"Ізденейік, үйренейік жас маман!» атты жас мамандар апталығының ашылуы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ізденейік, үйренейік жас маман!» атты жас мамандар апталығының ашылуы
16
апрель
2022

"Ізденейік, үйренейік жас маман!» атты жас мамандар апталығының ашылуы

Жас маман апталығы


     I -Жүргізуші.

Қайырлы күн, әріптестер,  ұстаздар және жас мамандар! «Ізденейік, үйренейік жас маман!» атты жас мамандар апталығының ашылуына  қош келдіңіздер!


II -Жүргізуші.

«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.


      I -Жүргізуші.

Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
 Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
 Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
 Жанымды толтырады бұла мұңға.


II -Жүргізуші.

Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
 
Көш бастар замананың ері емес пе?
 Жатталып кейінгіге хаты қалған,
 Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе,        демекші
осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.


І -Жүргізуші:
 Ойында мейірім, ақ тілек,

Жүреді әркез бақ тілеп.

Назира апай біздің қашанда,

Сыпайы, әрі ақжүрек.

Жумурбаева Назира Топарбайқызы логопед маман.
 Ұстанымы: «Білсе білім- күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге»


ІІ -Жүргізуші:
 Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

     Балауса апай әрқашанда қалайды,

     Шәкірттері өзінен де озғанын.

Бағыбаева Балауса Тохтасынқызы бастауыш сынып мұғалімі

Ұстанымы: «Ақырын жүріп, анық бас. Еңбегің кетпес далаға»

     Тәлімгері: Ағымова Жазира Құрманғалиқызы


     І -Жүргізуші:

     Шешілмеген есептің,

     Жауабын іздеп табатын.

     Шырындайын маманнан

     Шәкірт ұғып алады.

    Асқар Шырын математика пәні мұғалімі

    Ұстанымы «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап»

    Тәлімгері: Абылханова Маржан Абылхановна
       

ІІ -Жүргізуші:

Бала-шаға отбасымен бақытты,

Күнделікті шәкірттерге асықты.

Бастауыштың мұғалімі- Индира апай

Іскерлікпен ісін алға танытты.

Қиғашбаева Индира Мақсұтжанқызы бастауыш сынып мұғалімі.

Ұстанымы: «Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.»

Тәлімгері: Алтынбекова Наталья Лаврентиқызы.


I –Жүргізуші:

Елін, жерін сүю үшін шәкірттер,

Болу керек патриот, намысты ер.

Мұғалімдік мамандыққа керек екен,

Ерлан ағайдай, ашық жанды жігіттер.

Ордабаев Ерлан Абдукаримұлы бастауыш сыгып мұғалімі.

Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе- өзіңді-өзің түсіну»

Тәлімгері: Таубаева Роза Балтабаевна 


     ІІ - Жүргізуші:

Бала бидай ауылдың даналары, 

Талай-талай асуларды алар әлі.

Мектептің 2 Ә сынып оқушылары,

Бәрі- Гүлнұр Бақытқызының балалары.

Ұлдахан Гүлнұр Бақытқызы
 Ұстанымы: «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»
 Тәлімгері: Ибраимова Жанат Хайролдақызы









    І -Жүргізуші:

   Қаза тілім өз тілім,

   Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.

   Ана тілді ұқтыруға талпынған,

   Айгеримдей жас маман.
     Қасенова Айгерім Каригулқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.


ІІ -Жүргізуші:
 Білім берер алабы, 

Көркем еңбек сабағы.

Қолөнердің барлығын

Динара апай жасап алады.

Амербекова Динара Жұмақанқызы көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Ұстанымы «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы»

     Тәлімгері: Мұқашев Шәріпхан Рыскелдіұлы.
 
 

І -Жүргізуші:
 Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Сабағында жалқаулықты жоятын.

Әрқашанда білгенімен бөлісер, 

Нұрбақыт Әнуарұлы жас маман.

