Жас мамандар » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2023

Жас мамандар

Жас маман апталығының ашылу салтанаты

 I -Жүргізуші.

Қайырлы күн, әріптестер,  ұстаздар және жас мамандар! «Жарқын болашақ   иесі – бүгінгі жас маман»!» атты жас мамандар апталығының ашылуына  қош келдіңіздер!

II -Жүргізуші.

«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

I -Жүргізуші.

Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
 Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
 Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
 Жанымды толтырады қуанышқа.

II -Жүргізуші.

Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
 
Көш бастар замананың ері емес пе?
 Жатталып кейінгіге хаты қалған,
 Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе,        демекші
осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

І -Жүргізуші:
 Ойында мейірім, ақ тілек,

Жүреді әркез бақ тілеп.

Динара Жумаханқыз  қашанда,

Сыпайы, әрі ақжүрек.

Амербекова Динара Жумаханқыз көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
 Ұстанымы: Ұстаз болу жүректің батылдығы

Тәлімгері: Мукашев Шәріпхан Тұрыскелдіұлы

ІІ -Жүргізуші:
 Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

     Ақерке Ермекқызы қалайды,

      Шәкірттері өзінен де озғанын.

     Қастеева Ақерке Ермекқызы көркем еңбек пәнінің мұғалімі

     Ұстанымы: Үздіксіз білім көтеру жолында жоғарғы кәсіби біліктілкке жету

     Тәлімгері: Рысбаева Гульмира Бейсенбайқызы

     І -Жүргізуші:

     Жеткізеді шетелдің,

     Ағылшын тілін әрдайым.

     Айданадай маманнан

     Шәкірт ұғып алатын.

                    Бектнур Айдана ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

    Ұстанымы «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап»

    Тәлімгері: Джанузакова Сандуғаш Бекдаировна
         ІІ -Жүргізуші:

Бала-шаға отбасымен бақытты,

Күнделікті шәкірттерге асықты.

Орыс тілі маманы- Асель Даулетқызы

Іскерлікпен ісін алға танытты.

Жанабердиева Асель Даулетқызы орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Ұстанымы: Адамдар сенен көмек сұраса, қол ұшын созудан бас тартпа.

Тәлімгері: Абылханова Маржан Абылхановна

I –Жүргізуші:

Елін, жерін сүю үшін шәкірттер,

Болу керек патриот, намысты ер.

Мұғалімдік мамандыққа керек екен,

Нұрбақыт Ануарұлындай, ашық жанды жігіттер.

Нұрбақыт Ануарұлы  дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе- өзіңді-өзің түсіну»

Тәлімгері: Бримкулова Алия Бекбатыровна                      

  ІІ - Жүргізуші:

Бала бидай ауылдың даналары, 

Талай-талай асуларды алар әлі.

Мектептің 1Ә сынып оқушылары,

Бәрі- Айдана Нұржанқызының балалары.

Нургалиева Айдана Нуржанқызы
 Ұстанымы: «Көк жүзіндей алауы, міндет емес ай болу, ең бастысы қалаулы кәсібіне сай болу.»
 Тәлімгері: Қажытаева Айдана Нурланқызы

І -Жүргізуші:
 Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Сабағында жалқаулықты жоятын.

Әрқашанда білгенімен бөлісер, 

Назерке Болатбекқызы жас маман.

Нуркасымова Назерке Болатбекқызы математика пәнінің мұғалімі.

Ұстанымы «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

Тәлімгері: Нургалиева Сандуғаш Ауелхановна

ІІ -Жүргізуші:

Мектепке асығып келеді,
 Ағылшын тілінен береді.
 Білім беріп балаға, 

Сусындатып жүреді

Батырғали Гульзат Батыргалиқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Ұстанымы: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Тәлімгері: Нұртай Гаухар

І -Жүргізуші:

Білім, өнер бәріне бар талабы

Әрқашанда ашық жарқын қабағы

Гульзия Болатбекқызының жүзі

Мәңгі,мәңгі, мәңгі есте қалады

Салденова Гульзия Болатбекқызы педагог дефектолог
 Ұстанымы: «Сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу»
 Тәлімгері: Каскарауова Кенжегул Муамеровна

  ІІ - Жүргізуші:

  Дұрыс сөйлеуге баулытып,

  Ана тілді сүйгізген.

  Мөлдір Мелеуқызы гүліміз,

  Танысыңыз, біліңіз.

