« Мен зиянды әдеттерге тәуелсізбін» » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2022

« Мен зиянды әдеттерге тәуелсізбін»

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-9 сыныптар арасында « Мен зиянды әдеттерге тәуелсізбін» тақырыбында өткізілген іс-шараның 


                                                Анықтамасы

      2022оқу жылының қазан айының 14- і күні 5-9 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Абулкасынова,мектеп психологтары К.Қасқарауова мен А.Алдибекова,әлеуметтік педагог М.Аркенованың ұйымдастыруымен «Мен зиянды әдеттерге тәуелсізбін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел мақсаты:салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақты тәрбиелеу. Дөңгелек үстел мектеп медбикесі И.Толыбаеваның «Зиянды әдеттердің адам ағзасына әсері» тақырыбында баяндамасы оқылды.Коучинг оқушылардан зиянды әдеттер дегеніміз не? –деген сұраққа жауап алудан басталды. Оқушыларға Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілгендігі және заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда шылым шегуге тыйым салынғандығы туралы айтылды.7 сынып оқушылары денсаулыққа зиянды әдеттер:шылым шегу,арақ ішу,нашаққорлыққа салыну,насыбай ату екенін атап айтты.Оқушыларға ең бірінші шылым шегудің ағзаға зияны туралы айтылып түсіндірілді. Ол презентация арқылы ,яғни шылым шегетін адам ағзасында болатын нақты өзгерістер суреттер арқылы көрсетіліп,арнайы дайындалған темекі видеоролигі оқушыларға көрсетілді. 

Келесі коғам проблемасы ол маскүнемдік екені айтылып оқушыларға арақтың ағзаға әсері жайлы видеоролик көрсетілді.

Насыбай мен нашақорлық туралы презентациялар таныстырылып оқушыларға видеоролик көрсетілді.Оқушылар назарына насыбайды неден және қалай дайындайтыны  туралы видеоролик көрсетілді. Дөңгелек үстел соңында оқушылар алма ағашы әдісі арқылы   рефлексия жасап дөңгелек үстел қорытындылады. 

 Орындаған     М.Аркенова