Мұстапаев Нұрбақыт Әнуарұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Ұстанымы «Шынықсаң шымыр боларсың»

Тәлімгері: Темірғалиева Нүргұл Мейрамжанқызы


ІІ -Жүргізуші:

Тұрпаннан сен келесің,
 Бастауыштан бересің.
 Білім беріп балаға, 

Сусындатып жүресің

Нұрғалиева Айдана Нұржанқызы бастауыш сынып мұғалімі.

Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»

Тәлімгері: Бегжанова Гүлбархан Жәлелқызы


 
 






І -Жүргізуші:

Білім, өнер бәріне бар талабы

Әрқашанда ашық жарқын қабағы

Әлмя апайдың әрбәр берген сабағы

Мәңгі,мәңгі, мәңгі есте қалады

Жұмаділ Алия Нұрмұхамедқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
 Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
 Тәлімгері: Тезекбаева Назира Сәкенқызы


ІІ - Жүргізуші:

  Шешендікке баулытып,

  Ана тілді сүйгізген.

  Инабат біздің гүліміз,

  Танысыңыз, біліңіз.

Құдайберді Инабат Жақсылыққызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

   Ұстанымы: «Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»

   Тәлімгері: Ноғаева Жанна Ескендірқызы


І -Жүргізуші:

   Сабырлы, әрі салмақты 

   Өзі сондай байсалды.

   Еңбек пәні ұстазы

   Ақерке біздің жан- жақты.

Қастеева Ақерке Ермекқызы көркем еңбек пәні мұғалімі. 

Ұстанымы «Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Тәлімгері: Қартбаев Ербосын Нұрымұлы


 ІІ -Жүргізуші:
 Ақырын жүріп, келесің аяңменен

Жұмысыңыз үнемі баламенен.

Компьютермен жұмысы әрқашанда,

Информатика ұстазы бала білген.

Джумабаева Тоғжан Джолданқызы информатика пәні мұғалімі

Тәлімгері: Оразбаева Жанар Зейнелқызы

    Ұстанымы «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын бар           ынтасымен атқара білуі қажет»







 
І -Жүргізуші:

Ұстаз деген қадірлі атқа лайық,

Ұлы жанды құрметтер бар халайық.

Шақырамыз ізетпенен ортамызға,

Педагог ассистентті қарсы алайық.


Төлепбергенқызы Ақерке педагог ассистент.

Ұстанымы: «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»


ІІ -Жүргізуші:

Спортты серік еткен өн бойына,

Жеті өнерді жинаған өз бойына.

Сабырлы да, салмақты Еділ ағай,

Шығады әлі талай биік шыңға.

Қожамқұлов Еділ Жұмаханұлы дене шынықтыру пәні мұғалімі

Ұстанымы: «Тек қана алға!»

Тәлімгері: Мұсаев Рахымжан Сейітұлы
 
 І -Жүргізуші:
 Тарих деген түп қазығым, тамырым,

Тамырымды білу менің парызым

Бұл ғылымды үйретуге талпынған 

Жалғас деген жас маман!

Жалғас Серікқызы тарих пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Баланы үйрете жүріп, өзім де үйренемін»

Тәлімгері: Укисбасова Мақпал Искакбековна 


ІІ -Жүргізуші:
 «Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ тілегімен ортаға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абулкасынова Кулбархан Нурбаевнаны шақырамыз.
 
 

Ән: Жас мамандар әні.


І -Жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас,

     Еңбегің кетпес далаға.

     Ұстаздық қылған жалықпас,

     Үйретуден балаға.

Ортаға жас маман Қастеева Ақерке Ермекқызын  «Жас мамандар маршы» әнімен қарсы алайық. 



Арыстандай айбатты,
 Жолбарыстай қайратты,
 Қырандай күшті қанатты,
 Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді сіздер. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, осынау қоғам алдындағы, аса маңызды бұл қызметте мәртебелеріңіз үстем болсын жас мамандар! Ал, олай болса жас мамандарға сәт сапар! Жетер жетістіктеріңіз көп болғай!


Директордың оқу- әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тезекбаева Назира Сәкенқызына сөз береміз!