Хаттама №3 » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

Хаттама №3

                          № 3 2023 жылғы  « 06»   қаңтар

Төрайымы: Тезекбаева Назира Сакеновна

Хатшы:        Касенова Айгерим Каригуловна

Қатысқандар -76

Күн тәртібінде:

1.Әдістеме саласы бойынша  ІІ тоқсан, І жарты жылдық атқарған жұмыстарының қорытынды есебі. ДӘІЖО Тезекбаева.Н.С Кажытаева.А.Н 

2. "Lesson Study“ зерттеу сабақтарының 1-ші айналымы ашық сабақтар. ` (топ тәжірибесімен бөлісу) Топ жетекшілері Джанзакова С.Б Кигашбаева.М.М                     Тезекбаева   Ж.К

3.«Айгөлек» бірлестігінің онкүндігіне талдау.   

   Бірлестік жетекшісі Тоқсанбаева.А.Д

4.«Жеті керемет» бірлестігінің онкүндігіне талдау.                                                             Бірлестік жетекшісі Алимкожаева.А.Д

5.Облыстық, аудандық пәндер олимпиадасының қорытындысы. ДӘІЖО Тезекбаева.Н.С

Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе әдістеме саласы бойынша   ІІ тоқсан, І жарты жылдықта оқу бағдарламасының орындалуы, І жартыжылдықта атқарылған әдістемелік жұмысқа талдау жасады.      Әдістемелік нұсқау хат   Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2022 жылғы 15 сәуірдегі  № 2 хаттама).   

Мемлекеттік білім стандарты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» -Қазақстан Республикасы Оқу-  ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығы 6 қосымша «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу әдістемелік кешендердің , оның ішінде электронды нысандағы тізбесін бекіту туралы»  (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2022 жылғы  «16 » қыркүйектегі  №399   бұйрығына  61-қосымша жұмыс жүргізілді. ҚР Білім және ғылым минстрінің 2020 жылғы 6-сәуірдегі № 130 бұйрығының қосымшасын негізге ала отырып күнтізбелік тақырыптық жоспар, қмж жазу, БЖБ мен ТЖБ кестесін алып жұмыстар жүргізілді. Жас мамандармен ҚМЖ жазу, әдіс-тәсілдер тақырыбында вебинарлар өткізілді. Әдістемелік кеңес отырыстары уақытысында өткізілді. Бірлестік жетекшілер отырысы өткізіліп отырды. Облыстық, аудандық вебинарларға мұғалімдір қатысып, тәжірибе алмасты. Аттестатциядан өтуге өтініш берген мұғалімдермен отырыстар өткізілді. Дарынды оқушылармен пән мұғалімдері жұмыс жұргізіп, байқауларға қатысуын қадағалады. «Үздік педагог-2022» атты байқауына Ноғаева.Ж.Е қатысып, ауданнан орын алды. «Ең үздік медиатор мектебі» жалпы білім беретін мектептер арасында республикалық байқаудың ІІ (облыстық) қорытындысы бойынша Рахымғазы Айару ІІІ орын. Мұғалімдер жылына бір рет курстан өтіп, біліктіліктерін көтеріп отыру керектігі айтылды.


Аудандық «Зерде» КҒА 4 А сынып оқушысы Ерлік Асылмұрат бас жүлде, ал облыстық кезеңнен 3ші орын иеленді. Жетекшісі Агимова Жазира Курмангалиевна 

Республикалық «Жас Дарын» байқауынан 3 А сынып оқушысы Байдаулет Әли 3орын, жетекшісі Ибраймова жанат Хайролдаевна. Республикалық қашықтық олимпиадасына 3 Ә сынып оқушысы Байдаулет Әли қазақ тілінен қатысып 3орын алды. Жетекшісі Ибраймова жанат Хайролдаевна «Көкжиек» Республикалық білім балаларға арналған Қыран елім, Қазақстаным байқауынан 3А сынып оқушылары Нұрланқызы Айзере 1 орын, Тохтарбай Хабиболла 2 орын, Сәлкен Алихан 3 орын  жетекшісі Ұлдақан Гүлнұр 

Жаңа Жаркент қоғамдастық бірлестігінің ұйымдастырумен Абай өлеңдері видео байқауында 4 А сынып оқушысы Ержан Айша 2 дәрежелі дипломмен және 7000 тг ақшалай сыйлық иегері атанды. Жетекшісі Агимова Жазира Курмангалиевна.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Үркерге 44 тәрбиеленуші қатысып жауабы күтілуде.