  Мелеупова Мөлдір Мелеуповна

  Ұстанымы: «Қандай жағдай болмасын, адамдық қасиетін жоғалтпау»

  Тәлімгері: Абулкасынова Кулбархан Нурбайовна

     І -Жүргізуші:

   Сабырлы, әрі салмақты 

   Өзі сондай байсалды.

   Бүлдіршіндердің ұстазы

   Меруерт Мухаметжанқызы.

      Сатбай Меруерт Мухаметжанқызы. 

Ұстанымы «Білсе білім күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге»

Тәлімгері: Бегжанова Гулбархан Жалелқызы

ІІ -Жүргізуші:
 Ақырын жүріп, келесің аяңменен

Жұмысыңыз үнемі баламенен.

Компьютермен жұмысы әрқашанда,

Информатика ұстазы бала білген.

Джумабаева Тоғжан Джолданқызы информатика пәні мұғалімі

Тәлімгері: Оразбаева Жанар Зейнелқызы

    Ұстанымы «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын бар          

     ынтасымен атқара білуі қажет»

І -Жүргізуші:

Ұстаз деген қадірлі атқа лайық,

Ұлы жанды құрметтер бар халайық.

Шақырамыз ізетпенен ортамызға,

Педагог ассистентті қарсы алайық.

Ұлдақан Гульнур Бақытқызы педагог ассистент.

Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ»

ІІ -Жүргізуші:

Есептерді еткен өн бойына,

Жеті өнерді жинаған өз бойына.

Сабырлы да, салмақты Әділғазы Асхатұлы,

Шығады әлі талай биік шыңға.

Әділғазы Асхатұлы математика пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Тек қана алға!»

Тәлімгері: Тезекбаева Назира Сакеновна
 І -Жүргізуші:
 Тарих пәнін үйретуге талпынған 

Ермеш Меруерт деген жас маман!

Ермеш Меруерт тарих пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Баланы үйрете жүріп, өзім де үйренемін»

Тәлімгері: Укисбасова Мақпал Искакбековна 

Жүргізуші

Тарих деген түп қазығым, тамырым,

Тамырымды білу менің парызым

Тарих пәнінің мұғалімі    Аманова  Айнұр

Ұстанымы: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі   Тәлімгері: Онгарбаева Роза Дуйсенгалиевна

ІІ -Жүргізуші:
 «Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған онкүндіктің сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ тілегімен ортаға 

_______________________________________________________шақырамыз.
 І -Жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас,

     Еңбегің кетпес далаға.

     Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға. 

Ән: Жас мамандар әні.

Ант

Құрметті жас мамандар!

Қоғамымыздың ертеңгі айнасы болар жас ұрпақты тәрбиелеу үшін МҰҒАЛІМ қандай болмақ! Осы мақсатта алдарыңызда отырған барлық ұжымдастарыңызға, мектеп әкімшілігіне қандай уәде бересіздер?!

Ант беру рәсіміне кезек берейік

1. Өз орнымды үнемі есте сақтауға;

2. Ұжымдастар арасында сыйластықты жоғары қоюға;

3. Сабақты сапалы өткізуге;

4. Білікті мамандардың сабағына қатысуға;

5. Жан жағыма шуағымды шашып, үнемі күліп жүруге;

6. Қоғамдық жұмыстарға ат салысуға;

7. Сабақ үдерісінде жаңа технология элементтерін тиімді пайдалануға;

8. Іс тәжірибе алмасуға;

9. Ата аналармен жақсы қарым қатыста болуға;

10. Сабақты түрлендіріп өтуге;

11. Білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуге;

12. Адал қызмет жасауға;

13. Бұлақ көзін ашуға;

14. Үнемі белсенді болып жүруге;

15. Балаға қатты сөйлемеуге;

16. Жауапкершілікті сезінуге

Ант етемін

Ант етемін

Ант етемін

Арыстандай айбатты,
 Жолбарыстай қайратты,
 Қырандай күшті қанатты,
 Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді сіздер. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, осынау қоғам алдындағы, аса маңызды бұл қызметте мәртебелеріңіз үстем болсын жас мамандар! 

Бағдарламамен таныстыру.

Ал, олай болса жас мамандарға сәт сапар! Жетер жетістіктеріңіз көп болғай!

 Директордың оқу- әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тезекбаева Назира Сәкенқызына сөз береміз!