ата аналарға психологиялық кеңес » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2022

ата аналарға психологиялық кеңес

Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ – ға дайындауда ата – аналарға кеңес.
1. Балаңыздың ҰБТ – ға барар алдындағы алдын – ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл – кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ – ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл – күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс – жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.