Сабақты зерттеу » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2023

Сабақты зерттеу

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ                                                                                                                                 2022-2023 оқу жылында                           

Lesson study – бірлескен іс-әрекет жұмысының  талдау есебі.

         Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, 

ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, 

білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.


Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Олай болса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін шығыспен шынайы, батыспен байыпты, түстікпен түсінікті тіл табыса алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті. Аталған оқу жылында біздің мектеп тәжірибені зерттеу мақсатында Lesson study зерттеу сабағын ұйымдастырдық. 

Lesson study зерттеу сабағы - оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенін осы аралықтағы зерттеу жұмыстарының негізінде анықтадық. Осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік. «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабағымыздың  Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық. Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу; Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету. Зерттеу сабағын жүргізу үшін  L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші болды. Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып және 0-срез бойынша төмен білім сапасын көрсеткен сыныптарды зерттеуге алдық. Зерттеуге – 3 «А» сыныбын алдық. Ол сынып білім сапасы жағынан төмен емес тек оқушылар 1 сыныпта онлайн оқу нәтижесінде біраз қиындықтарға тап болған. . Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша қарастырдық. Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімі сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Зерттеуге қатысатын мұғалімдермен, сынып жетекші бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы. Сынып жетекші көмегімен 3«А» сынып оқушыларының айтылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды. Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды. Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың айтылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, мұғалімдер зерттеу сұрағын, зерттеу мақсатын, жоспарын жасап келді.

Зерттеу сұрағы: «Түрткі сұрақтарды қою арқылы оқушыларды айтылым дағдыларына жетелей аламыз ба?»

Зерттеу мақсаты: «Түрткі сұрақтарды тиімді қою арқылы оқу сапасын жақсартуға ықпал ету.» 

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
  • Оқушының оқуы жақсарады.
  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.
  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады. Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. Сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін қарап, өзімізге қажетті ақпараттарды толықтырдық.
  • Зерттеу сабағында пйдаланатын әдіс-тәсілді таңдадық.
  • Зерттеу сабағының әдіс-тәсілі: Балалар философиясы әдісі 

Осы аталған жұмыстарды жүзеге асыру барысында үш лас сабаққа қатыстық, оған қосы жалпы саны 7 отырыс ұйымдастырып, зерттеу сабағының бірінші айналымын жоспарладық.

24.11.2022 жылы  LS зерттеу сабағының 1айналымы өтті.Сабақ жоспарға сай өтті. Әр зерттеуші мұғалім өз зерттейтін оқушыларын жіті бақылап, іс әрекеттерін мұқият жазып алды. Сабақ аяқталғанда зерттелген оқушылардың кері байланысын алу мақсатында  оқушылардан сұхбат алынды. Сабақ аяқталысымен зерттеу тобы сабаққа талдау жүргізді, топ мүшелері бүгінгі зерттелген оқушыларының жетістіктерімен кемшіл тұстарын атап айтты. Мұғалім мен оқушы жетістігі нақты айтылды және нені жақсарту керектігі талқыланып, келесі сабақты жоспарлауға ұсынымдар жазылды.


LS 1-айналымында атқарылған жұмыстың нәтижесін төмендегі суреттермен көрсете аламыз.