БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
25
август
2023

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
 «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
 “Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен ” КММ
 
 БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
  1. Бастауыш сынып мұғалімі (16сағат, 3 уақытша мерзімге) – жоғары білімді
  2. Бастауыш сынып мұғалімі (16сағат, 2 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  3. Бастауыш сынып мұғалімі / Мектепалды даярлық тобы қазақ сыныбына/ (16сағат, 1 тұрақты  мерзімге) – жоғары білімді
  4. Бастауыш сынып мұғалімі / Мектепалды даярлық тобы орыс сыныбына/ (16сағат, 1 тұрақты  мерзімге) – жоғары білімді
  5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  6. Логопед ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  7. Педагог ассистент ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  8. Педагог ұйымдастырушы ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  9. Биология пәнінің мұғалімі  ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  10. Химия пәнінің мұғалімі ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  11. Тарих пәнінің мұғалімі ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  12. Орыс тілі пәнінің мұғалімі ( 2 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  13.  Информатика пәнінің мұғалімі ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
  14. Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі ( 1 тұрақты мерзімге) – жоғары білімді
Конкурс: ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өтеді.
 Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысы
 
 Конкурс кезеңдері:
 
- Конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
 - конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды
 қабылдау;
 - кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік
 сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін
 қарау;
 - конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
 
 Конкурстың өткізілетін күні:
 1 қыркүйек 2023 жыл
 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
 Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні
 
 Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
 
Головацкий ауылы  Домалак ана  көшесі №3,  «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 8 (72831) 3-61-57 Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен, э/пошта: golovatsky@mail.ru
 
 Қажетті құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады):
 • 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 • наркологиялық ұйымнан анықтама;
 • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
 • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
 Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар)
 
 Функционалдық міндеттері:
 • Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
 • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
 • Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
 • Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
 • Электронды журналдарды толтырады.
 • Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
 • Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
 • Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
 • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
 • Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
 • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
 • Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
 • Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
 • Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
 • Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
 
 
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
 Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.