Пони байқауына бастауыш сыныптар арасында 89 оқушы қатысып, жауабы күтілуде. 

Джакубаева Галия Шарипхановна, Рысбаева Гулмира Бейсенбаевна, Абылханова Маржан Абылхановна, Кигашбаева Маржан Максутжановнаның оқушылары қашықтықтан байқауларға қатысып, І,ІІ орын алды. Жас мамандарға әдістемелік көмектер берілді. Тәлімгерлер жас мамандарға сабақ барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша 2022 жылдың 24 қарашада «Өркен» жетекші мектебінің серіктес мектептері және аудан бойынша үйлестірушілермен  «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін қолдану»  тақырыбында семинар өткізілді.  

«Lesson study» - мектеп тәжірибесінде» тақырыбында мектеп үйлестірушісі Ж.Е.Ногаева мектепте жүргізіліп жатқан «Lesson study» топтарының зерттеу сұрағы, мақсаты, жүргізіліп жатқан жұмыстары жайында толық таныстырылым жасады. Таныстырылымнан кейін мектеп бойынша зерттеу жүргізіп жатқан үш топ өздерінің бірінші зерттеу сабақтарын, сабақтан кейінгі талдауларымен бөлісті. Он топтың ішінде үш топ өздерінің зерттеу сабақтарын көрсетіп, аудан мұғалімдері арасында өз ойларымен бөлісті.

Сөйлегендер: Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Джакубаева.Г.Ш 

Әдістеме саласы бойынша  І жарты жылдықта атқарылған әдістемелік жұмысқа талдау жасалынды, өзімізде осы жұмыстың ішінде жұмыс жасап жатырмыз. Мектепте жоспар бойынша сабақты зерттеу,  2022 жылғы  «16» қыркүйектегі  №399   бұйрығына  61-қосымша жұмыстар жүргізілді. Жылда мұғалымдардың курстан өтіп, жылдағы өзгерістерден қалмауымыз керек. 

Қаулы етті:

1.Әдістеме саласы бойынша І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.

1.1 Жылда өз білімін көтеру курстарынан өту  пән мұғалімдерінің назарына алынсын. 


2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе "Lesson Study“ зерттеу сабақтарының 1-ші айналымы ашық сабақтар. Топ жетекшілері Джанзакова С.Б, Кигашбаева.М.М, Тезекбаева   Ж.К тәжірибелерімен бөлісті.“Сөйлемдерді аяқтау” әдісі.Мен сыныпта өзгерткім келген бір нәрсе Менің тәжірибем ...жасағанда жақсаруы мүмкін.Менің жұмыс жасайтын оқушыларым үшін қажетті ...Оқыту үдерісіндегі ең маңызды нәрсе ...Оқушылар үшін ең жақсы оқу ортасы... . Зерттеу жүргізуде қойылатын маңызды сұрақтар:Неге ?Қалай?Не істеймін? “Балмұздақ әдісі” арқылы топтарға тапсырма берілді. “Балмұздақ әдісі” Жалпы фокустың аспектісі, Мақсаты ықпалы, Зерттеу мәнмәтіні, Қатысушылар, ? Сұрақ кезеңдеріне қарай лайфхак топтарға берілді. Дене шынықтыру пән мұғалімдері ұялы телефон қаңқасына салып, сабақ барысында оқушылардың қимыл қозғалысының аздығын түзете аламызба? Деген сүрақ арқылы өз ойларын ортаға салды. Бастауыш сыныптары ағаш қаңқасына салып, сұрақтарын анықтады. Балық қаңқасына салып, сыныпты, зерттеу сұрақтарына тоқталып өтті. Орыс тілі пәндері жетістік түймедағына салып, сұрақтарын анықтап, не?, қашан?, қалай? Деген сұрақтарымен бөлісті. Математика пәндері шырша қаңқасына салып, мәселе есептер шығара аламызба? Деген сұрақтарды ортаға салып, сыныптың зерттеу сұрағын анықтай алды. Топ жетекшісі Ж.Тезекбаева Айтылым дағдысын қалыптастыру, Қазақ әдебиеті сабағында айтылым деңгейінің төмендігі, Айтылым дағдысын жақсарту, Сұрақтардың алгоритмдерін пайдалану, 6 а сынып оқушылары, Қалай?  Деген срақ арқылы өз тобымен жұмыс жүргізілу барысына тоқталды. С.Джанзақова айсберг үстіндегі (мұзтау) кеме туралы айтты. Бұл жерде кеме теңіз үстінде де, ортасында да, тереңінде де жүретін атап айтты. Мұздықты жару үшін әртүрлі кедергіден өту кезеңдеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Топтарда бірлесе отырып, жұмыс жасады.

