Педагог-логопедтің лауазымдық міндеті » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Педагог-логопедтің лауазымдық міндеті

                                                                                            

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі                                                                                   

1. Жалпы ережелер 

1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек кодексіне, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы»  (ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы) бұйрықтарға сәйкес әзірленген.

1.2. Педагог-логопед қызметке «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшының                      бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады. 

1.3. Педагог-логопед Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің аясында тікелей қолдау қызметінің басшысына бағынады. 

1.4.Педагог-логопед Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді. 

1.5. Педагог-логопед қызметіне «Дефектология» мамандығының «Логопедия» бөлімі бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады. 

1.6. Педагог-логопед өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа алады: 

  • Бала құқықтары туралы конвенция;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;
  • «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы;
  • ҚР «Білім туралы» Заңы; 
  • ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша заңнамасы;
  • жарғысы;
  • «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»           коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің ережелері; 
  • «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»           коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығының бұйрықтары мен үкімдері;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен нормалары;
  • осы лауазымдық нұсқаулық;
  • еңбек шарты.

1.7. Педагог-логопед төмендегі мәселелерді білуі керек: 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңдарды және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік актілерді;
  • «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен жергілікті актілерді;
  • кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар;
  • арнайы педагогика мен арнайы психологияны;
  • дефектологияның анатомиялық-физиологиялық клиникалық негіздерін;
  • баланың сөйлеу тілдік және жүйкелік-психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін;
  •  сөйлеу тілі дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті; 
  • логопедиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді. 

1.8. Педагог-логопедтің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне сәйкес есептеледі. 

1.9. Педагог-логопед «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бекіткен 16 сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте бойынша жұмыс істейді. 

2. Қызметтері 

Педагог-логопедке төмендегі қызметтер жүктеледі: 

2.1. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың сөйлеу тілі және психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алуға, өтеуге және түзетуге бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу. 

2.2. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін, әр түрлі генезді сөйлеу тілдік бұзылыстар мен кемшіліктердің құрылымын анықтау үшін оларды тереңдете тексеру. 

2.3. Оқушылармен сөйлеу тілдік дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мен бұзылған атқарымды өтеу бойынша апробацияланған түзете-дамыту әдістемелерін практикалық пайдалану. 

2.4. Балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың алдын алу және жеңу мақсатында ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға және мамандарға әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру. 

3. Лауазымдық міндеттері 

  Педагог-логопедтің міндеттері:

3.1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

3.2.Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) сабақтар өткізеді;

3.3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

3.4. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

3.5. Басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

3.6. Басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

3.7. Тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

  • түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
  • түзету жұмысын ұйымдастыру барасында педагогтардың және ата-аналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 
  • сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; 
  • «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түзету жұмысы бойынша жобалар мен бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін қажетті ішкі байланыс жүйесін; 
  • оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі; 
  • түзете-дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау;
  • оқушыларды ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын. 

3.10. Әзірлеу және пайдалану: 

  • оқушылардың түзетуге болатын сөйлеу тілінің айтылу, фонематикалық үдерістерінің және лексикалық-грамматикалық бұзылыстарын жоюға бағытталған түзете-дамыту жұмысының (апробацияланған және авторлық) бағдарламасын, сабақтар циклын; 
  • мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын; 
  • мектеп және жанұя жағдайындағы сөйлеу тілдік бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 

3.11. «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы оқушылардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмысын жүргізу.

 3.12. Қатысу: 

  • Қолдау қызметін, психологиялық-педагогикалық  қолдау қызметі отырыстарының жұмысын жоспарлауға; 
  • әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне; 
  • Педагогтар кеңесіне, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарына; 
  • Ата-аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинар практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 

3.13. Оқушылардың сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерін тексеруге және логопедиялық түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 

3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ППҚҚ отырыстары үшін балаларды логопедиялық тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау. 

3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау. 

3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 

4. Құқықтары

 Педагог-логопедтің құқығы: 

4.1. «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға, кәсіптік міндеттерін табысты орындауға қажетті жағдай туғызуды; «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорынан өзінің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету. 

4.2. Мектеп атынан диагностикалық және түзете-дамыту бағытында жұмыс істейтін тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік қатынасқа түсу. 

4.3.Балалардың сөйлеу тілдік дамуларының деңгейін, сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтауға байланысты оқушыларды тексеру. 

4.4. Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау, бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық әдістемелерді әзірлеу және қолдану. 

4.5. Қатысу құқығы:

  • «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағдарламасын әзірлеуге және жоспарлауға; 
  • сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге;
  • Жарғымен белгіленген тәртіпте «Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқаруына; 
  • логопед мұғалімдердің қалалық және облыстық семинарларына, жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 

4.6. Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми және белгілі ғылыми басылымдарда жариялану.

4.7. Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны алу. 

5. Жауапкершілігі

 5.1. Педагог-логопед мына жұмыстарға жауапты болады:

  • тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға; 
  • баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; 
  • түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен денсаулығы үшін;
  • өзінің лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағанына байланысты мектепке зиян келтіруіне; логопедиялық кабинетте болған, материалдық жауапты тұлғаның қолхатымен берілген, материалдық құндылық пен мүліктің сақталуына; 
  • құжаттаманы жүргізу және оны сақтау; 
  • тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын сақтау;
  • баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы нәтижесінің төмендеуі үшін; 
  • оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін. 

Құжаттама 

  1. Жылдық жұмыс жоспары; 
  2. Жұмыс уақытының циклограммасы; 
  3. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды есепке алу журналы;
  4. Сөйлеу карталары;
  5. Жеке дамыту бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, күнделікті сабақ жоспарлары;
  6. Әрбір топқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар; 
  7. Балалардың логопедиялық сабақтарға келуін есепке алатын журнал; 
  8. Балалардың жеке дәптерлері;
  9. Ата-аналармен жұмыс жоспары, мектеп мұғалімдерімен жұмыс жоспары;
  10. Жылдық рефлексиялық есеп; 
  11. Логопедиялық кабинет паспорты. 



Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________ қолы, дата