Қаңтар айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қаңтар айының жұмыс жоспарының анықтамасы
31
март
2022

Қаңтар айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

  2022 жыл 05 қаңтар каникул күндері кітапханашылары және 4  «Б» сынып жетекшісі Р.Таубаева мен бірлесіп «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Самый читающий класс» атты сынып сағатын өткізді.

Мақсаты: Кітап оқу ой – өрістің кеңейуіне, жан – жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің   мінез – құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектесуге тәрбиелеу.

Кітапханашы: Оқушылар кітап туралы өлеңдерді жатқа оқыды, сұрақтарға жауап берді, кітап туралы мақал  мәтелдердің жалғасын тапты.4 «б» сыныптың оқушылары Н.Мұзапархан,Бахарова Ясмина,Марат Раяна,Сәкен Қырмызы,Ордабаева Ауржан кітапхананың тұрақты оқырмандары өздерін оқыған кітаптары туралы айтып өтті.

Кітапханашы М.Ермеш кітапханаға келген Ақылды қалам арқылы   Даналық әліппесі сериясымен келген кітаптарды таныстырды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М. Ермеш


Анықтама

12 қаңтар 2022 жыл кітапханада қазақтың ардақты ұлы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осыған орай, оқырмандар назарына Димаш Ахметұлына арналған «Заманның заңғар тұлғасы» атты тақырыптық папка жасалды. 

Д.А.Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шетел ордендері мен медальдарының иегері. Д.А.Қонаев жемісті де, ұзақ өмір сүрді. Сонау 1942 жылдан 1986 жылға шейін 44 жыл бойы республикада жоғарғы дәрежелі басшылық қызметте болды. 

Тақырыптық папкада Д.А.Қонаевтың өмірбаяны, қызметі жазылған. Сонымен қатар қазақтың ардақты ұлының ел есінде қалған қанатты сөздері жазылған. 

  1. Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау, үйретуден жалықпау.

2.     Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді. 

3.     Адамға жазаның үлкені – жұмыссыз қалдыру.

4.     Хан кетеді, халық қалады

Халық қалса, тақ қалады.


Кітапханашылар: Түгелбаева Ш.,Ермеш М.












Анықтама

14 қаңтар  2022 жыл   кітапханаға арналған газет, журналдарға картотека жасалды. Картотека  «Егемен Қазақстан», «Жетісу», «Жаркент өңірі», «Жаркент айнасы»,   «Ел-назар» газеттеріне жасалып, реттеліп, болашақта газеттер реттік номері бойынша тігіледі деп жоспарлануда


Кітапханашылар: Түгелбаева Ш.,Ермеш М



Анықтама

  27 қаңтар 2022 жыл мектеп кітапханашылары   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022 – Балалар жылына орай  «Біз бақытты баламыз» атты әдеби кешті 

3 «А» сынып жетекшісі Ж.Агимова мен бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға

түсіндіру. Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға

мейірімді болуға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Кітапханашы: 2022 -Балалар жылы туралы айтып, кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушылар өлең жолдарын жатқа айтып,әндер шырқалды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» атты кітапты оқушылар кезекпен 5 минут дауыстап оқып, түсінгендерін ортаға салды. Кітапханашы М. Ермеш  «Даналық» сериясымен келген көркем  әдебиеттерді, ақылды қаламмен қалай оқылатынын түсіндірді. 

 Балаларға әдеби кеш ұнады. 

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш







.