28
январь
2025
"Екі заман - додасы" жас мамандар және тәжірибелі ұстаздар арасындағы жарыс
Сыныптан тыс іс-шаралар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Сатбай Мерует, Мұрат Ақбота, Ұлдақан Гұлнұр орта буынды және жас ұстаздармен « Екі заман додасы » тақырыбында сайыс өткізді. Жалпы сайыстың мақсаты орта буын мен жастардың арасындағы байланысты нығайту, өзара тәжірибе алмасу болды. Сайыс 5 кезеңді құрады. Қатысушылар әр замандағы әуендерді, әртүрлі жанрдағы фильмдерді, тұрмыстық заттарды, тұлғаларды тауып, сайысқа түсті. Әр замандағы өздеріне таныс емес болған деректермен танысты. Жалпы сайыс нәтижесі бойынша орта буынды ұстаздар жеңіске жетіп, арнайы орынмен марапатталды.