Сөйлегендер: Биология пән мұғалімі А.Алимкожаева бүгінгі үш әріптесіміздің семинар барысндағы тәжірибесін көріп отырмыз, бұл жерде өзіміз  лайфхак құру арқылы зерттеу сұрақтарын нақты анықтап, сол арқылы жұмысты жүргізу керектігін көріп түсіндік және үш әріптесімізге рахмет айтамын. ІІІ тоқсанда бізде осындай жұмыстар көрсетеміз деген ойдамыз.

Қаулы етті: 

2."Lesson Study“ зерттеу сабақтарының 1-ші айналымы ашық сабақтарымен тәжірибе алмасу,топ жетекшілері С.Б Джанзакова, М.М Кигашбаева, Ж.К. Тезекбаеваның   шығармашылық жұмыстары пән мұғалімдерінің назарына алынсын. 

2.1 Алдағы тоқсанда жеті топ мүшелері 16-20 қаңтар аралығында  зерттеу сабақтарының 1-ші айналымы ашық сабақтары өз деңгейінде өткізілсін. 

3.Үшінші мәселе бойынша «Айгөлек» бірлестігінің жетекшісі А.Д Тоқсанбаева қорытынды талдауына тоқталды. 21.11 - 02.12. аралығында онкүндік өткізілді. Апталықтың ашылуы өткізілді, мұғалімдер сыныптарымен үлгі сабақтар көрсетті. 25.11.22 3 « Ә »  акт зал сыныптан тыс   Қуыршақ театры» қойылымын                                                                    Ибраймова Жанат көрсетті. 24.11.22 сыныптан тыс 4 « Ә » 1  «А»                                                       Жол ережесін білейік ,Аман есен жүрейік   өткізді.  4 А  1А және 4 Б 3 Б  1 Б сыныптар арасында «Жол ережесін білейік » «Викторина » «Профессия »атты сыныптан тыс сабақтар өткізілді. SWOT талдауға салып, қорытынды жасады. Мүмкіндіктер

   Оқушылардың сыныптан тыс сабақтарға қатысуы белсенді болды.Оқушылардың ізденуге құлшыныстары артты.Мұғалімдер өзара тәжірибе алмаса алды.

Күшті жақтары:Ашық сабақтарда әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып өтуі.

Әлсіз жақтары:Сабақ барысында саралау тапсырмалардың аздығы.

 Қауіп-қатер:Оқушыларды бағалауда нақты критерийдің болмауы.

 Сөйлегендер: Бастауыш сынып мұғалімі Н.М.Темиргалиева сөз алды. Өздеріңіз біздің онкүндікте үлгі сабақтарымызға, сыныптан тыс сабақтарға қатысып көрдіңіздер. Кішкентай балалармен жұмыс жасау барысында оқушылардың білімдерін, тапқырлықтарын, үлгерімдерін байқадыңыздар. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың өлең шумақтарын айтуда, киім үлгісінде өте жақсы өтті. Бұл мұғалімдердің ауызбіршілікпен, жауапкершілікпен жұмыс жасады. 

