Ата аналарға кеңес » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

Ата аналарға кеңес

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС


Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы.Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.