Қыркүйек айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қыркүйек айының жұмыс жоспарының анықтамасы
29
март
2022

Қыркүйек айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

2021 – 2022 оқу жылы

   Мектеп кітапханасы жалпы оқырмандар мен педагогтар, кеңес мүшелерімен бірлесе отырып егемен еліміздің саяси және мәдени рухани өміріндегі айрықша оқиғалар тақырыбында, мерекелік кештерде бірлесе отырып жұмыс істейді.

   Биылғы оқу жылында    оқушылар түгел оқулықпен қамтамасыз етілді.1 қазақ сыныбыны – 59,1 орыс сыныбына – 20,  3,7,8 қазақ, орыс сыныптарына  информатика оқулығы жаңадан  және 2 орыс сыныбына 7,8,қазақ, орыс сыныптарына қосымша оқулықтар келді, сонымен қатар 1 қазақ, орыс сыныптарының мұғалімдеріне  әдістемелік оқулықтар, 

13 Даналық әліппесі  атты көркем әдебиет келді. Кейбір жетпейтін оқулықтарды Абай, Жамбыл, Б. Момышұлы , Сыпатаев, Шоқан,Нуркент, Кішішыған,Көбіков  мектептерінен әкелініп, толықтырылды.

Биылғы оқу жылында келген  дана оқулық, бағасы  тенге, 

Есептен шығарылған – 1034 дана оқулық, бағасы 801289 теңге.

Жалпы кітап қоры 16874 дана, 

оның ішінде 11538 оқулықтар,

 5336 көркем әдебиет пен методикалар , 20086521,50 бағасы.

 Биылғы оқу жылында мектеп кітапханашылар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің  ұлы күші» кітап көрмесі, Тіл мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»«Оқуға құштар мектеп» 

Оқу қорындағы кітаптарды оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты 1 сыныптың оқулықтарын, 3,7,8 сыныптың информатика,   мектеп директорының  № 126 бұйрығы негізінде  есептен шығарылып, акт жасалынып есепшіге өткізілді.


                        Кітапханашылар: Ш. Түгельбаева, А.Қасенова

Анықтама

2021 -2022 оқу жылының басында қыркүйек айында жаңа келген әрбір оқырманмен және қайта тіркеуден өткен оқырман кітапханашы кітапхананы пайдалану тәртібімен және  ережелерімен  ауызша таныстырып отырды. 

  1. Кітапхананы пайдалану тәртібі
    1.     Кітапхана оқырмандарға абонементте қызмет көрсетеді.
    2. Оқырмандарға қызметіне кітапхана қорларын салалық құрамы әмбебап, дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштығы (CD – ROM,мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми – көпшілік, ғылыми – педагогикалық және әдістеме әдебиетінің қоры ұсынылады.
    3. Оқырмандарды кітапханаға жазу абонементте жүргізіледі:
  • Оқушылар – жекелген ретпен сыныптар (топтар) тізімі бойынша;
  • Педагогтар, мектеп қызметкерлері мен ата- аналар – жеке куәлігі бойынша;
    1. Әрбір оқырманға кітапхананы пайдалануға құқық беретін белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.  
  1. Кітапхана ережесі
    1. Кітап оқығанда орындыққа түзу отыр
    2. Кітапты ешқашан тамақ ішіп отырғанда, бөлменің жарығы нашар болғанда және жатып алып оқуға болмайды.
    3. Кітап бетін бүктеме, далаға тастама.
    4. Алған кітабыңның сыртын қашанда таза ұста.
    5. Кітапты жай, асықпай ой жүгіртіп оқысаң жақсы түсінесің.
    6. Кітапты арасынан теріп оқымай, соңына дейін оқы.
    7. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі жасайсың.
    8. Кітапты уақтысында қайтару керек.
    9. Ең жақсы сыйлық кітап деп түсін.
    10. Кітап сенің тілсіз ұстазың, оны ұмытпа.
    11. Кітапты жоғалтып алма. 

Кітапханашылар:Ш.Түгелбаева,А.Қасенова


Анықтама

2021 жыл 1қыркүйек Білім күні   мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Тәуелсіздікке қол жеткізген  Қазақстан туралы балаларға әңгімелету.

Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды.

1.Тұғыры биік Тәуелсіздік

2.Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

3. Президент ұсыныған 30 кітап

4.Тәуелсіз елім – Қазақстан

5. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап 

Дәйексөз:

1. Тәуелсіздіктің  тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз (Н.Назарбаев)

2.Біздің ең басты құныдылығымыз- Тәуелсіздігіміз (Н.Назарбаев)

3.Тәуелсіздіктің қайта оралғаны –біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан иенің жасаған әділдігі. Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорған қалғанының арқасы (Н.Назарбаев)

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Қасенова 



Анықтама

   2021 жыл қыркүйек айында мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап көрмесі және стенд қойылды. 

Мақсаты:                                 

  1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
  2. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  3. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыр. Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қоланады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.

  1. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
  2. Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
  3. Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби – классик жазушылардың шығармаларын оқуғу тарту, оқыған кітабын жарнамалауға, насихаттауға дағдыландыру.

«Оқуға құштар мектеп» атты кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

  1. 2021 жыл «Балалар әдебиеті жыл»
  2. Балалар әдебиеті – рухани қазына
  3. Кітап- сарқылмас рухани әлем
  4. «Бір ел – бір кітап»

Кітап көрмесі оқушыларға жыл бойы қызмет етеді. Ұйымдастырылған кітап көрмесі фейзбук парақшасында жарияланды

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Қасенова   


 

Анықтама

   Қыркүйек айы 2021 жылы мектеп кітапханасында  Тіл мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»   атты  кітап көрмесін жалпы оқырман назарына ұсынды.

Мақсаты: 

1. Оқушылардың ойын дамытып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын  және тіл байлығын молайту;

2. Өздігінен ізденген балаға тілін одан әрі өрбітіп, ой мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру;

3. оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім- білік дағдысын қалыптастыру;

4. ой өрісін кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

5. оқушылардың еңбеккеқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, іздемпаздыққа тәрбиелеу;

6. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрды.

1. Тіл достықтың алтын көпірі

2.Жаса, жайна мәңгілік, ана тілім

3. Ана тілім – дана тілім

4. Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы

Дәйексөз: 

1. Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек. (А.Байтұрсынов)

2. Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін, барлық күш жігеріміді жұмсауға тиіспіз! (Н.Назарбаев)

3. Ана тіліміз біздің – ғасырдан – ғасырға, аман  жеткізген бірден – бір арымыз да, нарымыз да. (Н.Назарбаев)   

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі жалпы оқырманға арналды. 

(Ұйымдастырылған кітап көрмесі фейзбук парақшасында жарияланды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Қасенова 


Анықтама

2021 жыл қыркүйек айында мектеп кітапханасында Букроссинг(кітап алмасу) тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Букроссинг туралы түсіндіру. Негізі, «буккроссингтің» басты мақсаты ол- үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
 Кітапханашы: Оқушыларға Букроссинг(кітап алмасу) туралы қысқаша түсіндіріп өтті. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады

Букроссинг(кітап алмасу) кітап көрмесі жыл бойы жұмыс жасайды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Қасенова


ва


  17 қыркүйек  2021 жылы   4 «А» сыныбында мектеп кітапханашылары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сынып сағатын өткізді.  

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
 2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Оқушылар тіл туралы өлеңдерді жатқа айтты және мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жалғастырды.

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Өткізілген сынып сағаты фейзбук парақшасында жарияланды.

                                                                                             

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Қасенова