Желілік қауымдастықтың жұмысы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желілік қауымдастықтың жұмысы
11
сентябрь
2023

Желілік қауымдастықтың жұмысы

Жетісу  облысы Панфилов ауданы «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   комуналдық мемлекеттік мекемесінде   жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен отырыс өткізілді. Отырыс барысында 2022-2023 оқу жылындағы жұргізілген қара жәшік ішіндегі жұмыс.Сұрақтың тиімді қойылуы  арқылы білім алушылардың оқу жауапкершілігіне  ықпал ете аламыз ба? деген сұрақтың түріне қарай жұмыс жасағанын, мектептер арасында тәжірибе алмасу жүргізілгендігіне тоқталып, қорытынды жасады. Мектеп директоры Қ.А. Қазыбекұлы сөз алып мамыр айында директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Н.Тезекбаева және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Ногаева Алматы қаласында  «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбында курс оқып келгендігіне тоқталды. Курс барысында мектепте команда құрылып жобамен жұмыс жасап, білім сапаны көтеруге жұмыс жасау керектігін айтты. Мектепте жүргізілген «Табысты сынып» жобасына тоқталып, жоба барысында команда құрып, жоспар құрып, 9-сыныптар арасында жүргізілген іс-шараларға тоқталды. Серіктес мектеп болғандықтан үш мектепте де оқушылардың білім сапасын көтеруге, нәтиже болуға жұмыс жасауға шақырды.