Желілік қауымдастық » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2023

Желілік қауымдастық

Жетісу облысы Панфилов ауданы «Головацкий атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 24 қарашада «Өркен» жетекші мектебінің серіктес мектептері және аудан бойынша үйлестірушілермен  «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін қолдану»  тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинардың мақсаты:қара жәшік ішіндігі жұмыстың бір түрі сұрақты тиімді қою арқылы білім алушылардың танымдық дамуына ықпал ету, қабілетін жақсарту.

Мектептің зерттеу сұрағы: Қара жәшік ішіндегі жұмыс.Сұрақтың тиімді қойылуы  арқылы  білім алушылардың оқу жауапкершілігіне  ықпал ете аламыз ба?        

Күтілетін нәтиже:

-  Қара жәшік ішіндегі жұмыстармен танысады;

-  Қара жәшік ішіндегі жұмыстарды талдайды;

- Зерттеу сұрақтарын анықтауды үйренеді;

- Сұрақтарды тиімді қою әдістерін анықтайды;

«Lesson study» - мектеп тәжірибесінде» тақырыбында мектеп үйлестірушісі Ж.Е.Ногаева мектепте жүргізіліп жатқан «Lesson study» топтарының зерттеу сұрағы, мақсаты, жүргізіліп жатқан жұмыстары жайында толық таныстырылым жасады. Таныстырылымнан кейін мектеп бойынша зерттеу жүргізіп жатқан үш топ өздерінің бірінші зерттеу сабақтарын, сабақтан кейінгі талдауларымен бөлісті. 

Қазақ тілінен құрылған зерттеу тобы. Қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың айтылым дағдысын дамытуда сұрақтың қандай алгоритмдерін құруға болады? Осы зерттеу сұрағы негізінде  қазақ әдебиеті пәнінен  А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі тақырыбында, «Түймедақ сұрақтары» әдісі арқылы зерттеу жүргізді. 6 «А» сыныбы.

Математика пәнінен құрылған зерттеу тобы.Ашық сұрақтар қою арқылы математика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады? Зерттеу сұрағымен «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбында №1 зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу әдісі:  «6-3-5 », Зерттеуге алынған сынып:6 «Ә» сынып.  Бастауыш сыныбынан құрылған зерттеу тобы. Түрткі сұрақтарды қою   арқылы оқушыларды айтылым дағдысына жетелей аламыз ба?  Зерттеу сұрағы арқылы әдебиеттік оқу пәнінен  «Күн тәртібі» тақырыбында №1 зерттеу сабағы жүргізілді.  Зерттеу әдісі: «Балалар философиясы» Зерттеуге алынған сынып: 3«А» сынып Зерттеу сабағынан кейінгі талдау жүргізілді. Талдау барысында әр топ бір әдіске сала отырып, сабақ барысындағы әрекеттеріне талдау жасады. Бастауыш «Гаухарлар иерархиясы» әдісімен, математика тобы «SWOT» талдауымен, қазақ тілі тобы «Қара жәшік» әдісімен өз жұмысытарының сәтті, сәтсіз, зерттеудегі әдістерінің тиімділігі, нені жақсарту керектігіне талдау жасады. Талдау барысында А,В,С оқушыларына жүргізген бақылау жұмыстарымен оқушы үнімен таныстырып өтті.Қорытынды: Семинар соңында қара жәшік арқылы топтарға сұрақтар беру арқылы тәжірибе алаңы жүргізілді.Мақсаты: қара жәшік ішіндегі зерттеу сұрақтарын құрастырады. Топтарға төмендегідей тапсырмалар берілді.

  1. Зерттеудің жалпы формасы,жалпы формасының аспектісі дегенді қалай түсінесіз.
  2. Берілген сұрақтардың қайсысы зерттеу сұрағы,неге?   

Ойыңызды дәлелдеп көрсетіңіз? Оқыту үшін бағалау.(ОүБ).

А) ОүБ оқушылардың оқуын жақсартуға көмектесеме?

Ә) ОүБ мектепте жақсарту үшін не істей алмыз?

Б) Осы нақты бір мұғалім белгілі бір сыныпта оқытуды жақсарту үшін, ОүБ қалай пайдаланады?

  1. Зерттеу сұрағы анықтаудың қандай алгаритімдерін ұсынар едіңіз?
  2. Балмұздақ әдісі арқылы сұрақ құрастып үйренейік. Әріптестер арасында қорытынды талдау жасалды.Сөз аудадық білім бөлімінің әдіскері Г.Т.Медетбекова беріліп, қорытындысын шығарды.