«Жігерлі жас маман» атты жас мамандар арасындағы топтық сайысы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жігерлі жас маман» атты жас мамандар арасындағы топтық сайысы
16
апрель
2022

«Жігерлі жас маман» атты жас мамандар арасындағы топтық сайысы

«Жігерлі жас маман» атты жас мамандар арасындағы топтық сайысы 

І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
 ІІ Жүргізуші:-  «Жігерлі жас маман» атты жас мамандар арасындағы топтық сайысына қош келдіңіздер!

 І Жүргізуші:
 «Мұғалім – әр бір жанның жүрегіне жылу сеуіп, біліміне нәр берген ұлы есім. Еліміздің тұғырын туралайтын, тура жол сілтейтін бағыттаушы мамандық.  Себебі, еліміздің болашағының жарқын болуы  - бүгінгі жастардың қолында. Ал жастардың білімді де білікті болуы қазіргі  заман талабы.

 ІІ жүргізуші:

Бойында жігері бар жас мамандар,

Дара жолдан даңғылға бастағандар.

Арманың бар сендердің аласармас,

Алатаудың шыңы емес аспанды алар.

І жүргізуші:

Сендер мына елімнің қырандары,

Сендер – әрбір шәкірттің шырағданы.

Шалқар шабыт жіберген соң

Жастар жыр арнамай тұра алмады,–

ІІ жүргізуші:
 Құрметті көрермен осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын бастап жатқан жас мамандарға сәттілік тілей отырып, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз. 

 ІІ жүргізуші:
 Шын жүйріктер сыналады жарыста,
 Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
 Әділқазы бағалайды сіздерді,
 Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
 Ендеше сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізді, өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
 
ІІ жүргізуші:
 Сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
 1-кезең Таныстыру
 Ескеріледі:- Мазмұны
 - Көрерменге әсер етуі
 - Орындау шеберлігі
 - эмоционалдығы
 2-кезең – Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Презинтация
 1. Жүргізуші: Бұл кезеңде қатысушылар сабақ барысында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен таныстырып, тиімділігін айқындайды. 

 3-кезеңде Елім, жерім деп соққан жүректерді ән әуенімен тыңдайтын боламыз. Яғни, қатысушылар патриоттық ән орындайды.

 4- кезең – «Болашақтағы мен» жобасы.

Бұл кезеңде қатысушылар өз қалауымен дайындалған болашақтағы арманымен бөліседі. 
 ІІ жүргізуші:
 Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
 І жүргізуші:.
 Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
 Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
 Ізгілік пен мейірімге толы ол,
 Шуақ болып жүректерге таралар.
 ІІ жүргізуші:
 Білімнің айдынында жүзіп өткен,
 Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
 Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
 Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «топтық жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. 

Марапаттау.