Қаулы етті: «Айгөлек» бірлестігінің онкүндігі қанағаттанарлық деп танылсын.

4. Төртінші мәселе бойынша «Жеті керемет» бірлестігінің жетекшісі А.Д. Алимкожаева өткізілген онкүндіктің өткізілу барысына тоқталды. 05.12 күні «Жеті керемет» пән бірлестігінің  ««Тәуелсіз елім- Қазақстан»» тақырыбындағы апталықтың ашылуы болып апталықта істелетін іс-шаралармен таныстырылды.Мақсаты: Химия, биология және география, тарих пәндеріне    оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Апталықтың ашылуы ертенгісін  мектепке   кіре берісте  ұлттық нақышта киіз үйдің көрінісін жасап, қазақтың ұлтық тағамдары қойылып,сабаққа келген оқушылар мен ұстаздарға викториналық ойындар ойнатық.Ертеңгі лездемеде апталықтың ашылуын жарияладық.Апталықта өтілетін іс-шаралармен таныстырып, оқушылардың белсене ат салысуға шақырды. Апталықта оқушылардың шығармашылық жұмыстары  ақпарат орталығына ілінді. 6 «Ә»сыныппен «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында  М.И. Укибасова үлгі сабақ көрсетті. 8 «ә» сыныппен «Құрлық суларының экологиялық проблемалары» тақырыбында Куртибаев Даурен сабақ көрсетті. Сабақтан тыс, сайыс сабақты Укибасова Макпал «Үздiк құқықтанушы» сайыс өткізді. Сайыстың шарттарымен таныстырып, үздік құқықтанушыны анықтады. Бірлестік мүшелері түгелдей үлгі сабақтарын кқрсетіп, тәжірибе алмасу жүргізілді. Мұғалімдер арасында өздерінің ұсыныстарын айтып, бағыт бағдар көрсетті.Апталықтың жабылуында түрлі сайыстарға қатысқан оқушыларды мадақтап, алғыс хат, мадақтама берілді.

Сөйлегендер: Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.М.Абылханова сөз алды. Біз онкүндікте үлгі сабақтарына, сыныптан тыс сабақтарға қатысып көрдік. Ең алдымен апталықтың ашылуының өзі мектепке кіріп келгенде сұрақтар қою арқылы қазақтың тағамдарымен қарсы алып, сұрақтарға жауап алып, қазақ халқының домбырасымен таңғы көңіл күй сыйлағаны өте жақсы. Сабақ барысында тиімді әдіс тәсілдерді пайдалануы, оқушылардың қызығушылығы, жауап беруі жоғары деңгейде өтті. Ар сабақтан өзімізге аларымыз болды. 

Қаулы етті: «Жеті керемет» бірлестігінің онкүндігі қанағаттанарлық деп танылсын.

5.Бесінші мәселе бойынша облыстық, аудандық пәндер олимпиадасының қорытындысына ДӘІЖО Н.С Тезекбаева тоқталып өтті. «Ең үздік медиатор мектебі» жалпы білім беретін мектептер арасында республикалық байқаудың ІІ (облыстық) қорытындысы бойынша Рахымғазы Айару ІІІ орын. Аудандық «Зерде» КҒА 4 А сынып оқушысы Ерлік Асылмұрат бас жүлде, ал облыстық кезеңнен 3ші орын иеленді. Жетекшісі:Ж.К Агимова Республикалық «Жас Дарын» байқауынан 3 А сынып оқушысы Байдаулет Әли 3орын, 3 Ә сынып оқушысы Байдаулет Әли қазақ тілінен қатысып 3орын алды. Жетекшісі: Ж.Х. Ибраймова.«Көкжиек» Республикалық білім балаларға арналған Қыран елім, Қазақстаным байқауынан 3А сынып оқушылары Нұрланқызы Айзере 1 орын, Тохтарбай Хабиболла 2 орын, Сәлкен Алихан 3 орын   жетекшісі Ұлдақан Гүлнұр 

Жаңа Жаркент қоғамдастық бірлестігінің ұйымдастырумен Абай өлеңдері видео байқауында 4 А сынып оқушысы Ержан Айша 2 дәрежелі дипломмен және 7000 тг ақшалай сыйлық иегері атанды. Жетекшісі Ж.К.Агимова 

Пони байқауына бастауыш сыныптар арасында 89 оқушы қатысып, жауабы күтілуде. 

