Қараша айының анықтамалары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Қараша айының анықтамалары

Анықтама
  2022 жыл 01 қараша күзгі каникул күндері мектеп кітапханашылары 4 «а» сынып          жетекшісі Ж.Ағымова мен бірлесіп «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Бір сынып – бір кітаппен Андерсен ертегілерін бірге оқимыз атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Андерсен ертегілерін «Бірге оқимыз» тақырыбында оқушыларды ертегі оқыту арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту
Кітапханашы: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында дат жазушысы әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілердің авторы Андерсен Ханс Кристиан туралы қысқаша өмір жолы мен шығармашылығы туралы А.Утенова оқушыларға жан – жақты айтып өтті. Жыл шежіресі,Корольдің жаңа жасауы,Нағыз қанша,Қорған дуалынан қарағанда,Тебен ине,Түйме қыз,Түймедақ,Ұсқынсыз үйрек,Қола қабан,Сандық самолет,Мейірімсіз князь,Көз көріп құлақ естімеген,Суға батып кеткен ғибадатхана,Жабайы аққулар,Шақпақ тас,Су перісі,Қайсар қалайы солдат,Бұршақ үстіндегі ханшайым ертегілерін оқушыларып түсінгендерін айтып, ой бөлісті.
Кітап көрмесіне шолу жасалды. 
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова
Анықтама
     2022 жыл 02 қараша күзгі каникул күндері 3 «Ә» сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Әжемнің етегілерінің желісімен «Төлдер айтысы» ертегісіне сахналық қойылым ұйымдастырылды.
    Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.  Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын жәнеоларды ажырата білуге үйрету, рөлдік  ойындарды сомдауға тәрбиелеу.
Кітапханашы: Мемлекет басшысы өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін айрықша атап айтқаны баршаға белгілі. Бұл  тапсырманы орындау үшін “Оқуға құштар мектеп ” жобасы енгізілдіМақсатымыз көркем әдебиеттерді оқыту арқылы кітап деген қызығушылықтарыңды арттыру.    Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған ертегілер туралы мағлұматты А.Утенова оқушыларға жан  жақты айтып өтті.
Оқушылар Төлдер айтысын рөлдерге бөліп, сахналық қойылым көрсетілді.
Іс – шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова
Анықтама
28 қараша 2022 жыл мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай  «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы»   атты конференцияны 10 «а» сынып жетекшісі Ә.Бримкулова мен бірлесіп ұйымдастырды.
Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Мұхтардың ғұмырнамасы
2.  Алаш қозғалысы
 3.  Ағарту ісі
4.  Драмалық шығармалары
5.  М.Әуезовтың ең алғашқы шығармасы «Қорғансыздың күні
6. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы
 7.  Қорытынды
 Кітапханашы: Әдеби кешіміз қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылдық мерейтойына арналады.
 Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана. М. Әуезов - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов.
Мұхтар Әуезов туралы оқушылар өздері дайындаған материалдарын оқып шықты, өз ара ой бөлісті. Кітапханашы А.Утенова Кітап көрмесіне шолу жасады.
Кітапханашылар: Ш.ТҮгелбаева, А.Утенова