Желтоқсан айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Желтоқсан айының жұмыс жоспарының анықтамасы
29
март
2022

Желтоқсан айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

  30 қараша 2021 жыл мектептің акт залында 1 желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-  шара болып өтті.

Мақсаты: Болашаққа ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін ояту.

«Менің тұңғыш Президентім» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

«Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты кітапханашы баяндама оқылды.





Анықтама

    2021 жыл желтоқсан айында мектеп кітапханасында «Алаш партиясының төрағасы –Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесі жалпы оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты: Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты  ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре білу:

Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде тәрбиелей көрсету.

Кітапханашы: Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан5 наурыз1866Қарқаралы уезіСемей облысыДала Өлкесі — 27 қыркүйек1937Мәскеу) —қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицистғалымаудармашы. Қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

«Алаш партиясының төрағасы –Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесі жалпы оқырман назарына ұсынылды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,М.Ермеш



Анықтама

     Желтоқсан айында  2021 жыл мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды.

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл

2.Тұғыры биік  - Тәуелсіздік

3.Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

4. Тәуелсіз елім -Қазақстан

Дәйексөз:

1. Тәуелсіздіктің  тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз (Н.Назарбаев)

2.Біздің ең басты құныдылығымыз- Тәуелсіздігіміз (Н.Назарбаев)

3.Тәуелсіздіктің қайта оралғаны –біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан иенің жасаған әділдігі. Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорған қалғанының арқасы (Н.Назарбаев)


Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш

Анықтама

   2021 жыл желтоқсан айында  мектеп кітапханасында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты кітап көрмесі жалпы оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.


«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты кітап көрмесі жалпы оқырманға арналды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,М.Ермеш




Анықтама

   2021 жыл  желтоқсан айында  мектеп кітапханасында «Қош келдің, Жаңа жыл» атты тақырыптық папка ұйымдастырылды.

Мақсаты: 1.  Оқушыларға жаңа жылға  байланысты жаңа жыл       

                         Ерекшеліктері, доңыз  жылы  туралы түсінік беру 

                   2.Оқушыларға жаңа жыл туралы өлең  - тақпақтарды   

                         айта білуге үйрету; Тіл байлығын дамыту

                   3. Өскелең ұрпақтың өнерін ұштап, таланты, ашу.   

                       Эстетикалық талғамын, ұлтжандылыққа, ізгілікке,              

                       адамгершілік имандылыққа тәрбиелеу.

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты тақырыптық папка ұстаздарға, оқушыларға арналған.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш



Похожие публикации:

11 март 2022 Тәрбие жұмысы
11 март 2022 Тәрбие жұмысы
11 март 2022 Тәрбие жұмысы