29
январь
2025
Жас маман арасында "Кальмар ойыны" жарысы

Тарих пәнінің мұғалімдері А манова Айнур, Жумабаева Ботагөз және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батырғали Гүлзат жас мамандармен жаңа технологияларға сай, заманауи үлгіде «Кальмар ойынын» ұйымдастырды. Жас мамандар толығымен қатыстырылып, квест ойындары жоғары деңгейде өткізілді. Кальмар фильмінің негізінде ойын барысында әр кезең сайын қатысушылар саны тапсырманы орындау жылдамдығына байланысты қысқарып отырды.Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап,жұппен жұмыс жасады.Ойын нәтижесінде өзінің шапшаңдығы, тапқырлығының арқасында бастауыш сынып мұғалімі Сатбай Мерует жеңіске жетті.