Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
21
апрель
2023

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Головацкий атындағы орта мектепте 2023 жыл 20 сәуір күні сағат 16:00де облыс көлемінде  жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар саны: 80%
                                Күн тәртібінде:
1. Оқу-ағарту министрлігінің ата-аналарға жолдаған үндеуі.
Жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың 
алдын-алу.
2. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде заңды өкілінсіз жүруі. Сабақтан кейінгі уақытының дұрыс ұйымдастырылуы. Бала өмірінің қауіпсіздігі.  
3. Жазғы сауықтыру.
   ЖББ қорынан сыртқы лагерьге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы. 
4. Психологтың  ата-аналарға кеңесі, бала тәрбиесіне қатысты тренингтер 
                            Тыңдалды: 
Мектеп директоры Қ.Аскарбексөз алды. Ол өз сөзінде ата-аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігінің ата-аналарға жолдаған үндеуімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың 
алдын-алу бойынша ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу керектігіне тоқталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Абулкасынова жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы шаралармен ата-аналарды хабардар етті. Оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру, ЖББ қорынан сыртқы лагерьге баратын әлеуметтік санаттағы балаларды қамту туралы ДТІЖО М.Аркенова ата-аналарға толық мағлұмат берді. Мектеп психологтары К.Қасқарауова,Ж.Құрманғалиева ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді. Жиналысқа ата-аналар белсене қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтің ата-аналарға жолдаған үндеуін бір ауыздан қолдады.