Ата аналарға психологиялық кеңес » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата аналарға психологиялық кеңес
07
ноябрь
2022

Ата аналарға психологиялық кеңес

Ата-аналарға арналған педагог-психолог кеңесі



Жастық шақ кезеңінде ата-аналар екі жақты ұстанымға көшеді, біреулері баласын шектен тыс қамқорына алып жүрсе, енді біреулері сен ересек адамсың, өзіңді-өзің асырай аласың деп қатаң түрде бөлектейді. Екі жағдайда да Сіздің балаңыз үшін жағымды нәтижеге әкелмейді.
Егер Сіз осы кезеңдегі адамның өмірі қалай болатынын көрсеңіз, осы жас кезеңдерінде бала қаншама қиындықты сезінетінін түсінер едіңіз. Мұнда қарқынды оқу процесі, маман болып қалыптасу, қарама-қарсы жыныс өкілімен өзара қарым-қатынас орнату және отбасын құру, белсенді түрде әлеуметтену, өзінің ішкі «Менін» меңгеру жүріп жатады.
Осы шақта көптеген ата-аналар баласының әрі қарай өзі жетіледі деген оймен өздерін босаңсытады. Бір жағынан бұл дұрыс – балаға еркіндік беру, бұл оның бойында өзбеттілік, өзі шешім қабылдай алуға үйретеді. Бірақ мынаны ұмытпағанымыз жөн, осы кезеңде бала үшін ата-анадан жақынырақ адам жоқ. Бала үшін 5-жасындағы шағына қарағанда дәл қазіргі уақыттағы Сіздің кеңесіңіз, моральдық тұрғыда қолдауыңыз, түсіністік танытқаныңыз, мақұлдағаныңыз, шексіз махаббатыңыз ӨТЕ ҚАЖЕТ.
  • Егер балаңыз сізден кеңес сұраса, беруіңізге болады, бірақ балаңыз тап сол кеңеспен жүреді деген ойдан аулақ болыңыз және басқаша болатын болса, «мен саған солай боларын айтқанмын» деп айтпай-ақ қойыңыз.
  • Сіздің пікіріңізше балаңыз немесе қызыңыз дұрыс жасаймай жатса да, осы кезеңде баланы толықтай қабылдап және мақұлдағаныңыз өте маңызды. Себебі олардың дәл қазір өздерінің күш-қуатын сезініп, мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерінің потенциалын көре білуі маңызды.
  • Өзіңіздің айтқан сөздеріңізге өте сақ болыңыз. Сіздің бір байқамай айтып қалған сөзіңіз ересек балаңыздың бір нәрсені жасауға деген ұмтылысын тоқтатады. Яғни олардың пікірімен санасып отыруымыз керек.
  • Жастық шақ кезеңінде адам әсершіл, тез қабылдағыш келеді. Сіз үшін аса мәні жоқ болып көрінген нәрсе балаңызды депрессияға ұрындыруы мүмкін.
  • Балаңыздың мәселелеріне, уайымдарына мән бермей өтпеңіз. Сізге күнделікті әрі қарапайым болып көрінген жағдай, балаңыз үшін бірінші рет кездесіп тұрған жаңа әрі бейтаныс өмірлік тәжірибе болуы ықтимал.
  • Қаншалықты уақытыңыз болмай жатырса да ересек балаңызбен сөйлесетін уақыт табыңыз. Тек сұрақ астына алып сөйлесу, сынау формасында емес, керісінше рухани, сенімді әңгіме ретінде болсын.
  • Баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, өбектеу қажет емес, мұндай әрекетпен сіз тек зиян тигізетініңіз анық. Онда сіздің балаңыз ешқашан есеймейді, өз алдына шешім қабылдай алмайды, өз күшіне сене алмайды.
Жалпы алғанда дәрігерлер айтпақшы, «Зиян келтірме, бірақ көмек пен қолдау көрсетуді ұмытпа» деген қарапайым қағиданы ұстануға шақырамын. Әрине бұл ережелерді ұстану оңай емес, дегенмен де егер сіз балаңызға бақытты, толыққанды өмір сүруді тілейтін болсаңыз, онда ересек балаңыздың өміріндегі ата-ана ретіндегі орныңыз бен ата-аналық махаббатыңыздан айырмаңыз.