Құқық » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Құқық

Алматы облысы Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектепте 31қаңтар мен 11ақпан аралығында "Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет " тақырыбында онкүндік жоспарланып, жоспарға сәйкес 8қаңтар 9 "А" сынып оқушылары "Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет тақырыбында                  
• Оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық  азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар- намысына  тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, жалған ақпарат бермеуге, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы туралы түсіндіру мақсатында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатынан Күтілетін нәтиже: құқық бұзушылықтың алдын ала біле алатын азамат қалыптасады. Сынып сағатында оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс жасады. Сынып сағатында оқушыларға  “кубизм” әдісі  бойынша сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап берді .
 Сынып сағатында топтық ойын ойнатылып. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты турда, оқушылар мақал-мәтелдерді толықтырып, мағынасын түсіндірді. 
Оқушылар өздері түсірген бейнероликті қарап, талдау жасады.
Оқушыларға жағдаят берілді, берілген жағдаят бойынша топтық жұмыс жүргізілді.
1 топтағы жағдаят: Мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжің.2 топтағы жағдаят: Ата-ана мен бала арасындағы кикілжің.
3 топтағы жағдаят: Оқушылар арасындағы әлімжеттік
Жетекшісі Жумаділ А