімізде ата-аналарды  педагогикалық қолдау орталығы құрылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1-4 сыныптардан 25 ата-ана, 5-9 сыныптардан 25 ата-ана, 10-11 сыныптардан 25 ата-ана қабылданды.   Мектеп директоры Қ.Аскарбек сөз алып, ата-аналарды қолдау орталығының ашылуымен құттықтады. Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады деді. Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын басшылыққа ала отырып, бала тәрбиесінде  ата-ана мен ұстаздар бірлесе, ынтымақта болған кезде ғана, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығаратындығымызды айтты.