Қараша айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қараша айының жұмыс жоспарының анықтамасы
29
март
2022

Қараша айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

   02 қараша 2021 жыл каникул күндері Мектепалды даярлық тобы «А», 2  «Ә» сынып оқушылары кітапханаға  саяхат  ұйымдастырды.

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 

  1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
     2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
     3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

Кітапханашы кітапханаға келген оқушыларға кітапхана ережесімен таныстырып өтті.
 Кітапты қолдану ережесін есте сақтап жүріңдер
 Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау - бәріміздің міндетіміз.
 Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
 Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!

Оқушылар кітап, білім туралы мақал- мәтелдер айтты
 
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш



Анықтама


 3 қарашы 2021 жыл мектеп кітапханашылары 6 «Ә» сынып жетекшісі: С.Джанзакова  мен бірлесіп «Кітап – өмір әлемі»« 20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз»сынып сағатын өткізді.

   Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындаәлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

Кітапханашы оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» жобасы туралы түсіндіріп өтті.25 оқушыға көркем әдебиеттер таратып, 20 минут оқып, 3 минут оқушылар эссе жазды. Оқушылар ұнаған кітаптарын үйге жаздырып алды.  

Мектеп кітапханашылары: Ш.Түгелбаева, 




Анықтама

   4 қараша 2021 жыл мектеп кітапханашылары каникул күндері 2 «ә» сынып оқушыларымен «Біз бірге оқимыз» 5 минут дауыстап оқу  және Даналық әліппесі сериясымен келген көркем әдебиеттермен таныстырды.

   Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-бабамыздан жеткен ауыз әдебиеті үлгілерін балаларға тыңдату арқылы, ұлттық құндылықтар бұлағымен нәрлендіру, жан-дүниесімен сезінуге үйрету. «Даналық әліппесі» инновациалық сөйлейтін қалам нұсқаулығымен таныстыру.

 Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, қазақ ертегілеріннің сан түрлігіне тоқталып өтті. Қазақ әдебиетінде ертегі ауызша шығарған көркем әңгіме болып табылады. Қазақ ертегілерінің көпшілігі- ерте заманнан келе жатқан шығармалар. Ертегілерден ертедегі адамдардың дүние және жаратылыс туралы, табиғат құбылыстары жайындағы түсініктердің қай дәрежеде болғандығын айқын көруге болады. Ертегілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, реалистік ертегілер болатынын атап айтты.

Шарада кітапханашы оқушыларға  қазақ ертегілерінің бірнешеуін дауыстап оқып берді. Атап айтсақ «Бала мен қарлығаш», «Ақ лақ пен қара лақ», «Торғай мен тышқан», «Патша мен бүркіт», «Қасқыр мен жеті лақ», «Қоян мен тасбақа», «Айлакер түлкі», «Жалқау мысық», «Қоян мен тасбақа» атты ертегілері дауыстап оқып берді. «Ақымақ қасқыр» ертегісін оқушылар кезек кезекпен  5 минут дауыстап оқып шығып,түсінгендерін айтты

Оқушыларға  «Халық әні», «Халық ертегісі» кітабымен танысты. «Даналық әліппесі» «Халық әні» бөлімінен ақылды қалам арқылы 28 беттегі «Өз елім» әнін тыңдап, «Халық ертегісі бөлімінен» 30 беттегі «Алтын асық» ертегісін тыңдаттық. Балаларға ұнады. Кітап көрмесіндегі әдебиеттерді оқушылар үйге жаздырып алды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш




Анықтама

2021 жыл 10 – 28 қараша  аралығында   бастуыш сыныптар арасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасымызбен бірге кітап оқимыз» отбасылық кітап оқу марафоны онлайн түрінде өтті.

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.

 Кітапханашы бастауыш сынып жетекшілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасымызбен бірге кітап оқимыз» отбасылық кітап оқу марафоны онлайн түрінде өтетін хабарлап, түсіндірді.

Өте ерекше ат салысқан сыныптар 2 «ә», 4 «а», 

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, 


Анықтама

  25 қараша 2021 жыл мектеп кітапханашылар және 4 «Ә» сынып жетекшісі Г.Исабаевамен бірлесіп «Менің тұңғыш президентім» Біз бірге оқимыз   оқимыз атты сынып сағатын өткізді.

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы  «Назарбаевтай болғым келеді» атты кітабын таныстыру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолымен таныстырып өтті. Оқушылар Президент туралы өлең жолдарын жатқа айтып, «Назарбаевтай болғым келеді» атты кітапты оқушылар 5 миунттан дауыстап оқып, түсінгендерін ортаға салды.

«Елін сүйген елбасы, «Оқуға құштар мектеп» атты кітап көрмелері оқушыларға таныстырылды.


Кітапханашылар: Түгелбаева Ш., Ермеш М.





Анықтама

26 қараша 2021 жыл   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Отбасымызбен бірге кітап оқимыз. Мен оқимын. Әкем оқиды. Анам оқиды атты аудан бастауыш мектептар арасында өтілген челленджге 2 «Ә» сыныптың Шәріпхан Нұрәлі, Кенжехан Інжу, Байдаулет Әлидің отбасылары қатысты.

Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, отбасымен кітап оқуды настхаттау.

Кітапханашы: Кітапхананың тұрақты оқырмандары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Отбасымызбен бірге кітап оқимыз. Мен оқимын. Әкем оқиды. Анам оқиды атты аудан бастауыш мектептар арасында өтілген челленджге 2 «Ә» сыныптың Шәріпхан Нұрәлі, Кенжехан Інжу, Байдаулет Әлидің отбасылары қатысып, өздері оқыған кітаптарымен ой бөлісті. 

К


Анықтама

 2021 жыл қараша айында мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»   бағдарламасы аясында «Парасатты азамат»   Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған бұрыш оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты: 

  1. «Сыбайластыққа жол жоқ» тақырыбы аясында Парасатты азамат,     Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарымен таныстыру.
  2.  Оқушыларды  Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
  3. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
  4.  Еңбексүйгіштікке,еңбекті бағалауға тәрбиелеу;

Парасатты азамат бұрышына -Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары және газет, журналға шыққан материалдар қойылды.

Парасатты азамат бұрышы жалпы оқырманға арналды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,М.Ермеш