Наурыз айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Наурыз айының жұмыс жоспарының анықтамасы
01
апрель
2022

Наурыз айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

24 наурыз 2022 жыл  кітапханашылар көктемгі демалыс күндері Оқуға құштар мектеп жобасы аясында 3 «А»,3»Ә» сыныптар  арасында «Туған өлкем мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.

Кітапханашы: Қазақ халқымыз Отан отбасынан басталады дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет.  «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған еліне, жеріне деген сезімдерін жыр шумақтарымен білдірген. Болмасаң да ұқсап бақ дегендей біздің бүлдіршіндерімізде өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін ағаларының, апаларының жырларын жаттап, елжанды болып өсіп келе жатқандықтарын дәлелдемек.  «Туған өлкем мақтанышым» көркемсөз байқауына 3 «а» «Қыран» тобы,

3 «ә» «Сұңқар» тобы  оқушылары қатысып .Туған жер туралы мәтінді, «Менің ауылым» өлеңді мәнерлеп жатқа айтып, «Туған өлке- тұнған шежіре» мақал – мәтел жарысып екі топта бірдей нәтиже берді. Әділқазы мүшелері «Қыран» тобына Қандай балалар жазушысын білесіңдер?, «Сұңқар» тобына Жаркенттік қандай ақын жазушыларды білесіңдер? «Қыран» тобы бұл сұраққа көбірек жауап беріп жеңіске жетіп 1 орынды иеленді, 2 орын «Сұңқар» тобы алды. Оқушыларға мәнерлеп оқу сайысына жарыса қатысып, қызықты өтті.




Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,М.Ермеш