педагог-дефектологтың ата-анамен жұмыс жоспары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

педагог-дефектологтың ата-анамен жұмыс жоспары

                                                                                                                            


2023-2024 оқу жылына арнаған педагог- дефектологтың 

 ата-анамен жүргізетін жылдық жұмыс жоспары  



Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:
  • Ата-аналарды ақпараттандыру және оқыту үдерісіне тарту.


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың міндеті:

  • Оқыту үдерісінде кездесетін қиындықтардың себептері мен шешу жолдары бойынша кеңес беру;
  •  Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді араластыру;
  • Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ақпараттандыру.


                                                                                                                 

Жүргізілетін жұмыстар 

Мерзімі 

Жұмыс мазмұны 

1

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу. Бала туралы мағлұмат жинақтау

Қыркүйек

1б- формасы, 2-форма


Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.

3

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына сауалнама жүргізу. Сауалнама нәтижесін қорытындылау 

Қыркүйек

Сауалнама

 1а- форма


Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.

4

Ата-аналарға кеңес беру 

Сұраныс бойынша 

Ата-аналарға кеңес беру журналына тіркеу 

5

 «Арнайы педагог деген кім?»

«Бірінші сынып оқушысының мектепке бейімделуінің психологиялық шарттары»

Қазан 

Анықтама 

6

«Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға машықтандырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кеңес дайындау


Желтоқсан

Ата-аналарға кеңес 


«Оқу техникасы» кітабы

7

«Бастауыш сынып оқушыларының ұсақ қол моторикасын дамыту жолдары» тақырыбында ата-аналарға кеңес даярлау


Қаңтар 

Ата-аналарға кеңес

8

«Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында презентация даярлау 

Ақпан

Презентация

9

«Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру» 

Наурыз 

Анықтама 


Нейрогимнастикалық жаттығулар кешені 

10

Ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытындысы

Мамыр

Анықтама 




Педагог  дефектолог : Г.Б. Салденова