Оқу әдістемелік жұмыс » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2022

Оқу әдістемелік жұмыс

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Айқын» қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің өткізген пән апталығы   туралы

Анықтама

     2022-2023 оқу жылында 26.09-07.10 аралығында «Айқын» әдістемелеік пән бірлестігінің пән апталығы өтті. Апталық  жоспары құрылып, бекітілді. 26 қыркүйек күні лездемеде апталықтың жоспарымен таныстырылды. Жоспар бойынша әр пән мұғалімі уақытымен 1 ашық сабақ, 1 сыныптан тыс шара өткізді. 

 Апталықта өткізілген ашық сабақтар тізбесі:

Іс-шара атауы

Мерзімі

Түрі

Жауапты


«Тіл –ұлттық қазына»

тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы

26.09.2022ж

Салтанатты

ашылу

Тіл мамандары


«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

27.09.2022ж

Ашық сабақ

10 «А» сынып 

2-сабақ

Тезекбаева Ж.К.


«Көшпелілердің жазуы»


27.09.2022ж

Ашық сабақ

7 «А» сынып

3-сабақ

Рахметуллаева Г.Н.


«Жаһандану және ел тағдыры»

28.09.2022ж

Ашық сабақ

9 «Ә» сынып

3-сабақ

Ноғаева Ж.Е.


«Жайлаудың ауасы таза»

28.09.2022ж

Ашық сабақ

6 «Б» сынып

3-сабақ

Бримкулова А.Б.


«Менің отбасым»

29.09.2022ж

Ашық сабақ 29.09.2022ж

4 «Б» сынып

Нурымбетова А.О.


«Үш тілде білім беру қажеттілігі»

29.09.2022ж

Дебат 

Рахметуллаева Г.Н.


«Тіл – ел байлығы» 

30.09.2022ж

Эссе жазу байқауы

Тіл мамандары


«Сөз көсемі - Ахмет»

03.10.2022ж

Білгірлер сайысы

Нурымбетова А.О.


«Қожа тәртіпті бала»

04.10.2022ж

Ашық сабақ 

5 «Б» сынып

3-сабақ

Касенова А.К.


«А.Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы»

04.10.2022ж

Дөңгелек үстел

Тезекбаева Ж.К.


«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы»

05.10.2022ж

Көркем сөз байқауы

Ноғаева Ж.Е.


«Қасқыр мен қозы» 

06.10.2022ж

Қуыршақ театры

Бримкулова А.Б.

Касенова А.К.


«Тіл –ұлттық қазына»

тақырыбындағы онкүндіктің жабылуы. 

07.10.2022ж

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Балалар әлемі» байқауы


Тіл мамандары


         Ашық сабақтарды пән мұғалімдері тиімді әдіс-тәсілдер мен қосымша ресурстарды пайдалана отырып, өз деңгейінде өтті. Ашық сабақтарға директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Н.Тезекбаева,мен пән мұғалімдері қатысып, сабақ талданып, өз пікірлерін білдірді. Пән мұғалімдеріне ұсыныстар айтылды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.

      Сыныптан тыс шаралар да өз уақытымен, жоғары дайындықпен өткізілді. Әр іс-шараға жеке тоқталсақ:

    2022 жылдың 26-қыркүйегінде 8 «А» - 8 «Ә» сынып оқушылары арасында «Үш тілде білім беру қажеттілігі» тақырыбында дебат ойынын Г.Рахметуллаева  жүргізді.

Дебат ойынының мақсаты: оқушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, оқушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру,   қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу,  дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру. 

Оқушыларға дебат ойынының тақырыбын хабарлап, ережелерін түсіндірді. Оқушыларды «Үкімет» пен «Оппозиция» топтарына бөлді. Оқушылар өз позицияларын ұстана отырып, тақырыпқа қатысты пікірталасқа түсті. Ойын тартысты өтті. Төрешілер әділ төрелік етіп, ойынның қорытындысын хабарлады. Оқушылар марапатталды.

2022 жылдың 30-қыркүйегінде тіл мамандарының ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында   «Тіл – ел байлығы» тақырыбында эссе жұмыстары алынды. Эссе жұмыстары жинақталып, таңдаулы жұмыс иелері марапатталды.




«Сөз көсемі - Ахмет» тақырыбында 2022жылдың 03 қазанында Нурымбетова Айгүл 7-8 сынып оқушылары арасында білімділер сайысын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін толықтыру, оның шығырмашылығымен жақын таныстыру. Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса», «Төл-құрал», «Әдебиет танытқыш» еңбектері туралы ойын мазмұнын ашатын викториналық сұрақтар мен нақыл сөздері арқылы танымдық денгейлерін дамыту.

Іс-шараға пән мұғалімдері қатысып, байқауға қатысты өз ойларымен бөлісіп,  ыстық лебіздерін білдірді.

      04 қазан күні пән  мұғалімі Ж.Тезекбаева  8-10 сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «А.Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Мақсаты: ЖасұрпаққаА.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен, қоғамдық және шығармашылық қызметін таныстыру, өз елін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, А.Байтұрсынов шығармашылығын 3 тілде насихаттау. 


Іс-шарада оқушылардан Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы пікірлерін сұралды. 

  1. Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің негізін салушы
  2. Әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі 
  3. Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш идеясы – тақырыптары бойынша әңгіме жүргізді. 

Іс-шараға пән мұғалімдері мен оқушылар қатысып, өздері үшін өте құнды , әрі қызықты мәліметтер алғандарын жеткізді. 

 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Ноғаева  апталық барысында 5-9 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында көркем сөз байқауын өткізді.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін толықтыру, оның шығырмашылығымен жақын таныстыру, оқу сауаттылығын арттыру, көркем сөз оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту (көркем шығармаларды оқуды насихаттау, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Сыныптан тыс шараға ДӘІЖО Н.Тезекбаева, «Айқын» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Г.Рахметуллаева және пән мұғалімдері Ж.Тезекбаева  мен А.Қасенова  қатысты. Әділқазылар байқаудың қорытындысын шығарып, байқаудың нәтижесін хабарлады. 

Көркем сөз байқауының қорытындысы бойынша 1-орын 9 «Ә» сынып оқушысы Ержанқызы Еңлік , 2-орын 9 «Ә» сынып оқушысы Дінмұхамед Көркем , 3-орынмен  9 сынып оқушысы Ораз Айым марапатталды.

Іс-шара барысында :Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы екендігі. Ұлы Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деген ұлағатты сөздері барынша насихатталды.

2022 жылдық 6 – қазанында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Бримкулова Алия мен Қасенова Айгерім Ахмет Байтұрсынұлының «Қасқыр мен қозы» мысалына қуыршақ театрын ұйымдастырды. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысып, мысалдағы кейіпкерлер рөлін сомдады. 

Мақсаты: Оқушылардың А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныстыра отырып, ептілікке , өз ойын еркін, дұрыс жеткізуге дағдыландыру . А.Байтұрсынұлының еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.  

Іс-шараға ДӘІЖО Н. Тезекбаева мен «Айқын» пән бірлестігінің мұғалімдері қатысып, іс –шараға қатысты өз ойларын білдіріп, оң бағасын берді. Қуыршақ театры оқушылардың қызығушылығын арттырды. 

Похожие публикации:

09 январь 2023 Хаттама №3
11 март 2022 Тәрбие жұмысы
11 март 2022 Тәрбие жұмысы