Джакубаева Галия Шарипхановна, Рысбаева Гулмира Бейсенбаевна, Абылханова Маржан Абылхановна, Кигашбаева Маржан Максутжановнаның оқушылары қашықтықтан байқауларға қатысып, І,ІІ орын алды. 2022 жылғы 08 қарашадағы   №195/1-ө бұйрығы негізінде қараша  айының 09 -11 күндері аралығындағы  5-6 сынып оқушылары арасында 09.11.2022 жылы мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасына 46 оқушы қатысып, өз білімдерін көрсетті. Математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, ағылшын тілінен 20-30 сұрақтан тұратын тапсырмалар алынды.

9-11 сынып оқушылары арасында 10.11.2022 жылы мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасына 36 оқушы қатысып, өз білімдерін көрсетті. 

Олимпиада жеңімпаздары ауданға қатысуға жолдама алды. Ауданға 16 оқушы олимпиадаға қатысып, орындарын алды. 

1.Сулеймен Адия  Уланқызы ағылшын пәні ІІІ орын жетекші А.Ж.Исмайлова

2. Сағатбай Қырмызы Талғатқызы қазақ тілі мен әдебиеті 27 балл  3-орын Ж.Е.Ногаева

3.Амантай Нурай Азаматқызы ағылшын тілі 20 балл 3-орын жетекшісі: А.ККудайкулова 

4. Болат Сезім Сабитқызы орыс тілі мен әдебиеті 30 балл 3-орын жетекшісі: А.Қ,Бекназар

5. Молдрахим Ясмина Бағжанқызы орыс тілі мен әдебиеті 34 балл 3-орын жетекшісі: С.Абай

6. Кумарбек Жандос Мухтарханұлы Алғыс хат жетекшісі: Г.Ш.Джакубаева

7. Серік Тоғжан   Даниельқызы Қазақстан тарихы 22 балл 3-орын жетекшісі:М.И.Укибасова 

8. Бахарова Ясмина Ахметжановна Қазақстан тарихы 27 балл 3-орын жетекшісі:А.Аманова

9. Нуржаубек Інжу  жаратылыстану12 балл 3-орын жетекшісі: Р.Д.Онгарбаева 

10. Тұраш Айерке Мұратқызы жаратылыстану 24 балл 1-орын  жетекшісі:А. Алимкожаева

11. Сакен Қырмызы Дастанқызы орыс тілі  28 балл 3-орын жетекшісі:А.К.Касенова

12. Гапырова Аяла  қазақ тілі 36 балл 3-орын жетекшісі:А.Б. Бримкулова 

Олимпиада жеңімпаздары ауданға қатысуға жолдама алды. Ауданға 14 оқушы жіберілді. 

Сөйлегендер: География пән мұғалімі К.Н.Абулкасынова сөз алды. Енді пән мұғалімдері көріп отырсыздар 16 оқушыдан 12 оқушы І-ІІІ орындар алып отыр, І орын алған оқушымен қосымша жүмыстар жасауымыз қажет. Неге көптеген оқушылар І орын алып, облыс көлемінде шығуда әлсіздік бар, жұмыс жасауымыз қажет.   

Қаулы етті:

5. Облыстық, аудандық пәндер олимпиадасының қорытындысын анықтау ДӘІЖО Н.Тезекбаеваға тапсырылсын.

5.1 Облысқа баратын Тұраш Айерке Мұратқызы жаратылыстану пәні бойынша қосымша   жұмыстар жүргізу А. Алимкожаева жүктелсін.

5.2 Оқушылардың аудандық, облыстық  пәндер олимпиадасына дайындап қатыстыру пән мұғалімдерінің назарына алынсын.



Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары                     Н.Тезекбаева

Хатшы                                                                                              А.Касенова