Ата аналарға кеңестер » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

Ата аналарға кеңестер

Ата-аналар үшін


1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі басқаруға мүмкіндік туғызыңыз.

2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.

3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.

4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз.

5. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз.

6. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін қабылдауын, сезім – түйсігін, қай иісті қалайтын – қаламайтынын, талғам – тұжымын «жөнге саламын» деп әуреге түспеңіз.

Мамандардың (тәрбиешілердің, дәрігерлердің) кеңестеріне оншалықты құлақ аса бермеңіз: олардың жөн сілтеуімен ешкім адам болған емес, болмайды да.

Ешқашан балаңыздың пәк тәніне дақ түсіруге, қол жұмсауға оқталмаңыз. Егер ондай әрекетке қаталдықпен байқамай бара қалсаңыз, дәлірек айтқанда, ұлыңызға немесе қызыңызға қызбалықпен қолыңыз тиіп кетсе, сол сәтте кешірім сұраңыз. Бірақ қателігіңізді айыпты бір нәрсемен өтеу, уәде беру арқылы жуып-шаюға тырыспаңыз. Әрбір ісіңізге жауаптылықпен қараңыз, өзіңіздің дұрыс емес деп тапқан әрекетіңізді енді қайтып қайталамаңыз.

7. Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, бас алып жазалаудың қажеті жоқ, оны сіздің көмегіңізсіз (немесе көмек бергеніңізді елетпей, қалыс қалған болып) өзіңің жөндеуіне мұрсат беріңіз.

8. Баланың миын ашытып ананы да, мынаны да тықпалай берудің қажеті жоқ және оны бәсекелікке үйретпеңіз. Ол өзіне қажетін теледидар көру, оқу арқылы өз-ақ ала алады. Одан да баланы жұртпен қайткенде тіл табысып, қалай сыйласу керектігін өзіңіз үлгі бола отырып үйретіңіз.