Қазан айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазан айының жұмыс жоспарының анықтамасы
29
март
2022

Қазан айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

  2021 жыл қазан айының соңында кітапханашылар оқу қорындағы кітаптарды оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты есептен шығару актісі жасады.

  Биылғы оқу жылында 1 қазақ, орыс сыныптарының оқулықтар және 3,7,8 сыныптардың информатика оқулығын, әдістемелерді жалпы оқу қорынан шығарды.

Мектеп директорының №80 бұйрығының негізінде 1095 дана оқулық және әдістеме 1044388 теңге №21 актісі даярланды.



 
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш



Анықтама

11 қазан 2021 жыл 5 «А» сынып жетекшісі А.Қасенова мен кітапханашылар  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсарин туғанына  180 жыл толуына орай  «Даланың дара ұстазы»   атты сынып сағатын өткізді.

    Мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындаЫбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан–жақты талқылау.«Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

Кітапханашылар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф , фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толуына орай  «Әке мен бала» әңгімесі оқып, балалар кері байланыс жасап, түсінгендерін айтты. Әңгіменің идеясына орай мақал–мәтелдер айтып өтті. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқушылар жатқа айтты.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш



Анықтама

      15 қазан 2021 жыл 9 «ә»  сынып жетекшісі А.Бримкулова мен кітапханашылар сыныпта Сайын Мұратбеков туғанына  85 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына шолу  жасап, кітаптарымен таныстырды.  

Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған кітапханалық – библиографиялық ұсыныс тізімді оқырман назарына ұсынып,оқушыларға жазушының кітаптарымен жақынырақ таныстыру

Кітапханашылар Сайын Мұратбеков туралы бейне материалдар көрсетіп, кітаптарына шолу жасады.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, 

Анықтама

     25 қазан 2021 жыл  2 «Ә» сынып жетекшісі Ж.Ибраимова мен кітапханашылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындаҰлы ағартушы Ы.Алтынсариннің туғанына  - 180 жыл толуына орай  «Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин»атты сынып сағатын өткізді
 
Мақсаты:Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындаҰлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

 Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік  

пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

 Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу .

Кітапханашы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен,  сынып жетекшісі шығармаларымен  таныстырып өтті.

Жырдан шашу бөлімде  «Ананың сүюі» Қызайбек Бекнұр,  «Кел, балалар, оқылық» Әскер Өміререн, Шәріппола Әлішер, Мухамеджан Інжу, «Өнер, білім бар жұрттар» Шәріпхан Нұрәли, «Жаз» Байдаулет Әли,  «Қарға мен түлкі» Дарханқызы Айзере, «Балғожа бидің баласына жазған хаты» Кенжехан Інжу, «Бұл кім?» Ыдырыс Жансерік, «Өсиет» Жолдасқызы Нұрай, «Әй, достарым» Бектұр Жантөре, Бекбатыр Көркем.

Әңгімелері: «Шеше мен бала» Қанабек Абдуллаһ, «Әдеп» Маулет Мирас, «Әке мен бала» Нұрбақыт Інжу, «Таза бұлақ» Тұрдаханов Саят, «Мейірімді бала» Мулдрахим Бейбарыс, «Жаман жолдас» Сулеймен Ақтаң әңгімелеп берді.

                                          Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш