14
март
2022
кездесу
"Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Панфилов АПБ-нің ЖПК ЮПТ УИП полиция капитаны Тажиков Темірлан Серікбайұлымен санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып 7-11сынып қыздарымен кездесу өткізілді. Темірлан Серікбайұлы оқушыларға ҚРАзаматы мен азаматшаларының құқықтары туралы айтып, жасөспірімдер арасында қылмыс немесе заң бұзушылық болған жағдайда қылмыстық кодекстің қандай бабымен қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді. Оқушыларға түнгі уақытта сағат 23-00 ден кейін заңды өкілі жанында болмағай ойын сауық орталықтары немесе парктерде ұсталған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді. Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.