Мектеп логопедінің жылдық жұмыс жоспары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

Мектеп логопедінің жылдық жұмыс жоспары

Педагог-логопедтің 2022-2023 оқу жылына 

 арналған жұмыс жоспары


Мақсаты:Ауызша ж»не жазбаша сөйлеуінде бұзушылығы  бар балаларды анықтау.Осы мақсатқа жету үшін келесі мақсаттарды шешу керек:оқушылардың дыбысты айтуында,фонематикалық қабылдауы мен талдауында,сөйлеуді грамматикалық құруында,байланыстырып сөйлеуінде бұзушылығы бар оқушыларды анықтау,бастауыш сынып оқушыларында ауызша және жазбаша бұзушылығын алдын алу мен жою бойынша коррекциялық жұмыстың жолдарын анықтау.


Міндеттері:

Диагностикалық тексеріс.

Логикалық ойлауды дамыта отырып,ауызша сөйлеудің дәл және түсінікті түрде айтылуына себепкер болу.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып,оның лексико-грамматикалық тұрғыда 

дұрыс қалыптасуын қадағалау.

Сөйлеу тілінің даму кезеңін бақылауға ала отырып,назардан тыс қалдырмау.

Мұғалімдермен,ата-аналармен өзара қарым-қатынас жасау.


Ұйымдастырушылық жұмыс:

Жұмыс орнын жаға оқу жылына дайындау,жылдық жоспар құру,ата-аналармен жұмыс жоспарын құру, логопедиялық көмекті қажет ететін балаларды тіркеу журналына енгізу,оқушылардың жеке дамыту бағдарламасын құру,педкеңес,семинарларға, мектептің өткізілетін іс-шараларына қатысу.














Бағыты

Тақырыбы

Жүргізу формасы


Мерзімі

Жауапты

Шығуы

I

Диагностика

лық

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексеру

Бақылау,

әңгімелесу,

дидактикалық ойындар

қыркүйек

Логопед

Зерттеу

қорытындысы (жеке)



Балалардың фонематикалық есту қабілетін,буындық құрылымын тексеру

Фонематикалық ойындар,тілдік және тілдік емес дыбыстар

қыркүйек

Логопед

Зерттеу

қорытындысы (жеке)



Байланыстырып сөйлеу тілін тексеру

Логопедиялық альбом

қыркүйек

Логопед

Зерттеу

қорытындысы (жеке)



Оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына тексеру жұмыстарын жүргізу

1-сыныпқа келген сөйлеу тілі бұзылған балалармен диагностика

қыркүйек

Логопед

Зерттеу

қорытындысы (жеке)



Лексико-грамматикалық қалпын тексеру

Грамматикалық дәптер

қыркүйек

Логопед

Зерттеу

қорытындысы (жеке)

II

Консультация

лық

Ата-атамен жұмыс:Баланың аңғарымы бойынша мәлімет беру.Күнделікті     баламен хабардар ету.Баламен жүргізілген жұмыстың қорытындысымен таныстыру.Ата-аналарды инклюзивті білім беру.

Сұхбат.ұсыныстар

Жыл бойы

Логопед

Мәлімет парағы



Сынып жетекшілермен жұмыс: Логопедия сұрақтары бойынша кеңес беру.Балалардың тілдік дамуын тексеру талдауын 

өткізу.

жиналыс

қазан

Логопед

Хаттама

Анықтама




«Балалардың тілдік ақауларының алдын алу» атты тақырыпқа кеңес

Слайд түрінде

қараша

Логопед 


III

Түзете-дамыту 

Бұзылған дыбыстармен,оқу және жазуында кездесетін қиындықтармен жұмыс

Жекелей түзету сабақтары,сөйлеу тілін түзете-дамытуға арналған ойындар,жаттығулар жүргізу

Жыл бойы

Логопед

Анықтама 


IV

Әдістемелік 

Мектепішілік консилиум


Жыл бойы

Логопед

Анықтама



Мақалалар жазу,әдістемелік құралдар жинақтау


Жыл бойы

Логопед




Педагог  логопед:  М. М. Мелеупова