Педагог-логопедтің жылдық жұмыс жоспары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Педагог-логопедтің жылдық жұмыс жоспары

                                                                                                                                             



2023-2024 оқу жылына арналған 


ПЕДАГОГ-ЛОГОПЕДТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Аты-жөні: Жұманова Салтанат Айдарқызы












Педагог-логопедтің мақсаты: Сөйлеу тілін дамытуға бағытталған педагогикалық қолдауды жүзеге асыру, оқу іс-әрекетіне қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және диагностикалық, дамытушылық, кеңес беру-ағартушылық іс-шаралар арқылы оқушылардың мектеп жағдайында толық және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.    

Педагог-логопедтің міндеттері:

  1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп логопедиялық тексеруден өткізу;
  2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда логопедиялық қолдау көрсету.
  3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау (сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы) бойынша кеңес беру. 



Педагог-логопедтің жұмысының негізгі бағыттары: 

  1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
  2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
  3. Оқушыларға логопедиялық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
  4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
  5. Өзін-өзі дамыту. 








р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

I.Ұйымдастырушылық жұмыс

1.1

Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау




                      

Тамыз 

Қыркүйек 

Педагог-логопед



  1. Диагностикалық және дидактикалық материалдарды жинақтау;
  2. Әдістемелік құралдардың картотекасы;
  3. Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а,б)
  4. Қатысқан сабақтарды талдау формалары;


Жылдық жұмыс жоспары 

Қыркүйек 

Педагог-логопед


Жұмыстың жылдық жоспары


Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтарда құру

Қыркүйек 

Педагог-логопед


Оқушылар тобының тізімі


Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу:

  1. Жұмыс кестесін құру;
  2. Сабақ кестесін құру;
  3. Журнал толтыру: сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу.

Қыркүйек және жыл бойы


Педагог-логопед


  1. Жұмыс кестесі
  2. Сабақ кестесі
  3. Сабақтарға қатысу журналы
  4. Кеңестерді тіркеу журналы


Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу 

Мамыр 

Педагог-логопед


Жылдық рефлексиялық есеп 

IIБілім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды логопедиялық қолдау



Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін логопедиялық зерттеу:

  1. Сабақта бақылау;
  2. Сөйлеу карталарын толықтыру;
  3. Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар;

Қыркүйек

Педагог-логопед

Арнайы педагог

    Педагог-психолог


  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)
  2. Сөйлеу карталары;
  3. Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама;


Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау

Қыркүйек 

    Педагог-логопед

Арнайы педагог

    Педагог-психолог

Оқушылардың мінездемесі (форма 4)


Оқушылармен жұмысты жоспарлау: 

  1. Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламаларын құру (ЖДБ);
  2. Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру;
  3. Жеке және топтық сабақтардың жоспарларын құру;

Қыркүйек


       Педагог-логопед


  1. Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламалары (ЖДБ);


  1. Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру;


  1. Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың жоспарларын құру;



Мұғалімдердің сұранысы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін бағалау

Жыл бойы

Педагог-логопед

  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)


Мектеп мамандарының сабақтары мен сынып сабақтарына қатысу

Жыл бойы

        Педагог-логопед

Хаттама

III. Оқушыларды логопедиялық қолдау және оның тиімділігін бағалау


Жеке және топтық сабақтарды өткізу

Жыл бойы

Педагог-логопед

Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары


Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау

Жыл бойы

 Педагог-логопед

  1. Сабақ барысында оқушыны бақылау хаттамасы (2а,б формасы);


  1. Сабаққа қатысу хаттамасы.

IV.Кеңестік-әдістемелік қызмет


Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қалауы бойынша немесе қажет болған жағдайда)


Педагог-логопед

Кеңесті тіркеу журналы


Мұғалімдерге жеке кеңес беру


Педагог-логопед

Кеңесті тіркеу журналы

V.Өзін-өзі дамыту


Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу

Жыл бойы

Педагог-логопед



Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру

Жыл бойы

Педагог-логопед

Сертификат








Педагог-логопед: Жұманова Салтанат Айдарқызы