1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің оры » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің оры
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің оры

2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. 
  Салтанатты шараға Аудандық электр сетінің басшысы Майланов Қыдырбек Табылғанұлы мен Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің орынбасары Сауле Садыққызы.Округ әкімдігінен Бибігүл Жұмаханқызы қатысып мектеп оқушылары мен ата -аналарды білім күнімен құттықтады.
  Жиында мектеп директоры Молдахан Асқарбек Қазыбек Қызайбекұлы сөз сөйлеп,  барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларды дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
    Балғын балалықпен қош айтысып,  мектеп  табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.      
    Салтанатты жиынның соңы бірыңғай  «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.