Желтоқсан айының анықтамалары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Желтоқсан айының анықтамалары

Анықтама
   07 желтоқсан 2022 жыл мектеп кітапханашылары «Жігер берер жастарға, Бағдатта көп бастама» Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жаркент өңірі газетінің бас редакторы, желтоқсан оқиғасына қатысушы Бағдат Айтмұқаеваның әдеби сазды кездесу кешін өткізді
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  әдебиет  әлемінде өзіндік орыны бар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жаркент өңірі газетінің бас редакторы, желтоқсан оқиғасына қатысушы Бағдат Айтмұқаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.  Ақын жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Шақырылған қонақтар: «Жаркент өңірі газетінің бас редакторы, желтоқсан оқиғасына қатысушы Бағдат Айтмұқаева, қамқоршылар кеңесі, ата - аналар кеңесі, ауылдық округтың әкімшілігі, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар
Кітапханашы: «Жігер берер жастарға, Бағдатта көп бастама» атты әдеби сазды кездесу кеші екі бөлімнен тұрды.
  1. «Қош келдің, ақын қызы ауданымының»
  2. «Жігер берер жастарға, Бағдатта көп бастама»
  3. бөлім кітапханада  2 «а» сыныптың жетекшісі Р.Карибаевамен бірлесіп «Қош келдің, ақын қызы ауданымының» атты сыр – сұхбат ұйымдастырды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, сұрақтар қойды. Іс – шара соңында «Біз бақытты баламыз» әнімен аяқтады.
2- бөлім  мектептің акт залында «Жігер берер жастарға, Бағдатта көп бастама» атты тақырыппен басталды. «Жыр жауқазыны»  атты ақын өміріне бір үзік сыр шертер бейнесюжет көрсетілді. «Ақын елдің ардағы» атты баяндама оқылды. 9 «ә» сынып оқушысы Дина Советқазы «Ерке сылқым» күйін шертті,мектепалды даярлық тобының екі оқушысы, 1 сыныптан бір, 3 сыныптан 1 оқушы балаларға арналған өлеңдерін айтты.6 «Ә «сынып оқушысы Үсен Аспандияр «Жетісу жерім-ай»  әні айтты.Ержанқызы Еңлік «Мен туыппын қаңтарда»,Ербол Нұрым 8  «А» сынып оқушысы,Ораз Айым «Сағындым сені» 9 «Ә» сынып,Райымқул Райымбек «Сұлулық әлемі»,  9 «А» сынып,Тураш Айерке,Сұлтанбек Асылан «Мәңгі жасар өлеңім» 9 «Ә» сынып,Уразақын Әлмина 5 «Ә»  сынып Бағдат Айтмұқаеваның өлеңдері жатқа айтты.4 «а» сынып оқушыларының орындауында «Түймедақ» биі биелді. «Журналисттің бір жұмыс күні» көрініс көрсетілді. 2 «в»  сынып оқушылары «Гүлдер биі» биледі. 5 «а» сынып  оқушысы Рустем Алиханның әнімен аяқталды. Іс- шара соңында Бағдат Айтмұқаева ортаға шақырып өзінің жүрек жарды тілегін айып өтті.
12 желтоқсан 2022 жыл мектеп кітапханашылары 2 «А» сынып жетекшісі Р.Карибаева мен бірлесіп «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 2022-Балалар жылына орай, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Балалардың   Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Кітапханашы: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Тәуелсіздік- тұғырым деп аталатын сынып сағатын Гимн бастады.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
 Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. «Туған жер» әнін орындағандар Сүлеймен Санжар, Барат Сайдахмет
Отан, тәуелсіздік  туралы тақпақтартды оқушылар жатқа айтты.
 «Тәуелсіздік»  әнін орындағандар Айша Амангелді, Батырхан Ахмедияр Мектеп кітапханашысы оқушыларға  «Желтоқсан желі» әнін А.Утенова
 домбырамен орындады.  Сынып сағатын  «Біз бақытты баламыз» әнін Аян Темірхан аяқтады. Сынып сағатының соңында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова
22 желтоқсан 2022 жыл мектеп кітапханашылары 7 «А» сынып жетекшісі Г.Рахметуллаева мен бірлесіп Қазыбек би бабамыздың туғанына 355 жылдық мерейтойына арналған  «Қаз дауысты Қазыбек би 355 жыл»   атты танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің  тарихтағы       орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру;   Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.Кітапханашы: Биыл кемеңгер саясаткер, қазақтың би шешені, ұлы тұлға Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың туғанына 355 жылдық мерейтойы. Республика көлемінде бабамыздың мерейтойы кең көлемде аталып өткізіліп жатыр.Мектеп кітапханашылары  Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай 7 «а» сынып оқушыларымен танымдық сынып саағты өткізді. Дана бабамыздың ауыз толтырып айтарлық қадір- қасиеттері орасан көп. Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би туралы А.Әкімбек, Б.Бекдаулет, Д.Төлеген, І.Ергенбай,  А.Сұлтанмұрат, Н.Дүйсенәлі атты оқушыларымыз үйден дайындап әкелген материалдарын оқып, бірі – бірімен пікір алмасты. Іс- шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова
Анықтама
      31 желтоқсан 2022 жыл -09 қаңтар 2023 жыл «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қыста оқимыз» тақырыбында мектеп кітапханасында мәдені іс – шаралар өткізілді.
Мақсаты: «Қыста оқимыз» қысқы демалыс күндері іс – шара барысында
«Оқуғақұштар мектеп» жобасы аясында ұсынылған көркем әдебиеттерді     
                    насихаттау,  оқушылар дауыстап оқыту, түсінгендерін сұрау,кітап оқуға   
                        деген сүйіспеншілігін арттыру
Кітапханашы: 2023 жылГоловацкий   атындағы орта мектеп оқушыларына қысқы демалыс күндерін қызықты, әрі пайдалу өткізу үшін  көркем әдебиеттерді оқуға ұсынылған болатын. 2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылдын 8 қаңтарына дейін «Жиренше шешен» әңгімелері, Гүлнар Мұқышева «Алтын медаль»,Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі», Оралхан Бөкеев «Қар қызы» Ж. Түменбай «Қардағы іздер», Жұмабай Шаштайұлы «Қызыл қар» шығармаларына қоса өзіне ұнаған кітаптарды оқып, кітап оқуға деген   қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.6 «Ә» сынып оқушысы Б.Болатбай мектеп кітапхананасының тұрақты оқырманы Оралхан Бөкейдің «Қар Қызы» повесін оқып, оқыған кітабы туралы қызықты сюжеттер ойлап тауып, қар қызы туралы бейнелейтін суреттер салды. 7 «ә» сынып оқушысы Дінмұхамет Өзгүлім М.Омарованың  «Көмбе нанның дәмі» шығармасын оқып, сыныптастарына оқуға шақырды.Н.Ербол,Д.Советқазы,А.Сұлтанбек, А.Абикен,Е. Ержанқызы, Қ.Сағатбай кітапқа арналған жаңа бетбелгі  жасап, кітаптарды  оқып, естелікке қысқы фотосуретке түсіп,оны сыныптың тобына және әлеуметтік желінің сторисіне салып отырды.
2 «в» сыныптың оқушылары «Жиренше шешен» әңгімелерін 5 минут дауыстап оқып, түсінгендерін ортаға салды. 2 «а» сынып оқушысы Уразхан Аяна А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп жатқан айтты. 3 «ә» қазақ және 3 «б», 4 «б» орыс сыныптарының оқушылары онлайн отбасымен кітап оқыды. Бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында әдеби викториналық ойын ұйымдастырылды. Қысқы демалыс күндері өтілген мәдени іс- шаралар Фейсбук, Инстаграм парақшаларында жарияланып отырды.
Кітапханашылары. Ш.Түгелбаева,А.Утенова