Мектептің тарихы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2022

Мектептің тарихы

  Аталған мектеп 1986-1987 оқу жылында Талдықорған облысы Панфилов аудандық атқару комитетінің қаулысымен ашылды.

 Жаскент ауылындағы білім ошағы  1986 – 1987 жылы салынған 1050 орынға лайықталған, жанынан 800 орынды   шалғайдағы малшылар қауымының балаларына арналған интернат корпусы бар.

   1991-1993 жылдары «Жастар қалашығындағы» №19 мектеп-гимназия статусын алды. Араб, ағылшын тілдерін бастауыш сыныптан бастап тереңдете оқытты.1995 жылы гимназия жабылды.

1996 жылы 3 шілдеде Панфилов ауданы әкімінің №301шешіміне сәйкес орта ауылдық округінің аумағында орналасқан мектепке Екі мәрте Еңбек Ері Н.Н. Головацкийдің есімі берілді.

   Табысы шалқыған Еңбек  Қызыл Ту орденді шаруашылық төрағасы сол тұста – ақ мектептегі пән кабинеттері мен интернат жатақанасын барлық жабдықтармен, техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

1986 -1987 оқу жылының алғашқы қоңырауын балғын шәкірттермен қарсы алған ұстаздарымызТ.Құдайқұлов. Б.Бексұлтанова, Ж.Оңалбаева, З.Василова, С.Белобородова, К.Әбдіманапова, М.Байғараев, Г.Абдуллаева т.б. ұстаздар болғанын мақтанышы етеміз.

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының 6 бабының 4 тармағы 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадғы №1180 қаулысымен бекітілген «Қазақсатн Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Панфилов ауданының әкімінің 2009 жылғы 18 наурыз №101 қаулысы негізінде «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Аталған білім ордасында мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу-тәрбие жұмыстарына басшылық жасап, жас ұрпақтың білім алуына қолдау көрсеткен мектеп директорларының өнегелі істері мектеп тарихында қалған іздерін атап өтуге тұрарлық.

    Мектептің 38 жылдық тарихында басшылық қызметте болған Б.Тойбазаров, И.Тулкілеев, Р.Ордабаева,В.Висологузова, С.Үшпаев,Е.Меденов, К.Әбдіманапова,Ғ.Рысбаев, А.Дарубаева, М.Турғанбаев, Қ.Асқарбек есімдерін ерекшелей кеткеніміз орынды болар.

Бүгінде оқушыларға байыпты білім, тиянақты тәрбие беріп жүрген Е.Ыбраймжанов, К.Абуылкасымова, К.Жаксыбаева, Ғ.Жакубаева, Н.Темиргалиева, Ш.Мұқашев, Е.Қартбаев,  С.Тұрғанбаев, Б.Ноғаев, Ж.Оразбаева, С. Кенжеғұлова , Ж.Ағымова және басқа да есімдері аталмаған ұстаздардың еңбегі-қандай да марапатқа лайық.

   Мектептен ұшқан түлектеріміз де бүгінде жер-жерде абыройлы қызмет иелері.Солардың бәрін атап шығуға мүмкіндік жоқ, алайда біразының есімдерін ілтипатпен ауызға алуға болады.

Республикалық ішкі істер Министрлігіндегі баспасөз хатшысы Б.Қожахмет, педпгогика ғылымдарының кандидаты, ҚазМҰУ-дың физика-математика кафедрасының меңгерушісі Т.Матымов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет істейтін А.Әбдіманапов, ҚР Ұлттық банкінің бөлім бастығы А.Сейілов,әскери қызмет саласындағы Д.Веригин, білікті дәрігер З.Рахманова,ұлағатты ұстаз А.Қадірсізова және басқаларын атауға болады.

Ал,бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жатқан үлгілі оқушыларымыздың қатары жыл өткен сайын ұлғая түсуде.

Бір сөзбен «Дала академигі» атанған ауыл шаруашылығы саласының ірі тұлғасы-Н.Головацкийдің есімін иеленген орта мектеп ұжымының шығар биігі алда деп білеміз.