«РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында семинар » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында семинар
13
апрель
2022

«РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында семинар

«Головацкий атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 27 қазанында «Өркен» желілік қауымдастығының ұйымдастыруымен үйлестіруші Ноғаева Ж.Е. мен директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тезекбаева Н.С. «РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында  оқушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың мақсаты: Аудандық математика пән мұғалімдері арасында   «РISA халықаралық зерттеуін жүргізу жолдарын көрсету және оны қолданысқа енгізу»

Жалпы семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Медетбекова Г.Т. және 17 мектептен 30 мұғалім келіп қатысты. 

 Семинар 08.35-08.45 дейін «Капитан» психологиялық тренинг жүргізу арқылы басталды. Мектеп психологтары Каскарауова Кенжегул Мухамеровна мен Жумашева Сандуғаш Курмангалиевна тренингті жүргізді. Семинар барысында төрт шебер сабақ, бір коучинг өткізілді.

 Шебер сабақтарды «Изоброжение обыкновенных дробей и смешанных чисел на координатном луче» тақырыбында 5-сынып оқушылармен Кигашбаева Маржан Максутжановна Пиза тапсырмаларын кіріктіре отырып, оқушылардың креативті ойлауын дамыту мақсатын негізге алды. Өткен сабақты қайталау үшін бөлшектен бүтін құрастыру арқылы «фазл» әдісін қолданды. Сабақ барысы «Кемедегі саяхат» тәсілі арқылы жүзеге асты. Сабақтың негізгі бөлігінде Пиза тапсырмаларын ұтымды пайдаланды. 

«Үшбұрыштың тамаша нүктелері» тақырыбында 8 «Ә» сынып оқушыларымен Нургалиева Сандугаш Ауелхановна сабақ өткізді. Шебер сабақты С.Ауелханқызы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында және сабақтың тақырыбын ашуда «бес жұлдыз», «конверт» сызбаларын математикалық түрде моделін анықтаудан бастады. Практикалық жұмыс барысында үлестірме қағаздары арқылы, жаңа терминдерге анықтама берді. Сабақтың негізгі бөлімінде Пиза тапсырмаларын пайдаланып,  оқыту мақсатына ұтымды жете білді. 

11-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында Пиза тапсырмаларын «Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау» тақырыбы бойынша тиімді сабақ өтті. Сабақ барысында «Әңгімелесетін әріптер», «Жылы лебіз», «Миға шабуыл» әдістерін пайдаланып, Халықаралық Зерттеу академиясының тәжірибесі кеңінен қолдана білді. 

«Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында Молдахметов Қуандық өз шеберлігін 7-cыныпта жүргізді. Пиза тапсырмалары арқылы өткен сабаққа шолу жасай келе, «Ойлан,Жұптас,Бөліс», «Ассациация стратегиясы», «Миға шабуыл» тәсілдерін сабақ барысында жеке, топтық, жұптық жұмыстарда ұтымды қолдана білді. Семинар соңында маетематика пән мұғалімі Ақан Айғаным «РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың креативті ойлауын дамыту»  тақырыбында коучинг жүргізді. Оқушылардың оқудағы жетістіктері цифрлық форматта тексерілетін PISA -2021 халықаралық тестілеуінің креативті ойлау аспектілері жекелей талқыланып, қатысушылар арасында тапсырмалар әзірленді.  Пиза тапсырмаларын қысқа мерзімді сабақ жоспарына кіргізу амалдары көрсетілді. Семинар барысында жүргізілген сабақтарына талдау жұмысы жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.