Орта білім беру ұйымдарына арналған желілік қауымдастықтың хаттамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орта білім беру ұйымдарына арналған желілік қауымдастықтың хаттамасы
16
апрель
2022

Орта білім беру ұйымдарына арналған желілік қауымдастықтың хаттамасы


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130
 Бұйрығына 11-қосымша


«Головацкий   атындағы  орта  мектеп    мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

(білім беру ұйымының атауы) 

Орта білім беру ұйымдарына арналған желілік қауымдастықтың   хаттамасы

  Өткізілген күні 18.01.2021ж  

  Қатысқандар:_8  (тізім қоса тігіледі)

                    

Күн тәртібі:

1.    Желілік қоғамдастықтың тобын бекіту. Қоғамдастық мүшелерінің міндеттерін бөліп беру. Қызығушылығы бар әріптестерді шақыру, жоспармен таныстыру.



Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.М.Туганбаев сөз алып, «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы»  нұсқау хатмен таныстырды.Жетекші мектепке біріккен, кәсіби қоғамдастыққа кіретін серіктес мектептердің тобын Білім басқармасының органы мен өңірдің әдістемелік қызметтері құрады. Жетекші мектеп қызметінің міндеттері, жетекші мектептің функциялары,  серіктес мектептің қызметі туралы түсіндіріп өтті. Әрбір Жетекші мектепте үйлестіруші белгіленеді – ол ұйымдастыру, жоспарлау, бағалау және қызметін мониторингілеу функцияларын жүзеге асыратын өкілетті тұлға болып саналады. Үйлестірушінің рөлін мектептің әдістемелік активінің құрамына кіретін ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, көшбасшы мұғалім орындай алады. Үйлестірушіні Үйлестіру кеңесінің келісімі бойынша жалпы білім беретін ұйым басшысы тағайындайдыЖетекші мектептердің жұмыстарын үйлестіріп, әдістемелік басшылық жасау үшін әр ауданда ұжымдық кеңесу органы – үйлестіру кеңесі сайланады. Желілік қоғамдастық үйлестіруші Ж.Ноғаева 

Қазіргі уақытта білім беруді дамытуда қоғамдастықтың маңызы өте зор болып отыр.  Желілік қауымдастық сәтті ұйымдастырылуы үшін төмендегі факторлар ескерілуі керек, олар:

 - Сәтті қоғамдастық құру үшін директордың қолдауы қажет;

 - Қоғамдастық қызметін қадағалайтын жетекшісі болуы шарт;

 - Әріптестер қоғамдастықтың тиімділігіне сеніп, жұмысты жоспарлауға қатысулары керек;

 - Қоғамдастықтың кез келген ісі нәтижелі жоспарлануы керек;

 - Қойылған мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты бақылау болып тұруы керек.                                 

          Желілік қоғамдастықты жоспарлағанда осы факторларға көңіл аударған жөн. Біздің мақсатымыз: қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге қабілетті, өз ойын жетік, еркін жеткізе алатын, білімді, кез келген жағдайға төзімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, яғни жаңа бағдарламамен, жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісінде "жаңа бағытта" жылжу – заман талабы. Желілік қоғамдастықтың мақсаты: әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу,  проблемаларды ортаға салып, шешу жолдарын бірлесіп шешу және тиімді әдіс-тәсілдерді  талқылау, салыстыру. Сонымен қатар бір-бірлеріне қолдау көрсету болып табылады.    

          Мектеп директорының қолдауымен қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдерді анықтап, олардың басын біріктіріп, деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдермен топ құрып, мектепте қоғамдастық құрудың маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы таныстырған дұрыс. Негізгі ережелер жетекші мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған желілік қауымдастық жоспары туралы айтып өтті. Біз қазіргі уақытта 4 мектеп арасында желілік қауымдастық жүргізіледі. 

Күтілетін нәтиже: Кәсіби біліктілігіміз үздіксіз жетіліп отырады; мұғалімнің кәсіби деңгейі жоғарлайды; мектептер арасында іскерлік қарым-қатынас орнайды; жаңа идеялармен алмасады; 

Желілік қауымдастықтың тобын бекіту;

-  Мұғалімдер арасындағы нтымақтастықты құру;

- Әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу; 

-  Қоғамдастық мүшелерінің міндеттерін бөліп беру; 

- Қызығушылығы бар әріптестерді шақыру;

- Проблемаларды ортаға салу;

- Проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп анықтау; 

- Әріптестердің кәсіби жетілуіне мүмкіндік жасау;

- Шығармашылық деңгейінің өсуіне ықпал ету; 

- Тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау;

- Бір-біріне қолдау көрсету; 

Жетекші мектептің сайты, блогі, ресурстық порталы арқылы үнемі ақпараттық-әдістемелік алмасу негізінде жұмысты жүзеге асыру.

Қорыта келе, мектептің даму жоспарын жетілдіру үшін желілік қоғамдастықтың маңызы зор. Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасуы тиімді, себебі өз мектебіміздің ішінде ғана емес, басқа мектептер арасында да байланыс жүріп тұрады. Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа ұмтылуына қауымдастық септігін тигізеді. Қоғамдастық мүшелері жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, көшбасшы, үйлестіруші және дамытушы ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің дамуына өз үлестерін  қосады деп ойлаймын деп аяқтады.


Сөйлегендер: «Көбіков орта мектептің тренері Далабаева А, Сатай батыр атындағы орта мектептің директоры Ноғаев Нұргелды Тұрғанұлы Желілік қоғамдастың біз үшін маңызы зор, себебі мұғалімдер бірлесе жұмыс жасайды, тәжірибе алмасады.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту, барлық пәндер бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Бүгінде біз ақпарат қоғамда өмір сүрудеміз. Сондықтан үйрене білу және үйренуге ұмтылуымыз қажет.   


Қаулы етті: 

Осы таныстырылған жоспар назарға алынып, тәжірибе алмасу мектептер арасында жүргізілсін.