Мектеп дефектологының 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың жылдық рефлексиялық есебі » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп дефектологының 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың жылдық рефлексиялық есебі
31
май
2023

Мектеп дефектологының 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың жылдық рефлексиялық есебі

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






2022-2023 оқу жылындағы

жүргізілген жұмысы

туралы есебі















2022-2023жыл



2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың 

жылдық рефлексиялық есебі


Мектептегі дефектологиялық қызметтің негізгі мақсаты:

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық және сенсорлық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру. 

Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта  құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Арнайы маманның 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.


Ұйымдастырушылық жұмыс

2022-2023 оқу жылында «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын    орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың қараша айынан бастап  арнайы – маман  штаты беріліп   өз   жұмысын бастады.  

     2022-2023 оқу жылының қараша айынан бастап  өз жұмысымды  оқу құралдарымен, методикалық, дидактикалық  көрнекілік  материалдарымен  толықтыру   жұмыстарымен бастадым. Арнайы маманның    жылдық жұмыс жоспары, жеке-түзету   дамыту  жоспары, ата-аналармен  жұмыс жоспарлары, мұғалімдермен жұмыс жоспары  құрылды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.


    2022-2023 оқу жылында  арнайы маман   көмегін қажет ететін, балаларды анықтап, олардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен түсіндіру жұмыстары   жүргізілді.   Жалпы  анықтау барысында арнайы маман көмегін қажет ететін 16   оқушы,  үйден оқитын 5 оқушы тізімге алынды.  

     Арнайы маманның  түзету-дамыту сабағына алынған оқушылар тізімі 

Оқушының аты – жөні 

Туған жылы, айы, күні

Сыныбы

Анықтамасы 

1

Серік Айсұлтан 

16.12.2015

1«Ә»

Оқу үлгерімі төмен

2

Жолдасқызы Мерей 

12.03.2016

1 «Ә»

Оқу үлгерімі төмен

3

Нураханов Ерхан 

23.03.2016

«Ә»

Оқу үлгерімі төмен

4

Турсунов Шадияр 

11.01.2016

1 «Г»

Оқу үлгерімі төмен

5

Нұрбақыт Каусар 

12.06.2016

1 «Г»

Оқу үлгерімі төмен

6

Ақсубай Қазына 

24.02.2016

1 «Г»

Оқу үлгерімі төмен

7

Мукашев Есали 

15.09.2016

1 «Б»

Оқу үлгерімі төмен

8

Маратов Самир 

08.03.2016

1 «Б»

Оқу үлгерімі төмен

9

Нұрбақыт Алихан

09.01.2016

1 «В»

Оқу үлгерімі төмен

10

Ербол Ернат 

05.12.2014

«А»

Оқу үлгерімі төмен

11

Сатыбалды Жантөре 

16.09.2015

2 «А»

Жазу каллиграфиясы нашар

12

Дүйсебеков Нұрлы 

14.02.2015

2 «Ә»

Жазу каллиграфиясы нашар

13

Кибиров Самир

04.03.2015

2 «В»

Оқу үлгерімі төмен, жазу каллиграфиясы нашар

14

Үсен Нұрсұлтан 

13.02.2013

3 «Ә»

Оқу үлгерімі төмен, жазу каллиграфиясы нашар

15

Райымқұл Дархан 

18.05.2013

4 «А»

Оқу үлгерімі төмен

16

Рамазанбек Амантұр 

18.03.2013

4 «А»

Оқу үлгерімі төмен


        Осы аталған балалар  ата-аналарының өтініштерімен  және сынып жетекшілерінің сұранысы бойынша қабылданды. Балалардың жас ерекшеліктеріне  және оқу үлгеріміне  қарай   әр баламен жекелей және топтық   жұмыстар  жүргізілді. Оқу үлгерімі төмен оқушылармен мәтіндік жұмыстар, жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен көркем жазу, көшіріп жазу жұмыстары, математика пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылармен қарапайым есептерден мысалдар шығару жұмыстары жүргізілді. 


Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау 

             Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 5 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары, ата-ана өтініші бойынша     (7-форма)          16  ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы тізімге  алынды.   

          Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.

         Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді. 

         Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).

ОПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде   5 оқушыға жеке оқу бағдарламалары,  әзірленді.

            ОПМПК  қорытындысы бар балалармен  қойылған диагнозы бойынша сабақ кестесі құрылып,  жеке    сабақтар жүргізілді.

Үйден оқитын оқушылар тізімі 

Оқушының аты – жөні 

Туған жылы, айы, күні

Сыныбы

Диагнозы  

1

Жомартқызы Алтын

26.08.2010

4 сынып

ЦП, двойная гемиплегия 

ЗПР

2

Абылхан Бертан 

02.03.2007

9 сынып

Пограничная интеллектуальная недостаточность органического генеза 

3

Байкеева Айшабуби

22.02.2009

7 сынып

Интеллект ниже нормы ОНР III уровня, обусловленное нарушением познавательной деятельности

4

Имиров Халмурат 

06.10.2015

2 сынып

ОНР I – II уровня, обусловленное нарушением интеллектуального развития

5

Жеңіс Дидар 

17.09.2010

6 сынып

Интеллект ниже нормы ФФН речи 





Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау

         Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.

            Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. 


Кеңестік-әдістемелік қызмет

2022-2023 оқу жылында 10 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және  16 ата-анаға  (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқшыларға сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында презентация  көрсетілді. 

         Мектепте өткізілген ата-аналар жиналысында  «Арнайы маманның ата -аналарға кеңесі» тақырыбында баяндама жасалды. 

         Сонымен қатар, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдары», «Ойын арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды.




Өзін-өзі дамыту

01.02.-08.02.2023ж аралығында Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Дефектологтың кәсіби қызметі. Ауыр және күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту» тақырыбында 80 академиялы сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.























Дефектологиялық жұмыс жүйесін қорытынды талдау барысында анықталған проблемалар

SWOT  талдауы

                                                                               


S- күшті жағы



W- әлсіз жағы



- Оқушылардың түзету сабағына қызығушылығы  жоғары болды 

- Мектеп дефектологы  мен оқушы арасында ынтымақтастық  қалыптасты     

- Оқушылар тақырыпқа байланысты берілген жаттығуларды     қызыға  орындап,  тез қабылдады   

- Оқушылардың  деңгейіне байланысты мәтіндік жұмыстар, жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен көркем жазу, көшіріп жазу жұмыстары, математика пәні бойынша  қарапайым есептерден мысалдар шығару арқылы  нәтиже шығарылды. 


- Ата-ана,  сынып жетекшілерімен    тығыз байланыс  орнатылмауы                                                        

-  Кейбір  ата-аналар балаға дұрыс көңіл бөлмеуі 

- Оқушылардың сабаққа уақытылы келмеуі.

-  Берілген тапсырмаларды уақытылы орындамауы



O-мүмкіндіктері 



T-қауіптер



- Мектептің     қоғамдық жұмыстарына қатысуы 

- Үйден оқитын оқушының аудандық іс-шараға белсене араластыру. 

- Оқушылардың ата-аналарымен, сынып жетенкшімен үштік байланыс үзбеу балаларға дейгейлік тапсырмалар орындату арқылы оң нәтижеге жету.

- Әр сыныпқа  вацап желісі арқылы чат ашып ата-анамен жиі байлыныста болу, тапсырмаларды жіберу.



- Баланың медициналық диагнозына байланысты өтілген сабақтарды есте сақтай алмауы

Ата-аналардың үй жағдайында берілген тапсырмаларды баламен орындамауы

- Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша бұрмалап сөйлеуінің қиынға түсуі 

Кей кезде үйге берілген тапсырмалар ата-ананың қадағалауынсыз орындамай келуі.




Оқушылардың даму динамикасы




                       Мектеп директоры                       Қ.Қ. Аскарбек    

                        Арнайы маман                           Г.Б. Салденова